Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
№7 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Жаимова Мирамкул Сагнаевна
7 «б» сыныбы. Физика
Сабақтың тақырыбы: § 34. Деформация. § 35. Гук заңы
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға деформация, оның пайда болуы, түрлері туралы түсінікберу.Гук заңымен таныстырып, формуласын қорыту, есептер шығарудақолдану. ә) дамытушылық: Оқушылардың физикалық ойлауын, белсенділігін арттыру, пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру. б) тәрбиелік: Білімін практикада қолдана білу білігін қалыптастыру, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндірме – илюстрация, демонстрация, сұрақ – жауап әдісі, дамыты оқыту әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, жасалған слайдтар, штатив, серіппе, жүктер,сым, пласталин.
Пәнаралық байланыс: математика, еңбек, денешынықтыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. ( оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау)
I I. а) Үй тапсырмасын тексеру.
§ 33. Күш.
б) Оқушылардың жалпы түсінігін бақылау.
« Бәріміз біріміз үшін»
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап алу.
1-ші ұяшық. Күш дегеніміз не? Күштің өлшем бірлігі қандай?
2-ші ұяшық. Болат шар мен ойын добы бір – бірімен соқтығысқаннан кейін қайсысыжылдам қозғалады? (Ойын добы жылдам қозғалады.Себебі, массасы аз)
3-ші ұяшық. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан машинаның алдын неліктен кесіп өтуге болмайды? (тежегіш басса да υ сақтап қалуға тырысады,инерция)
4-ші ұяшық Массасы 100г және 1 кг екі дене соқтығысқаннан кейін қайсысының υ артады? (100 г дененің жылдамдығы артады)
5-ші ұяшық. Өтілген шамаларды ата.
6-шы ұяшық. 2,5 т –да қанша килограмм бар?
в) «Формуланы сәйкестендір»
Тығыздық |
F |
|
М |
|
m= V ρ |
|
Масса |
V |
|
Н |
|
V = m / ρ |
|
Жылдамдық |
M |
|
Кг/м |
|
υ= S /t |
|
Көлем |
ρ |
|
Кг |
|
ρ= m / V |
|
күш |
υ |
|
м/с |
|
F= kx |
|
III. Жаңа сабақ.
Нені білуі тиіс:
— Деформацияның пайда болуын жолын
— Деформация түрлерін,оларға мысал келтіре білу
— Гук заңын, формуласын пайдаланып есептер шығара білу
— Тұрмыстағы деформацияның пайдасы мен зияны
Жаңа сабаққа арналған электронды оқулық материалдарын және әр түрлі слайдтарды пайдалана отырып тақырыпты түсіндіру.
Тірек сызба
|
пластикалық |
|
серпінді |
Күш әрекеті тоқтаған соң, бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, плстикалық деформация деп аталады. |
|
Күш әрекеті тоқтаған соң бастапқы қалпына қайтып келсе серпінді деформация деп аталады. |
Мысалы: пласталиннен жасалған денелер, майысқан сымдар, саздан жасалған әр түрлі денелер, т.б. |
|
Мысалы: допты тепкенде, серіппені созғанда немесе жиырғанда, ауа шарын үргенде, т.б. |
Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал, яғни F=kx.
Мұндағы F — түсірілген сыртқы күш, x = ℓ-ℓ — дененің созылу шамасы.
Бұл заңды 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук ашқан, сондықтан Гук заңы деп аталады. K – қатаңдық, өлшем бірлігі — Н/м. Гук заңы серпімді денелер үшін ғана қолданылады.
IV. Бекіту сұрақтары:
![]() |
![]() |
|
а) Деформация деген не?
б) Түрлері қандай?
в) Серпімділік күші деген не? Бағыты қандай?
г) Платикалық және серпінді деформацияға мысал келтір.
д) Гук заңы деген не? Формуласы қандай?
V. « Ойлан, тап»
Жаңа сабақ бойынша есеп шығару.Интерактивтік тақтаға есептер беріледі.
1-ші есеп.
Қатаңдығы 100 Н /м –ге тең сымды 1см –ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек? ( 1 Н)
2-ші есеп.
Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м –ге тең қармақ бауы қаншаға созылады? (0,004 м)
VI. Кітаппен жұмыс. 13- жаттығу №1
Берілгені: Шешуі:
К= 7,2*10 Н / м F = кх
F= 10 кН = 10000 Н х = F /к
Т/к: х-? Х = 10000Н / 7,2*10 Н/м = 1388,9*10 = 0,14см.
№2
Берілгені: Шешуі:
F = 245 Н F = кх
ℓ = 35мм = 0,035м к = F/х
Т /к: к-? К = 245Н / 0,035м = 7000 Н /м
VII Оқушыларды бағалау.
VIII Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру. § 34, 35
IX Сабақты аяқтау.