Дене тәрбиесі пәні
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Татаев Асылбек
Спорт әлемі
Сайыстың мақсаты:
Жас ұрпақ спорт ойындарын практикалық түрде ғана емес, теориялық түрде де меңгеру және спорттық ойындарға қызығушылығын оятып, білімдерін жинақтау. Оқушыларды бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ойлау шеберліктерін шыңдау.
Сайыстың түрі: топтық
Өтілетін орны және уақыты: мультимедия кабинеті
Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, күй таспа, қалқан, нысана.
Жарысқа қатысушылар: 9 сыныптардан 6 оқушы және 8 сыныптардан 3 оқушы (құрама) қатысады.
Жарыс бағдарламасы:
I бөлім: “Таныстыру”
II бөлім: «Сұрақ-жауап»
III бөлім «Әр елдің ұлттық спорт ойындары»
IV бөлім «Қазақтың ұлттық ойындары»
V бөлім «Спорт түрлерін білесің бе?»
Барысы
Армысыздар құрметті қонақтар және сайысқа қатысушы оқушылар. «Спорт әлемі» атты білім сайысына қош келдіңіздер!
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамастан бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік……..
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады.
Сабырлы да, салмақты,
Білімді де өнерлі
Білікті де жүректі
Топтарды таныстырып
Сіздерге жеңіс тілейік.
Сонымен сайысты жеребе арқылы бастаймыз.
- «Таныстыру»
Шарты: Эмблема, топ, ұранды таныстыру қажет.
Ұпайлары: 5,4,3
2.Сұрақ-жауап
Шарты: Ұяшықтардағы ұпайларға байланысты сұрақтар бар, жеребеге байланысты кезек-кезек жауап береді. Сұраққа жауап бере алмаса, қарсы топтар жауап беруге болады.
-хоккей ойыны неше
тайымнан тұрады? 3
-тоғызқұмалақтан әлем
чемпионы атанған қыз? Әсел Далиева
-Гимнастикалық бөрененің
Ұзындығы неше метр? 5 метр
-Қазақстандық 3 дүркін
әлем чемпионы? Илья Илин
-2016 жылы жазғы олимпиада қай
елде болады? Рио-де Жанейро
-“Астана-Алматы”
қысқы
азия ойындарында 11
қанша спорт түрінен
жарыстар өткізілді?
-Астана хоккей клубының
аты қалай аталады? Барыс
-Бүкіл әлемдік бокс
сериясында
Қазақстан құрамасы
нешінші орын алды? 2 орын
-2018 жылы футболдан
әлем чемпианаты қай елде Ресей
өтеді?
- «Әр елдің ұлттық спорт ойындары»
Шарты: Ұяшықтарда спорт түрлері жазылған, осы сұрақтарға жауап беру үшін нысынада дәл оысындай салынған ұяшықтарды көздеп ату арқылы жауап береді.
1.Футбол
а) Бразилия
ә) Испания
б) Франция
в) Англия
- Шахмат
а) Үндістан
ә Араб
б) Ирак
в) Иран
- Волейбол
а) Ресей
ә) Америка
б) Бразилия
4.Дзюдо
А) жапония
ә) Қытай
б) Корея
в) Манғолия
- Коньки
А) Ресей
ә) Германия
б) Галландия
в) Америка
6.Шорт-трек
А) Франция
ә) Жапония
б) Америка
в) Қытай
7.Гандбол
А) Англия
ә) Чехословакия
б) Швеция
- Су добы
А) Англия
ә) Ресей
б) Бразилия
- Бокс
а) Куба
ә) Египет
б) Франция
в) Америка
- Қазақтың ұлттық ойындары
-Атсырау дегеніміз не? Жүріс тарылып, құмалақ жетпей
ұтылу
-Ат жарыстың түрлерін ата? Аламан, құнан, тоқ, жорға
- Асықтың алты
тұрысы бар. Атап өт? Бүг,шік,алшы,теуке,омпы,шоңқы
– Көкпар ойынында қандай малды Серке
тартысқа салады?
-Алтыбақан ойынында
қыздармен жігіттер Өлең айту
қандай өнер түрінде
сайысады?
-Түйе палуан деген сөз
қандай мағынаны білдіреді? Салмаққа қарамайды, шектеу жоқ
- Спорт түрлерін білесің бе?
Шарты: Ұяшықтардағы ұпайлардың ішінде спорт суреттері бар, осы суреттерге қарап қандай спорт түрлері екенін нақты айту керек және жеребеге байланысты кезек-кезек жауап береді. Жауап дұрыс болса, оқушы тағы бір шартты орындау қажет. Қол күреседі, егер жеңсе сол топқа толық ұпай беріледі, ал жеңілсе ұпайдың жартысы беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, қарсы топтар жауап беруге болады.
6.Қорытынды, марапаттау
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялап отырып, марапаттайды.)Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!
