Без рубрики

Квадрат теңдеулер

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр  ауылы
ГКС-12 орта мектебі математика пәнінің мұғалімі
Кукенова Анара Сандибаевна

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер

Презентацияны жүктеп алу: Квадрат теңдеулер. Презентация

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Квадрат теңдеу» тақырыбында білімін жүйелеуге дағдыландыру;

Дамытушылық: Оқушының логикалық ой –өрісін дамыту;

Тәрбиелік: сауаттылыққа, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу; математика пәніне деген қызығушылығын ояту;

Сабақтың типі: білімді жүйелеу және жалпылау сабағы

Сабақ түрі: Ойын сабақ. Сабақтың жүру барысында «ХХI ғасыр көшбасшысы» телеойынының элементтері қолданылады

Сабақтың жүру барысы:

Мұғалімнің сабақ бастау сөзі.

Біз осы уақытқа дейін квадрат теңдеулерді оқып бітірдік, олардың әр түрлі шешу жолдарын қарастырдық. Осы тақырып бойынша алған білімдерің жоғары сыныпқа барғанда есепті жақсы шығаруға негізгі фундамент болып табылады. Енді осы фундамент қаншалықты мықты қаланғанын бүгін тексереміз. Ол үшін «ХХI ғасыр көшбасшысы» ойынын ойнаймыз. Бәріміз төрт командаға бөлінейік.

1 тур «Бәйге»

Мұғалім: Мен қазір сіздерге тұжырымдар оқимын, егер менімен келісетін болсаңыздар алдарыңызда жатқан параққа «иә», ал келіспеген болсаңдар «жоқ» деп жазыңдар. Ал бастаймыз!

1.Егер де ах2 + bx + c = 0 квадрат теңдеуіндегі ең болмағанда бір коэффициент b немесе с нөлге тең болса, онда бұл теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.(иә)

2. Толымсыз квадрат теңдеудің  екі түрі болады:

ах2 + с = 0,  с ≠ 0 немесе ах2 + bх = 0,  b ≠ 0. (жоқ)

3.  b2 –  4ас ≥ 0  болғанда  ах2 + bх +  с = 0 теңдеуінің екі әртүрлі түбірі болады. (жоқ)

4.  b2 –  4ас өрнегінің дискриминант атауы латынның discriminatio – айырмашылық сөзінен шыққан,себебі оның таңбасына қарап теңдеудің неше түбірі бар екенін анықтайды. (иә)

5.Егер квадрат теңдеуде b коэффициенті  тең болса,онда оның түбірлерін

х=  формуласымен анықтауға болады. (иә)

6. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы хтің алдындағы коэффициентке, ал көбейтіндісі қарама –қарсы таңбамен алынған бос мүшеге тең. (жоқ)

7. Квадрат теңдеуді келтірілген теңдеу деп атайды, егер оның бір коэффициенті бірге тең болса. (жоқ)

8.  Егер а + b + с = 0 (яғни теңдеудің коэффициенттерінің қосындысы 0-ге тең болса), онда теңдеудің бір түбірі 1-ге тең.  (иә)

9. Егер бос мүше нөлге тең болса, онда теңдеудің бір түбірі нөлге тең. (иә)

Оқушылардың жауап парақтары тексеруге жиналып алынады.

Әділқазы мүшелері І турдың қорытындысын шығарғанша, квадрат теңдеуді шешудің әдістерін еске түсірейік.

2 тур «10 немесе 20»

 

 

Мұғалім: Келесі турда теңдеуді осы әдістердің бәрімен шығара алатындарыңызды көрсетесіздер. Сонымен қатар сендер қандай теңдеуді қай тәсілмен шығаратындарыңызды өздеріңіз таңдайсыздар. Әрбір сұрақ қиындығына қарай 10 ұпа және 20 ұпай тұрады.

Бірінші турда жеңген команда ……….Осы команда бірінші болып таңдау жасайды. Теңдеудің шешуін дәптерге жазу керек. Егер ….. командасы бір минуттан кейін дұрыс жауап бере алмаса,онда оның орнына басқа команда жауап бере алады.

 

Квадрат теңдеуді шешу тәсілдері  

А (10 ұпай)

 

В (20 ұпай)

Көбейткіштерге жіктеу арқылы табу х2 + 4х +3 = 0
Формула бойынша түбірлерін табу 2 – 3х + 2 = 0
Виет теоремасын пайдаланып  түбірлерін табу х2  –  2х –  15 = 0
Коэффициенттердің қасиеті бойынша түбірлерін табу 11х2 + 27х +16 = 0

 

3 тур «Полиглот»

Мұғалім: «Бірнеше тілді білу деген –бір құлыптың бірнеше кілтін ұстау» деп жазған француз философы, ақын,сатирик Ф. Вольтер. Бірақ сендерге көп тілді білу жеткіліксіз. «Полиглот» турында сендерге сөз есеп беріледі. Сендер бұл есептің шешімін  үш тілде айтуларыңыз керек.

Тапсырма: Бір топ бала далада ойнап жүр. Олардың квадраттарының сегізден бір бөлігі қар атысып, ал екеуі шаңғы теуіп жүр. Далада барлығы неше бала ойнап жүр?

Жауабы: төрт, четыре, four

4 тур «Оратор»

Алдыңғы үш турдың қорытындысы бойынша алда келе жатқан …………. командаларына ойынды жалғастыруды ұсынамыз. Келесі  «Оратор» туры. Бұл турда сендер өздеріңнің ораторлық қабілеттеріңді көрсете аласыздар. Сіздерге үйге мына тақырыптар бойынша баяндама жасау керек болатын:

 Квадраттық функцияның тарихы.

Франсуа Виет және оның танымал теоремасы.

Көп ұпай жинаған топ қай тақырыпта баяндама жасайтынын өзі таңдайды, ал қарсы топ қалған тақырып бойынша баяндама жасайды.

Әділқазы мүшелері баяндамаларды тыңдап болған соң қорытындысын шығарып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынының жеңімпазын анықтап, марапаттайды.

Мұғалім сабақты қорытындылап, бағаларын қояды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.