Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1 орта мектептің
математика пәні мұғалімі Ильясова Айнұр Сапарбековна
Күні: 24.11.2011 ж Сыныбы: 9 в сынып Пәні: Алгебра
Презентацияны жүктеп алу: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе- теңдіктерді қолдану (PDF)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып есептерді әр түрлі тәсілдермен шешу арқылы біліктілік дағдыларының қалыптасуын, меңгеру деңгейлерін анықтау.
І. Білімділік: Оқушылар негізгі тригонометриялық формулаларды білу, негізгі тригонометриялық тепе- теңдіктерді қолданып, әр түрлі тәсілдермен шешу жолын білу.
ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетімен, есептеу дағдыларын жетілдіріп, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ІІІ.Тәрбиелік: Оқушыларды саналы сезімге, шапшаңдыққа, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап,топтық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп,сабақтың мақсатын баяндау, өту жоспарын айту, оқушыларды синус,косинус,тангенс деген атаулар беріп топқа бөліп, топ басшыларын тағайындап, бағалау парағын беру.
ІІ. Негізгі бөлім.
- 1. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтада слайд арқылы
көрсетіледі. Әрбір тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі, барлық ұпай саны 18 ұпай болу қажет.
1.Тригонометриялық функция таңбалары
2.Мәнін тап: 3.Бос орынды толтыр
ІІІ. Жаңа сабақ. «Өнерді үйрен де жирен»
Мұнда әр топқа §20 тақырыбынан мысалдар, №313 есебі беріледі( дайындалуға 10 минут). Дайындалып болған соң әрбір топқа жириби салынып, сол таңдалынған номерлі оқушы тақтаға шығып берілген тапсырмасын қорғап шығады. Екі тапсырмасында қорғап шықса 10 ұпай алады.
ІҮ. Бекіту бөлімі.
- «Кім жылдам» ойыны.Сынып оқушылары интерактивті тақтада есептің суретін берілген сол бойынша шығарып жарысады. Сөреге бірінші шыққан топ жеңеді. Соңынан бастап бағалаймыз, соңғы фигураның ішіндегі тапсырма 3 ұпайдан, екінші фигураның тапсырмалары 4 ұпайдан, үшінші фигураның тапсырмалары 5 ұпайдан беріледі. Ең көп ұпай жинаған топ сөреге жетті деп есептеледі. (барлық ұпай саны – 29 ұпай)
- Топ басшылар сайысы. Әрі қарай бекіту бөлімінде топ басшылары сайысқа түседі. Мұнда үш оқушыға 1 тапсырмадан беріледі, тапсырма 10 ұпаймен бағаланады. Алған ұпайлары топтың еншісіне беріледі.
- Қорытындылау. Тест жұмысы.
1. Өрнекті ықшамдаңыз: 1
а) б) в)
2 .Мәнін тап: tg²x ( sin²x-1)
а) — sin²α б) tgα в) sin³α
3. Өрнекті ықшамдаңыз:
а) 2 б)1 в)3
4. Мәнін тап:
а) б) — ctgx в) -2 ctgx
5. Өрнекті ықшамдаңыз: sin²3x +cos²3x-1
а)2 б) 1 в) 0
Ү. Бағалау. Топ басшыларының қойған бағаларын тақтадағы бағалау парағына түсіреді.
ҮІ. Үй тапсырмасы:
- §20-ны оқу.
- №325,326 есептер.