Келтіру формулалары
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1 орта мектептің
математика пәні мұғалімі Ильясова Айнұр Сапарбековна
Күні: 1.12.11 Сыныбы: 9 б сынып
Сабақтың тақырыбы: Келтіру формулалары
Презентацияны жүктеп алу: Келтіру формулалары. Презентация
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сүйір бұрыштың тригонометриялық функциясының әрбір бұрышындағы синустыың, косинустың, тангенстің, котангенстің келтіру формулаларымен таныстыру, осы формулаларды тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде және есептерді шығару кезінде қолдануды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың алгебра пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта, оқулық, кеспе қағаздар, формула жазылған плакат
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану. Әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларының қатысымы. Оқушыларды топқа бөлу, зейінін шоғырландыру.
«Менің Қазақстаным!» слайдында берілген суреттерге өздерінің жылы лебіздерін айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Лото» ойыны арқылы жүзеге асады.
Ереже: Әр топқа әріптер таратылып беріледі, таблолар дайындалған. Әр тапсырманың төрт жауабы берілген, біреуі ғана дұрыс. Жауаптар әріптермен берілген, осы әріптерден сөздер құрастыру керек. Шығатын сөздер: «Келтіру формулалары» .
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой қозғау»
Үй тапсырмасынан шыққан сөздер яғни бүгінгі тақырыбымыз.
Егер (мүндағы к- кез келген бүтін сан, α- сүйір бұрыш) бұрышының функциялары берілсе, онда оларды α бұрышына байланысты тригонометриялық функцияларға келтіру ыңғайлы. Ол үшін арнайы берілген келтіру формулаларын қолданамыз.
Енді біз, алдымен ІІ ширектегі синус пен косинус үшін келтіру формулаларын шығарайық.
В1 В у1=х,х1= -у немесе
және
Сонда, ,
Дәл осылай , ал
Ары қарай дәлелдеуі кітапта берілген, бұдан шығатыны
- Егер келтірілген тригонометриялық функцияның аргументі (бұрышы) π±α (1800±α), 2π±α (3600±α) түрінде болса, онда оның аты өзгермейді;
- Егер келтірілген тригонометриялық функцияның аргументі (900±α), (2700±α) түрінде болса, онда синус косинуске, косинус синуске, тангенс котангенске, котангенс тангенске өзгереді;
- Келтіру формуласының оң жағының таңбасы сәйкес ширектегі келтірілген функцияның таңбасымен бірдей жазылады;
ІҮ. Бекіту бөлімі.
1.Оқушыларға сәйкестендіру тесті беріледі (жұптық тапсырма).
| tg(π–α) | cos α |
| ctg(π+α) | cos α |
| sin(360-α) | tgα |
| cos(360-α) | ctgα |
| ctg(360-α) | – sinα |
| tg(360+α) | – ctgα |
2.«Математикалық жәрмеңке» деп аталатын тур, мұнда топтарға деңгейлік есептер беріледі.
Ү. Бағалау. Оқушыларды деңгейлік тапсырмаларын орындағанына қарай бағаланады. Яғни барлық деңгейді орындаған оқушыға «5» баға, екі деңгейді орындаған оқушыға «4» баға, тек бірінші деңгейді орындағаны үшін «3» бағамен бағаланады.
ҮІ. Үйге тапсырма:
1. §21- оқу.
2. №335-337 есептер
