Арнаулы пән
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздарының стилі.
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды қызметтік құжаттарды, хаттарды
жазарда есте болатын кейбір жағдайлармен таныстыру.
Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру
Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, ұқыпшылықққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақты қайталау
- Алқалық ұйым хаттамасы.
- Хаттамаға кімдер қол қояды?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
- Қызметтік құжаттарды хаттарды жазарда естеболатын кейбір жағдайлар.
- Ескерту мәнін беру үшін қолданылатын құрылымдар.
- Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар.
- Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздарын жазу жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Қызметтік құжаттар бейтарап қалыппен, ресми түрде жазылу керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.
Адресаттың сізден қызмет дәрежесінің төмен я жоғарылығына
қарамастан «тез арада орындаңыз» «кідіртпей жауабын хабарлаңыз»
деген сөйлемдерді қолданғандарыңыз жөн.
Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек.
Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылу керек.
Іс қағаздарын жазарда орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан
терминді қолданыңыз.
- Ескерту мәнін беру үшін.
– Ақпанның 20-сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз.
– Мына мәселе барысынан хабардар еткіміз келеді.
– …туралы ескертуді қажет деп санаймыз.
– …туралы тағы да есіңізге салғымыыз келеді.
– … туралы келісімді өз тарапымыздан тоқтатуға құқылы екенімізді ескертеміз.
– … туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетінін ескертеміз.
- Айтылатын мәселеге байланысты.
– … сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіп отыр.
– … мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылыгына байланысты …
– … туралы шешімнің қабылдануына байланысты…
– … жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты…
– … алдын ала қол жеткізген келісімге сәйкес
– сіздің талабыңызға орай…
– … қарамастан әліде орын алып отыр.
– … экономикалық жағдайдың қиындығына орай…
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау.
- Ескерту мәнін беру үшін қолданылатын құрылымдарды ата.
Оқушыларды бағалау
Ү. Үйге тапсырма: 116-118 бет.
