Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия тарих пәні мұғалімі
Дәкібай Айша
Сынып – 5 Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы.
Білімділік: Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып,мерекелердің маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау арқылы оларға сыни көзбен қарау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ұлттық мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу,ұлтжандылық сезімдерін ояту,ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.
Көрнекілік: интерактивті тақта,ұлттық ойын түрлерінің және дәстүрлі үй тұрмысының суреттері,слайдтар,тірек-сызбалар.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың типі: Аралас
Пәнаралық байланыс: география,музыка
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
( Оқушыларды түгелдеу,сабаққа дайындығын тексеру,
назарын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сәулет Ескерткіштері
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Кестені толтырыңдар
Кесенелер
Қазақ жеріндегі кесенелер | Орналасқанжері | Салынғанғасыры | Қандай мақсатта салынған |
2. «Ежелгі баспаналардың түрлері» сызбасын толтыр.
- Мазмұны жағынан бір-біріне үйлесетін кесте ұяшықтарын сәйкес сандармен боя.
4. Ұғымдарға анықтама бер.
Сөзжұмбақты шеш:1.Қожа Ахмет Йассауидің кесенесі қай қалада?
2.Алаша хан кесенесін қай хан салғызған?
3.Қазақстан жерін мекендеген қандай тайпалары киіз
үйге ұқсас дөңгелек үйде тұрған?
4.Тараз қаласының маңында орналасқан қандай кесене бар?.
5.Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде орналасқан кесене.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жоспары: 1. Қазақтың ұлттық мейрамдары
2.Наурыз мейрамы.
Жүргізілуі :
Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы –бар жақсылықтың
бастауы, көктем мен еңбектің,жаңару мен рухани тазарудың,еңсесі биік
елдіктің ,іргесі сөгілмес бірліктің ,ырыс пен ынтымақтың жарқын да
мерейлі мерекесі.Бұл күн-аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне
келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, дала төсін дүбірге
бөлеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Бұл күн-наурыз көжеге ағайын, туысқанды шақырып, қауышып, өткенге
салауат айтып, болашаққа адал көңілмен ,жақсы үмітпен қарайтын күн.
Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші Өзбек,қырғыз, қарақалпақ
жұрттары да осы тойлаған.Әр халықтың өзіне тән
ұлттық салт-дәстүрлері ұлттық мәдениеті болады.
Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік салт-дәстүрі және әдет- ғұрыптары бар .Әдет ғұрыптар түрлі тармақтарға бөлінеді:
шаруашылық |
дүниетанымдық |
отбасылық |
қоғамдық |
Қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерінің ішінде
Қонақжайлылық ас беру түрлі той-думандар өткізудің маңызы жоғары болған.
Халық арасында сәбидің жаңа туған кезінен бастап атап өтетін түрлі мерекелер қалыптасқан.Олар
Бесік той Тұсаукесер
Шілдехана Сүндет той
Ежелден келе жатқан дәстүр –Үйлену тойы,»Қыз ұзату»,»Беташар»
.
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде наурыз мейрамын
тойлауға тыйым салған.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мерекені тойлауға қол жеткіздік.
Наурыз – көне иран сөзі,қазақша мағынасы «жаңа күн» дегенді білдіреді
22 –сі қазақтар үшін жыл басы-жаңа-жыл,күн-мен түннің теңелетін уақыты.
Тойын-Ұлыстың ұлы күні деп атаған.»Ұлыс» деген сөз мемлекет,ел деген мағынаны білдіреді.Бір-біріне өкпелі адамдар реніштерін ұмытып,құшақтасып,төс қағысып,көрісетін болған.
Бейне таспа көрсетіледі.
Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады
Әр үйдің дастарханы.онымен бірге ұлттық тағамдарға толады.Жеті
түрлі тағам ұн,су,сүт,тұз,ет,тары,күріш.
Қазақ халқында той ұлттық ойынсыз,сайыстарсыз өтпейді.
Бәйге,күрес, көкпар,қыз қуу,айтыс,жамбы ату сияқты ұлттық
сайыстар өткізіледі.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
ҮІ. Қорытынды Наурыз десе – көгімде жүзді күнім,
Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін.
Наурыз деген – ырысым, ынтымағым,
Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Сен тұратын елді мекенде және өзінің үйінде Наурыз мерекесі қалай тойланады? Наурыз мерекесі жайлы әңгіме құрастыр.сызбаны толтырыңдар. Тест сұраққа жауап жаз.