«Ондық бөлшектерді қосу және азайту»

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр  ауылы
ГКС-12 орта мектебі математика пәнінің мұғалімі
Кукенова Анара Сандибаевна

Математика  5 класс

Сабақтың тақырыбы:  «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»

 Сабақ түрі: ойын элементтері бар сабақ

Сабақтың мақсаты:

а) ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін, жай бөлщектерді ондық бөлшекке айналдыруды және керісінше ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру ережелерін қайталау,тақырып бойынша оқушылардың деңгейін анықтау;

б) теориялық білімін практикада қолдануын, логикалық ой – өрісін, есте сақтай қабілетін, математикалық сауаттылығын дамыту;

в) оқушыларды орындап отырған жұмыстың нәтижесіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: қайталау сабағы.

Көрнекілік: интерактивті тақта, тапсырма салынған конверттер, бағалау парақтары.

Сабақтың жүру барысы.

I. Ұйымдастыру.

 II. Білім тексеру кезеңі:

І бөлім.   «Сергіту». Ауызша тапсырма.

1)      Бөлшектерді оқы:

1,2; 1; 3,02; 4,012; 0,0005; 4.

2)      Ондық бөлшектерді жай бөлшектерге айналдыр:

0,5; 0,8; 3,2; 4,6.

3)      Бөлшектерді салыстыр:

3,5 және 3,8                          7,3 және 7,28         3,04 және 3,009

4) Амалдарды орындаңыз:

0,2+0,7         1,5-0,3         2+0,2         1,2+0,8         1-0,3

5) Теңдік орындалатындай етіп үтірлерді қойыңыз:

52+18=7             736-336=4

(Слайд 3)

ІІ бөлім. Жұптасып жұмыс жасау.    

Әрбір жұп бір конверттен алады..

Ондық бөлшектерді өсу ретімен орналастырыңыз:

  1. 3,4; 3,28; 2,9; 1,003; 1,009
  2. 3,24; 32,28; 31,9; 4,003; 2,003
  3. 12,8; 12,42; 11,003; 2,003; 12
  4. 17,23; 16,8; 15,08; 16,008; 16,0032
  5. 0,92; 0,804; 0,523; 0,42; 0,008

ІІІ бөлім.Есте сақтау қабілетін анықтауға тапсырма. Дәл тап!

(Слайд 4.)

Бір минуттың ішінде кестедегі бөлщектерді есте сақтап, айтып берулеріңіз керек. Дұрыстап қарап алыңыздар! Басталды!

      1,01      1,02        1,03
     10,1      10,2        1,03
     10,11      10,12        10,13

 

(Экрандағы слайд уақытша жабылып, бір минуттан кейін қайта ашылады)

Жауап парақтарыңызға өздеріңізден жинайған ұпай сандарыңызды белгілеп отырыңыздар.

ІV бөлім. Топпен жұмыс. Ойын бестігі.  (Слайд 5)

1) 17,28+х=10,25                  1)у+4,28=9,16                     1) х+11,62=22,56

2) (86,9-65,3)+х=10,25         2)у-(25,3+8,06)=2,03           2)х -(3,5+4,08)=5,32

3)  ( 8+4,5)-х=5               3)у +(12-8,72)=5               3)х+(7,5+1)=10.

V бөлім. Әр  түрлі деңгейдегі есептер.

Қазір біз есептер шығарамыз (деңгей бойынша жұмыс жасау, Т.Алдамуратова, Е.Байшоланов, 2005ж,  5 сыныпқа арналған оқулығы бойынша )

Бірінші деңгей №1037 стр.218

Екінші деңгей №1000  стр.211

Үшінші деңгей №1055  стр.220

(Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін қысқаша шығару жолын түсіндіру).

III. Қорытынды бөлім: тақырып бойынша білімін тексеру. Тест тапсырмаларын орындау арқылы қорытындылаймыз.

1. Ондық бөлшек түрінде жаз 9:1000

а)0,9                    ә) 0,009            б)0,0099

2.Ондық бөлшек түрінде жаз, 6кг центнермен өрнекте

а)0,6                   ә)0,06                б)0,006

3.Есепте 5,26+а ,егер а=108,074

а)1133,34          ә)113,334          б)113,1

4.Теңдеуді шеш  12-х=3,07

а) 15,07              ә)15,74               б)8,93

5. х-тің орнына ондық бөлшекті жаз  46,695< х < 46,72.

а)45,7                 ә)46,7               б)46,92

 (Слайд 6)

IV. Үй тапсырмасы

32, 33  бет,

1 деңгей №1061

2 деңгей №1067

3 деңгей № 1073.

  V. Рефлексия.   Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше