Арнаулы пән
Сабақтың тақырыбы:Қызметтік хаттар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды сабақта қызметік хаттарды безендірудің жалпы ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық:шығармашылық қабілетін ояту
Тәрбиелік:Еңбекқорлыққа дамыту
Көрнекілігі: оқулықтар
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Өткен сабақты қайталау .
Ақпаратты тексерудің түрлерін айт
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызметтік хаттарды безендірудің жалпы ережелері.
Әдетте хаттар баспада дайындалған арнайы бланкаларда жазылады. Бланк форматы – А4. 210-297 мм.
Қазіргі кезде хаттарды машинкамен басудан гөрі, компьютерлік техника қолдану белең алды. Қызметтік хаттарды басып шығару технологиясы өзгергенімен, оларды жазу әдісі, безендірілуі, хат мазмұнын беру тәсілдері ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрден өзгерген жоқ. Олардың негізіне тоқталып өтейік.
- Машинкада немесе компьютерде басып шығарылған хат тексі қолжазбадағы нұсқасымен болуы керек.
- Құжат қатесіз болуы керек.
- Қызметтік хаттың стилі ресми әрі түсінікті болуы керек. Құжат дайындалып болып оны қайталап оқып шығу барысында стилистикалық қателерді жөндеп редакцияланады.
- Текст оңай оқылатындай болуы үшін ол бояуы қалың, үлкендеу шрифтімен басылуы керек. Бөлімдердің арасында қалдырылатын бос орын аса қажет жағдайда: кіріспе, негізгі, қортынды бөліктерді көрсету үшін т.б. аса керекті кезде ғана қалдырылуы керек. Мұндай бір қарағанда уақ-түйек көрінетін нәрселер хатты оқыған кезде оның мазмұнын тез әрі терең түсінуге көмектеседі.
- Қызметтік хат жазғанда оның қағазына да көңіл бөлінуі керек.Тап-таза бүгілмеген сызылмаған, аппақ қағазға жазылған хат,әрине сіз туралы жақсы әсер қалдырады.
- Қызметтік хаттарға қол қою үшін шарикті қалам емес, сиялы қалам пайдалану керек.Бланкіде көрсетілген барлық қызметтік информация:тіркеу нөмері дата т.б. арнайы штамппен қойылуы немесе машинкамен басылуы керек.Бұлардың ешқайсысы болмаған жағдайда ғана қолмен жазылады.
І. Қызметтік хаттың құрылымы
1.Тақырыбы
2.Датасы
3.Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адрестатың аты-жөні.
- Кіріспе сөз
-
Хаттың жалпы мазмұны
-
Негізгі мәтін
7.Хатты аяқтай келе айтылытын сыпайгершілік сақтау сөздері
8.Жіберушінің қолы
- Қосымша берілетін болса оған сілтеме
10.Қосымша
11.Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет
- Постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін «P.S» таңбаларын қойып тұрып,одан кейін жазылған сөздер)
Тақырып
М: «Сізден 2010 жылы 15 қыркүйекте келіп түскен шығу номері 1007 –хатқа орай»
Мерзімі :Хат жазылған ай жазбаша түрде көрсетіледі
3.Хат алушы мекеменің аты мен мекен-жайы
- Кіріспе сөз
Кіріспе сөз мекеме, ұйымға да, ұйым басшысына жеке де қаратпа айтыла береді. Кіріспе сөз азат жолдан бастап жазылады.
М: «Құрметті мырзалар»
«Құрметті М.С. Болатов мырза!»
- Хаттың жалпы мазмұн, мақсатына нұсқау
Бұл кіріспе сөзден кейін бір интервал жіберіп барып қағаздың оң жақ шетіне жеке жолға жазылады.М: «Қысқы сессияның қорытындысы жайлы», « №17 тапсырысың орындалуы жайлы» т.б
- Негізі мәтін Қызметтік хаттың түрлері көп. Ұсыныс, Сұраныс, Жолдама хаттар
- Хатты жазбас бұрын мына жағдайларды ескеру керек.
- Хатты аяқтай келе айтылытын сыпайгершілік сақтау сөздері.М: «Сау болыңыз»
- Жіберушінің қолы
М: №17 кәсіптік лицей директоры : ———– Темиржанов Б.Т
- Қосымшаға сілтеме
- Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет
Парақтың сол жағынан ұсақ қаріппен жазылады. Бұл мәліметке:
“Орындаушы ” немесе “Құжатты дайындаушы ” деген сөз.
Құжатты дайындаушының аты-жөні.
Жұмыс телефоны.
Құжат дайындалған дата көрсетіледі.
Мысалы: “Орындаушы Бердібекова А.С.
Жұмыс телефоны: 53-30-42.
1999 жылғы желтоқсанның 3-і ” немесе
“Құжатты дайындаған
Оспанов С.Д.
Телефоны 47-30-31.
11.01.98.”
Оқушыларды бағалау
- 7. Ү. Үйге тапсырма 123-125 бет.
