Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті
№5 кәсіптік лицейдің математика пәнінің мұғалімі
Қараев Дархан Жылқайдарұлы
Тақырыбы: Интеллектуалды олимпиада
Презентация жүктеп алу: Интеллектуалды олимпиада (PDF)
А) Білімділік мақсаты: Білім алушылардың математика пәнінен алған білімдерін тереңдету,жылдам есептей білуге,шапшаң ойлана білуге дағдыландыру.
Ә) Дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына,танымдық қабілеттерін арттыруға жағдай жасау,өзіндік ізденуге дамыту.
Б) Тәрбиелік мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның адамгершілік,рухани,интелектілік қабілеттерін тәрбиелеу,өмірлік бағытын,ұстанымын қалыптастыру
Әдісі: Топаралық жарыс
Көрнекілігі: Презентация,сұрақтар,жауаптар нұсқалары,бағалау парақтары
Барысы:
1-Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,қадірлі қонақтар және білімге құштар жас өрендер.
2-Бүгінгі «Интеллектуалды олимпиада» ойынына қош келдіңіздер.
Лицейімізде өтіп жатқан «Жаратылыс,Құбылыс,Ақпарат…Математика заңдылығына бағынады» атты онкүндіктің жоспарына сәйкес өткелі тұрған бүгінгі құштарлығыбасым студенттерді іздене білуге,білімнің қыр сырын меңгеруге ұмтылыс жасауға,өзнің интеллектілік рухани байлығын байытуға тәрбиелеу.
Ойынымыздың алдында білім саысына арнайы шақырылған қонақтарымызбен эксперттерімізбен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы білім » деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан Әл Бируни. Ендеше білімдерін ортаға салар «Тепловоз машинисінің көмекшісі» топтарынан құралған ЛМК тобын ортаға шақырамыз
1.Самалов Жасұлан
2.Наурызбаев Асылбек
3.Алмас Алмат
4.Смағұл Жасұлан
Келесі қатысушы «СЦБ» тобын қарсы алыңыздар.
1.Нәбиев Жұмабек
2.Нәбиев Арыстанбек
3.Әли Айгүл
4.Қаналиева Жайнагүл
Сонымен бірінші турымызды бастаймыз
I тур сұрақтары «»
Бірінші топтың сұрақтары:
- Айырмашылығы тек таңбаларына болатын сандар (қарама қарсы)
- О ден үлкен сандар (оң сандар)
- Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)
- кімнің теоремасы (Пифагор)
- неге тең (1-ге тең)
- Геометрияның кеңістіктегі зерттелеін бөлімі (стереометрия)
- Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең.
- Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)
- Квадратық функцияның графигі (парабола)
- Берілген шаманың бөлігі (процент)
Екінші топтың сұрақтары:
- қандай теңдеу (квадрат)
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
- Кері сандардың көбейтіндісі неге тең (бірге)
- Синустың графигі қалай аталады (синусоида)
- Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал)
- Перпендикуляр түзулердің арасындағы бұрыш неге тең (90 градус)
- Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді (ноль)
- Π дің мәні неге тең (3,14)
- Геометрия сөзінің мағынасы (жер өлшеу)
- О осі қалай аталады (ордината)
II тур сұрақтары (логикалық сұрақтар)
- Таразының бір басында көлемдері бірдей алты алма мен көлемдері бірдей үш алмұрт ,екінші басында да дәл осындай үш алма мен бес алмұрт бар.Таразы басы тең тұр.Алма жеңіл ме ,алмұрт жеңіл ме? Жауабы:Анықтау үшін таразының екі басынан үш үштен алма,үш үштен алмұртты алып тастаймыз.Сонда тең тұрған таразының бір басында үш алма,ал екінші басында екі алмұрт қалады.Сондықтан алмұртқа қарағанда алма жеңіл болғаны.
2. 100 г кіртастың көмегімен үш ақ рет өлшеп 700 г күрішті қалай алуға болады? Жауабы: а) 100 г кіртастың көмегімен 100 г күрішті өлшеп аламыз.ә)Осы күріш пен кіртастың көмегімен,яғни таразының бір басына салып 200 г күріш өлшеп аламыз.Сонда барлығы 300 г күріш болады.б) 100 г кіртас пен 300 г күріштің көмегімен 400 г күріш өлшеп аламыз.Сонда барлығы 700 г күріш болды.
3. Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың.Бірақ сенде кілең үш теңгеліктер,ал сатушыда кілең бес теңгеліктер бар.Тұғырықтан қалай шығуға болады? Жауабы: ( 3 теңгеліктен 24 теңге берсен, 5 теңге қайтарады).
4. Ағаш басында 7 шымшық отыр. Оған тағы бесеуі қосылды. Бір кезде ұры мысық келіп, біреуін үстап жеп қойды. Сонда қанша шымшық қалды? (жауабы: ешқандай).
5. 63 метрлік бөренені жарты метрден арамен неше бөлікке бөледі? (жауабы: 300 бөлікке)
6.Екі кісі өзен жағасына бір уақытта келді.Екеуі де қарсы бетке өтуі керек.Жағада бір адамдық ғана қайық бар.Осыған қарамастан екеуі де қарсы бетке өтеді,қалай? Жауабы: екі адам екі жағадан келген.
7.Бір кісі үйге кірді,ол үйде май шам мен керосин лампасы тұр.Ол нені бірінші жағады? Жауабы: шырпыны
8. Торда бес құс бар еді.Бес оқушы оларды біреуден таратып алды.Сонда торда бір құс қалды,қалай? Жауабы: Бір оқушы торымен алды
IIІ тур сұрақтары
- «Ұлы тұлғалар галереясы» (бейне сұрақ ). Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Ұлы тұлға- бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен. Яғни «біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт- береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса құл боламыз деп тумайды, атадан қыз туса күң боламыз деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып қойып отыра алмайтын елміз»деген екен. Бұл ұлы адам кім? (жауабы: Қазыбек би)
- Бейне сұрақ.
Алдарыңыздағы тарихи мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын түрлі 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан? (жауабы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі)
- Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болса да олардың сыртқы келбеті,түр түсі,шашы,көзінің түстері,бас сүйегі мен бет пішіні,нәсілдері бір бірінен өзгеше болып жаратылған.Оның себебі неде? Жауабы: табиғат ерекшеліктеріне байланысты
- Сырдария өңіріндегі Қарашоқы жерінде дүниеге келген.Жетпіс тіл біліп,жүз елуден астам кітап жазған,логикамен,математикамен,педагогикамен, психологиямен,тіл білімімен,физикамен, қолөнермен,ботаникамен,зоологиямен географиямен айналысқан шығыстың бірінші философы,ғұлама адам кім? Жауабы: Әл Фараби (870-950ж.ж.)
- Мына суретте бейнеленген құрылыс ғимараты б.з.б. 2005 ж.ж. Мысыр елінде салынған.Бұл ғимараттардың кейбіреулерін салуға жүз жиырма мың жұмысшы жұмылдырып әрбір тастың салмағы 2,5 тоннаға дейін тартады. Бұл ғимараттар қалай аталады және оның әлемдегі алатын орны қандай? Жауабы: пирамида,жеті кереметтің бірі
- Ұлы Әмір Темірдің ұрпағы,Сырдария мен Амударияның арасында орналасқан ірі Мавераннахр мемлекетіне 1409 жылдан бастап әмірші болған.Сондағы Самархан қаласында үлкен обсерватория салдырған, «Білім алу әрбір мұсылманның басты парызы» деген,өзбек халқының ұлы астрономы және математигі кім? (Ұлықбек Мұхаммед Тарағай)
IV тур сұрақтары
- Сауыр сауыр құм етегін жайлаған ауылдың Қали есімді аңшы жігітті қыс бойы қоян, түлкі, елік аулап, әр жолы олжалы оралып жүреді. Ол аңнан қайтқан кезде ауылдастары алдынан шығып, шыралғы сұраудағы дағды етіп алады. «Батырдан олжа, аңшыдан шыралғы» сұрау салтын қатаң сұрау салтын қатаң сақтайтын жігіт мырзалығымен сыйлы да, сипатты болады. Қалың қарлы күнгі кешкілікте ол үйіне оралды. Алдына шығып, атын ұстаған әке қанжығадағы қояндарды көріп, азырқанып қалады.Балаым, бүгін тазыңның аузы салымды ғой, дейді. Онда жол жөнекей шыралғыны көп берген екенсің.Әуелгі сұрағанға әр жетінің бірін, одан киінгісіне қалған қояндардың әр алтысының бірін, одан кейінгіге әр төрттің бірін бірін беріп келдім…Әке қанжығадағы үш қоянды шешіп алып сәл ойланып қалады
Барлығы қанша қоян ұсталғанын, төрт адамға шыралғы бергеніңді енді білдім, балам.
Аңшы жігіт қанша қоян ұстаған, оның қаншасын шыралғыға берген?
Жауабы: Аңшы жігіт 4 адамның әрқайсысына 1қояннан шыралғы берген. Барлық ұстағаны 7 қоян, одан шыралғыға бергені 4 қоян.
2. Бір аңшы қартайған шағында қақпанын баласына тапсырады.
Мына үш қақпан мені қырық жыл асырады, дейді ол ұлына.
Бұл үшеуі сенің балаңның баласына да аш қалдырмайды.
Жарайды, көке, деп бала үш қақпанды, сонша темір қазықты, әрқайсысы бір құлаш келетін шынжырды қабылдап алады.
Бала тұтасқан қалың шеңгелдің ішіне қақпадарын құрып, бетін шөп шаламмен жауып қайтып келеді. Келесі күні таңертең үш қақпанның біреуіне ғана өоян түседі. Оны алады да, қақпандарды қайтып құрып кетеді.
Екі күнде әкелгенін екі қоян, жерден жеті қоян тапқандай қуанасың, балам …, дейді әке бала тіршілігіне көңілі толмай.
Қалайша, көке, бір қақпанға екі қоян түссе де жеті қоян болмайды ғой, дейді бала әке сөзіне таңданып.
Әкесі сол күнгі түнде қақпанды өзі құрып, жиырма бір қоян ұстап әкеледі. Бала қоян санын үш қақпанға бөліп, «әрқайсысына жеті қояннан түскеніне» қайран қалады.
Олай емес… Екінші қақпанға бірінші қақпаннан 2 қоян көп, ал үшіншісне қарағанда 2 қоян кем түсті, дейді әкесі.
«Қай қақпанға қанша қоян түсті екен?» деп бала ойланып қалыпты.
Жауабы: Бірінші қақпанға – 5 қоян, екіншісіне – 7қоян, үшіншісіне – 9 қоян түскен
3.Тәттібек дейтін кісі меймандос адам екен. Бір күні оның үйіне бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қабылдап, төріне шығарады. Дастарқан жайылады. Шайдан кейін қазанға ет салынады.
Тамақ пісіп, табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын көзбен шолып шығады да,сәл ойланып қалады. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп:
Екеу ара бір табақ тартсақ, онда бір табақ ет жетпей қалады, үшеуі ара бір табақ қойсақ ет артылып қалады, енді не істесек екен?
Бұл үйдің меймандары қанша, үйде бар табақ саны қанша?
Жауабы: Адам саны – 12, табақ саны — 5
4.Ертеде кедейшілікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты.Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып,ұрылар келеді.
Кемпір: Ә,бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен,мен бұларды алдайын деп ойлайды.Сөйтіп бір шелек суды сапырып отырып,мынадай өлең айтады:
Суырып суырып Сарманға бер
Құйып құйып Құрманға бер
Есіктегі екеуге бер
Өзің іште маған бер деген екен
Мұны естіген ұрылар: Қой мұнымыз жарамас,бұл үй толы кісілер екен, әрі біреуі бізден артық екен,кетейік деп кетіп қалады.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылайша қорқытыпты. Сонда үйдегі адам саны нешеу,ұрылар нешеу болғаны? (алты адам,бес ұры)
Сайысты қортындылау мақсатында эксперттерге сөз берелік. Осымен кешімізді аяқтаймыз.Жеңісті күндерде жүдескенше сау саламатта болыңыздар!