Жаңалықтар

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс- бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, аул шаруашылығы кәсіпорнында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді» деген болатын. Бағдары айқын жоба аясында бүгінгі күнде қаламыздағы орта мектеп-гимназиясында 4 адам жемісті еңбек етуде. Олардың 3 –еуі жастар. Қоғамның қозғаушы күшінің бірі – жастар. Санасы сергек, ойы азат жастар ғана мемлекеттің келешегін кемел ете алады. Осы жоба аясында бұл азаматтар өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезінетін болды. Сондықтан біздің «Болашақ» БПҰ мүшелері бұл азаматтарды жұмыс барысында қолдап, көмек қолдарын созып отырады.

Жалпы, «Нұр Отан» партиясының- «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны аян. Аталған жоба төрт бағыт бойынша жүзеге асу жоспарланған. Мүгедектерді тұрақты жұмыс орнына тұрғызу; мүмкіндігі жоқ адамдарға кедергісіз жағдай жасау; қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған тұрғындарды аөпараттандыру жұмысын күшейту;мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құруды көздеген жоба жұмысының алдағы уақытта да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай туғызары анық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлықтар жасау, ұдайы қолдау көрсетуге шақырамыз.

Кулжанова Гүлнар Нұсіпбайқызы

«Болашақ» БПҰ төрағасының орынбасары

Алматы облысы, Қапшағай қаласы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.