Ондықтармен санау.1 сынып.

Сабақ мақсаты:1/Толық ондықтар қатарымен,оларға 10-ды қосу, азайтумен таныстыру;

2/Ондықтармен тура,кері санату;1-ді қосу мен азайту мен 10-ды қосу мен азайтудың ұқсастығы мен айырмашылығын аңғарту;

3/Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып,есептеуге төселдіру;

Сабақ әдісі:көрнекілік,ойқозғау,топтастыру.

Көрнекілігі:дид.материалдар,тест,орман,аңдар суреті.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Қызығушылығын ояту.

Балалар бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз.

-Орманда нелер болады?

-Қандай жануарлар болады?

Біз орманда түрлі жануарларға кездесеміз.Олар сіздерге түрлі тапсырмалар береді.Саяхатқа шықпастан бұрын өткен білімдерімізді қайталап алайық.

ІіІ.Мағынаны тану.

1/Мұғалім түсіндірмесі.

10+0=10  10бірлік =1 ондық

10 таяқшаны санатып бір бума жасату.

1 бума-1 онд.-он

2бума-2онд.-жиырма

3бума-3онд.-отыз

Ойын “Алақан соғу”.1соқсақ -1ондық-он.Толық ондықтармен танысу..Бірліктер мен толық ондықтар арасында ұқсастық бар ма?Айырмашылықтар бар ма?

2/Құстар тапсырмасы.

Ойын”Жоғалған санды тап” 10  20  ?   40   ?   60  70 ?  90

Тура ,кері санату.

Кітаппен жұмыс.

3онд.+1онд.=4онд. 30+10=40

2онд.+1онд.=3онд. 20+10=30

3/Түлкі тапсырмасы.Жұмбақ шешу.

Өзі айлакер ,өзі қу.Жүрген жері айқай да шу.

Суреттегі заттар қандай фигуралардан құралған?Фигураларды атау.

4/Сергіту жаттығуы.

Ормандағы жануарлардың қимылын салу.

5/Аю тапсырмасы.Тест тапсырмасы.

?+30=39                      7,8,9

79-?=9                          30,70,40

40-?=39                       1,2,3

59-?=50                         8,9,10

6/Қасқыр тапсырмасы .Дәптермен жұмыс.

Ең кіші ондықты жаз. Ең үлкен ондықты жаз.

10+10                    50-10

20+10                     90-10

Ой қозғау.Есеп қандай бөліктерден тұрады?

Есеп сөзіне топтастыру жасау.

№5 есепті шығару.

7/Тиін тапсырмасы.

Танымдық есеп шығару.Мен түске дейін 4 жаңғақ жедім.Әлі кешке дейін жейтін 5 жаңғағым бар.Мен сонда 1 күнде неше жаңғақ жеймін?

ІY.Толғаныс.

Кім ондықтармен тура санайды? Кім ондықтармен кері санайды?

Ережені оқушылар қорытады.

Y.Бағалау.

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше