Объектілерді топтастыру

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің
математика және  информатика пәнінің мұғалімі
КОБИЛАНОВ РЭНАТ ЖАКСЫЛЫКОВИЧ

Сабақтың тақырыбы: Объектілерді топтастыру.

Сабақтың мақсаты:

ü Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде объектілерді топтастыру, ақпараттық объектілер  ұғымдарымен таныстыру;

ü Объектілерді топтастыру әдістерін үйрету;

ü Оқушыларды алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру;

ü Білім сапасын арттыруға, пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабақтың тақырыбына байланысты суреттер көрсетіледі.

 

 

АҚПАРАТ

 

 

 

 

ІІ. Жаңа сабақ.

Топтастыру – объектілерді (заттарды, құбылыстарды, үдерістерді, ұғымдарды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі.

Ақпараттық объектілер – топтастыру объектісі ретінде ақпаратқа тән бөлінген топтар.

РЕКВИЗИТ – объектінің, үдерістің және т.б. белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, логикалық жағынан бөлінбейтін ақпараттық элемент.

Объектілерді топтастыру әдістері: иерархиялық, фасеттік, дескрипторлық.

 

Топтастырудың иерархиялық жүйесі.

ü Элементтердің бастапқы көпшілігі 0-дік деңгейді құрайды және таңдалған топтастыру белгісіне байланысты кластарға бөлінеді, бұл 1-деңгейді құрайды

ü 1-деңгейдің әрбір класы өзіне тән топтастыру белгісіне қосалқы топтарға бөлінеді, бұлар 2-деңгейді құрайды, т.с.с

ҚАСИЕТТЕРІ:

құрылымының қарапайымдылығы;

иерархиялық құрылымның әртүрлі бұтақтарында тәуелсіз топтастырылған белгілерді пайдалану.

Топтастырудың фасеттік жүйесі.

ü Топтастырудың фасеттік жүйесінің иерархиялықтан ерекшелігі топтастырудың белгілерін бір-біріне, сондай-ақ топтастырылатын объектінің семантикалық мазмұнына тәуелсіз топтастыру белгілерін таңдауға мүмкіндік береді.

ü Топтастырудың белгілерін ФАСЕТТЕР деп атайды.

ü Әрбір фасет аталған топтастыру белгісінің біртекті мағыналарының жиынтығын құрайды.

ҚАСИЕТТЕРІ:

Топтастырудың үлкен сыйымдылығын құру мүмкіндігі;

Қолданыстағы топтаудың құрылымын өзгертпей топтастырудың барлық жүйесінің жай модификациясының болу мүмкіндігі.

Фасеттер

Ф1

Ф2

…

Фn

Фасеттер мәні

1

*

*

*

*

2

*

*

*

*

….

*

*

*

k

*

*

 

Топтастырудың дескрипторлық жүйесі.

ü Біртекті объектілердің белгілі бір пәндік саласын немесе жиынтығын сипаттайтын керекті сөздердің немесе сөз тіркестерінің жиынтығы іріктеледі;

ü Таңдалып алынған керекті сөздер мен сөз тіркестері қалыптауға ұшырайды, синонимдердің жиынтығынан бір немесе бірнеше неғұрлым қолданылатындары іріктеледі;

ü Дескрипторлардың сөздігі, яғни қалыптау рәсімдеуінің нәтижесінде іріктелген керекті сөздер мен сөз тіркестері құрылады.

 

Ақпаратты іздестірудің саласын кеңейтуге мүмкіндік беретін байланыстар:

  • Синонимдік (синоним ретінде керек сөздердің кейбір жиынтығын көрсететіндер)
  • Түр-көрнекілік (объектілердің кейбір тобын неғұрлым маңызды топқа қосуды көрсететіндер)
  • Ассоциативтік (ортақ қасиеттерді иеленетін дескрипторларды біріктіретіндер)

Мысал:

Синонимдік: ұстаз-мұғалім-оқытушы

Түр-көрнекілік: университет-факультет-кафедра

Ассоциативті: студент-емтихан-аудитория-лекция

 

ІҮ. Бекіту.

Оқушылар үй жұмысы ретінде алдын ала мектептегі барлық кластар туралы мәлімет дайындап келу керек, осы мәліметтерді практикалық жұмыс барысында пайдаланады. Класс үш топқа бөлінеді: І-топ топтастырудың иерархиялық жүйесі бойынша, ІІ-топ фасеттік, ІІІ-топ дескрипторлық жүйе бойынша дайындап келген ақпараттық мәліметтерін топтастырады.

Әр топ бір мекеме болуы керек (өндірістік кәсіпорын, зауыт, т.б.). Өз таңдаулары бойынша мекемелерін таныстырып, келесі сабаққа мекемелері бойынша мәліметтер қорын дайындап келу қажет.

 

 

 

 

 

Ү. Рефлексия.

Сабақты қорытындылау ретінде әр топ өздері пайдаланған топтастыру жүйелерінің кемшілігі мен тимділігі туралы айтып, топтастырудың үш әдісін салыстырып, өздеріне тиімдісін анықтайды.

Топтастырудың иерархиялық жүйесі

Топтастырудың фасеттік жүйесі

Топтастырудың дескрипторлық жүйесі

Тиімділігі

Кемшілігі

Тиімділігі

Кемшілігі

Тиімділігі

Кемшілігі

 

 

 

             

 

ҮІ. Бағалау.

І-топтың орындаған жұмысы топтастыру тереңдігіне байланысты бағаланады, тереңдік деңгейі үштен жоғары болса «5»-пен бағаланады.

ІІ-топтың орындаған жұмысы топтастырудың сыйымдылығына байланысты бағаланады, яғни фасеттер және фасеттер мәні төрттен көп болса «5»-тік бағасымен бағаланады.

ІІІ-топтың орындаған жұмысы топтастыру барысында сөздердің немесе сөз тіркестерінің жиынтығына байланысты бағаланады, төрттен көп болса «5»-тік бағасымен бағаланады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше