«Ұлтымның ұлы болу – ұлы арманым»
Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінде 21.09. күні ҚР халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Ұлтымның ұлы болу – ұлы арманым» тақырыбында әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері Бекболат Қанайұлы Тілеуханмен кездесу болып өтті.
Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Жауапты мұғалімдер: Сарсембаева Ж.Т., Рыхсиев Е., Нұрұшева С.
Кездесудің мақсаты: Оқушыларымызға халқына қамал, антына адал болып жүрген біртуар азамат Бекболат Қанайұлы Тілеуханның лебізін тыңдата отырып, халқымыздың мәртебесін биік ұстауға елжандылыққа, ойлылыққа баулу.
Кездесу кезінде Бекболат Қанайұлы Тілеухан оқушыларымызға отбасындағы тәрбиенің адам өмірінде алатын орны зор екендігіне тоқталып, ата-ананы сыйлау арқылы Отанды сүйе алатынын айтты. Сонымен бірге «Еліміздің болашағы жастың жалыны мен ақсақалдың ақылына бірдей сүйенгенде нығаяды», «Мықты адам сабырлы болады» деген тәрбиеге толы сөздері балалардың сезіміне ерекше әсер етті.



