“Жетістікке бес қадам” ҰБТ дайындық кезенінде жүргізілетін психологиялық тренинг
2015 жылдың 6 қараша күні Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М.Ломоносов атындағы орта мектебінде А.С.Пушкин орта мектеп , Ы.Айттыков орта 11 «А» сынып жетекшілері мен мектеп психологтары қатысуымен «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында ҰБТ тапсырушы түлектерінің ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттыру.
Барлығы 8 ата-ана қатысты. Жиналыс жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуге өткізілді. М.Ломоносов атындағы орта мектеп психологы Молжигитова Асель Дуйсенбиновна ата-аналармен танысу барысында «Менің есімі және қасиетім» атты тренинг өткізді.
Ата-аналар жиналысының қатысушылары үшін мектеп психологтары тақырыптық бейнероликтер, А.С.Пушкин орта мектеп психологы Куниязова Назигуль Чайковна оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ – ға дайындауда ата – аналарға кеңестер мен ұсыныстар жазылған жаднымалар ұсынды.
Жиналыс барысында педагог-психолог мамандары ата-аналармен оқушылардың ҰБТ алдындағы қорқыныш сезімдерін азайту және сенімділіктерін арттыру мақсатында ойын жаттығуларын жүргізіп, өз іс-тәжірибелерімен алмасты.
Жетістікке бес қадам ҰБТ дайындық кезіндегі псих ологиялық тренинг.docx
