"45minut - Vox populi", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ"

Қарағанды облысы, Сарышаған кентінің ЖООБ мектебі

Қарағанды облысы, Сарышаған кентінің ЖООБ мектебінің директоры Гульнара Батырғалиқызы Мусаева

Қарағанды облысы, Сарышаған кентінің ЖООБ
мектебінің директоры Гульнара Батырғалиқызы Мусаева

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымы мен алда тұрған басты тұрған міндеттерді айқындайтын негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға мүкіндік беретін, білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін дәстүрлі тамыз кеңесі.

Елбасымыз қай жолдауында болмасын,ең негізгі фактор ретінде адам өміріне оның ден саулығына білім алуына,әлеуметтік қолдауға ие болуына баса назар аударып келеді.Биылғы жылғы жолдауында 100 нақты қадамды анықтап талқылаған кезеңде Қазқстандағы білім және білім саласын одан әрі дамыту бойынша президентіміз міндеттерді аттап көрсетті. Кезең-кезеңмен көшу аясында жаңа мектепке жаңа форматты мұғалім даярланып келу керек.

1— 12 жылдыққа кезең-кезеңмен көшу

2- Мектептерді қаржыландыру

3 –Педагогтарға білім беруді жаңғырту

1.Осы бағдарлама бойынша аудан орталығының ірі мектептерінің бірі Сарышаған кентінде орналасқандықтан, бір мектеп салынуына бір неше жыл бойы сұраныс білдіреміз.

2.Аталған мектепте 85 мұғалім қызмет атқарады.Педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында жаңа форматты «Өрлеу» бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан білімін дәлелдеп казіргі күнде 20 мұғалім серттификаттқа ие болып жұмыс істеуде.Бұл деңгейіміз елбасымыздың берген тапсырмасын орындауда зор міндетіміз бар екенін көрсетеді.

Оның ішінде І деңгей бойынша -3,ІІ –деңгей -2,ІІІ-деңгей -15 ұстаз.

Сертификатталған ұстаздарымыз өз ұжымында және оқушыларға,ата-аналарға жаңа технолгияларды қолдану сәттерінде.

Мектеп ұжымының 70 пайызы жастар.Оның ішінде мектептің 50 пайызы өзіміздің түлектеріміз.

Жас маманды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан аудандық бюджеттен «Дипломен ауылға» бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бастап көтерме ақы және тұрғын үймен 17 жас маманға көмек көрсетілді.

Биылғы жылға өз түлектерімізден 3 жас маман жұмысқа қабылданып отыр.Сонымен қоса отбасылық әлеуметтік жағдайларына қарап 2 маман иесі жұмыспен қамтылды.

Білім саласында бүгінгі күн алдында жаңа талап қойып,білім беру жүйесін жаңарту шарттарын ұстанып,жаңаша ізденістермен жұмыс атқарып келе жатқан жас ұстаздарымызды мақтан тұтамыз.

Облыс кезеңінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Омарбекова Айдана Жанқазықызы «Дарынды балаға –талантты ұстаз»байқауында бас жүлдеге ие болып, Петропавл қалсында өткен халықаралық сайыстан жүлделі орынға ие болды.

Жыл сайын оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру,ғылымға деген қызығуын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жаңа серпілістер байқалды.

Ақтоғай ауданы Республикалық олимпиаданың ІІ облыстық кезеңінде І орынға ие болуына, біздің мектебіміздің ұстаздары үлес қосуда.Өткен оқу жылында 3 оқушымыз жеңімпаз атанды.

2014-2015 оқу жылында ҰБТ қортындысы бойынша бір оқушымыз Күлмағанбетова Айгерім «Алтын белгі»иегрі атанды. Өкінішке орай екі «үздік аттестат» үміткері ақталмады. Бірақ осы екі оқушының бірі Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факултетінің грант иегері атанды.

Дегенмен маусым айында ҰБТ қорытындысы бойынша білім сапасына көптеген сындар айтылды.

Тәрбие жұмысында білім беруді жаңарту оқушылардың патриотизмін,мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келсіммен төзімділігін,физикалық және рухани дамуын заңды құрметтеуін,мектеп ұжымы қалыптастыруына бағыттайды.

Ішкі істер басқармасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінде 2014-2015 оқу жылында қылмыс жасаған оқушылар жоқ. Айып пұлға тартылған ата-аналар тіркелмеген. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп қоғам,ауыл азаматары,зейнеткер ұсатаздар педагогтар бірлесе отырып, «Біз қылмысқа қарсымыз»атты акция жүргізіп оқушылар арасында үгіт насихаттау жұмыстары атқарылды.

Бірақ, аудан бойынша біз бірнеше жыл арнайы жеке мектеп инспекторына сұраныс беріп отырмыз.Бұл мәселе әлі толық шешімін таппады .

Ел басымыздың тапсырмасы бойынша «Салауатты өмір салтын» қолдау мақсатында Қазақстанымыздың жас-өспірім жеткіншектерінің дұрыс тәрбиеге бағытталуында, спорттық кешендердің жетіспеушіліктері қиындық туғызады.

Мектебіміздің екі спортзалы мен кіші футбол алаңында барынша үйірме жұмыстары жүргізілуде.

Тәрбие үш нәрсені қажет етеді- ол имандылық,білім,тәжірибе екенін ескере отырып қиында қызықты жұмысымыздан тәуелсіз еліміздің жарқын ертеңіміздің рухы биік,саналы, білімді азаматтар тәрбиелей берейік.

Құрметті әріптестер! Қиында қызықты еңбектеріңізде шығармашылық табыс тілеймін!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.