Технология

Сәндік сөмке

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп-гимназиясының
Технология пәнінің мұғалімі Ерғалиева Балбосын

Сабақтың тақырыбы: Сәндік сөмке.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөмкенің  жасалу тарихы мен түрлерімен таныстыру, жасалу жолдарын      үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-қиялын дамыту, қалыптастыру, өз қолдарымен қажетті   бұйымдар жасауға,  дайын бұйымға сараптама жасауға, бағалауға үйрету. Іскерлігі,  ізденушілігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау.

Тәрбиелік:Сапалы бұйым жасауға, өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұқыптылыққа, эстетикалық жоғары талғамға,  жинақылыққа назар аударуына тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО-ның әдіс-тәсілдері.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау  карта, дайын бұйымдар, интерактивті тақта,

Пәнаралық байланыс: Сурет, геометрия, тарих, сызу, әдебиет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

а)Ой қозғау.

ІV.Мағынаны тану.

V. Сарамандық жұмыс.

VI.Рефлексия.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а)  Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ә)  Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқушыларды топқа бөлу.

1 топ — «Ісмер» ,2 топ- «Шебер»

1-слайд

(Жұмбақ жасыру арқылы топ басшыларын сайлап аламыз.)

II. Үй тапсырмасын тексеру.

2-слайд

«Оқу – білім азығы, білім-өмір қазығы» демекші, тест сұрақтары арқылы өткен сабақтағы білімдерін тексеру.

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау. Бүгінгі жаңа сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастаймыз.Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер сабақтың тақырыбы шығады.

3-слайд

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындық оның өлшемі. (Сызғыш)

2. Мата түрі. (Бөз)

3. Бұйым пішілетін зат. (Мата)

4. Көрмедім еш үйіңді,

Қолданбас бұл бұйымды,

Қонымды етер киімді. (Үтік)

5.Тігін құралы. (Ине)

 

 

   

С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Ө

 

 

 

 

 
   

М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К

 

 
   

 

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

4- слайд

Топтастыру стратегиясы

Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын айтып, кластерді толтырады.

 

Сөмке түрлері

Былғарыдан тігілген

Әшекейленген

Киізден тігілген

Өріліп тоқылған

Тоқылған

Матадан тігілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV.Мағынаны тану.

Күнделікті қолданып жүрген түрлі сөмкелеріміз ерте заманнан-ақ адамдардың қолданысында болған сияқты, тарихқа үңілсек сөмкенің пайда болуы туралы қызықты деректерге кездесеміз.

Алдымен былғарыдан тігілген қалталар пайда болып, оны киімге жапсырып тігіпті. Х5 ғасырдың басында әр түрлі майда заттар мен ақша сақтайтын кішкентай мойынға асылып жүретін жол сөмкелері пайда болды. Готика замнында ханымдар әртүрлі көлемдегі қалталар коллекциясын белдіктеріне іліп жүрді. Белдікке ілінген қалталар Ренессанс (қайта өркендеу дәуірі) дәуіріндегі киімдерде де сақталды. 1670жылдары еркектердің киім үлгісінде қалталары бар бридж сәнге айналып, еркектер ұзақ уақытқа сөмкені пайдаланбады, қажеті де болмады. Олар ақша салуға арнайы тоқылған әмиян пайдаланды,оны қалталарына салып жүрді.х8 әйелдерде құпия қалта пайда болды, ол ұзын белдемшенің жан тігісімен бірге тігілді. Рококо(х8 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі европа өнерінде сарай зиялылары мәдениетімен байланысты туған стиль) дәуірінен бастап XIX ғасырдың аяғына дейін қымбат әшекейленген, тоқылған,өріліп тоқылған дорба-сөмкелер ұстады. Мұндай сөмкелер дайындауға түрлі-түсті маталар, әшекейлер пайдаланды. Әйелдер өз дәрежелеріне лайық дорба-сөмкелерін сәндеді, әшекейледі.XIX ғасырдың басында мода,сән түбірімен өзгергенде сәнді, әшекейлі, қымбат сөмкелер мен әмияндарды, түрлі қалталарды белдемшенің астына жасырудың керегі шамалы болды, осылай әйелдердің сөмкелері көптің назарына шықты. Ол кезде оны редикуль деп атапты. Сөмкенің кең қолданысқа ие болған уақыты ХХ ғасырдың алғашқы кезеңі

Ал біздің халқымыздың ерте кезден-ақ зат сақтайтын ұлттық жиһаздар түрлері көп. Мысалы, аяққап- ыдыс- аяқ салуға арналған қапшық. Ол киізден тігіледі, бет жағына ою салады, кестеленген мата тігіледі. Кесеқап- ақ киізден конус тәрізді жасайды. Төбесі мен түбінің дөңгеленген тұсына сәндік үшін шашақ тігеді. Жолға шыққанда ыдыс- аяқ салады. Қоржын қатты матадан тігіледі,өрнектеп тоқылады. Қоржынның екі қалтасы, екі басы бар, иыққа асылғанға, аттың еріне асуға ыңғайлы болғандықтан көшпенді халқымыздың тұрмысында кеңінен қолданды.

Бүгінгі күнде сөмке тұрмысымыздағы ең қажетті бұйымға айналды, алуан түрі бар. Әйтсе де ұлттық нақышта, өз қолымыздан тоқып немесе тігіп алған сөмкенің орны бөлек. Себебі, әркімнің ой- қиялы, шығармашылық қабілеті әр түрлі. Осы қабілетімізге сүйеніп, бүгінгі сабақта құрап  сәндік сөмке тігеміз.

V. Сарамандық жұмыс.

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.

1.Инені, қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

2.Қайшыны ұсынғанда ұстайтын жағымен беру керек.

3.Инені тістеуге болмайды.

4.Қайшының ұш жағын жоғары көтерме.

5.Тігін машинасымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесін сақта.

Сөмкені пішіп тіккен кезде үнемділік мақсатын қою керек. Нұсқау картаны пайдалана отырып, сөмке тігуге көшеміз. Әр топ өздері дайын арқылы бастырып алып, екіншісі қиып, үшіншісі көктейді, төртіншісі машинаға тігіп біріктіреді, алтыншысы бауларын тігіп, әшекейлейді.

5-слайд

 

                                               «Сөмке» тігудің нұсқау картасы

Орындалу рет-тәртібі Сызбасы Құрал-жабдықтар
1 Үш түрлі жолақты матаны біріктіріп үшбұрыштар қиямыз.  

 

Маталар  түрлері,

Қайшы

2 Үшбұрышты біріктіріп тігіп, келесі тігілген екі үшбұрыш қосып тігеміз, сонда шаршы шығады. Ине,жіп,  түрлі

маталар, қайшы,

тігін машина.

3 Дәл сондай төрт шаршы тігеміз де, үтіктейміз. Ине,жіп,  түрлі

маталар, қайшы,

тігін машина

4 Осы шаршыларды біріктіріп тігеміз де, үтіктейміз. Ине,жіп,  түрлі

маталар, қайшы, тігін машинасы

5 Пішілген сөмкенің ортасына жаңағы шаршыларды тігеміз.  

 

Ине,жіп,  түрлі

маталар, қайшы,

тігін машина

6 Жаңағы құрақтың екі жағына үлгі бойынша екі сұр мата тігеміз. Ине,жіп,  түрлі

маталар, қайшы,

тігін машина

7 Сөмкенің бауларын тігіп, орнатамыз. Ине,жіп,  түрлі

маталар, қайшы,

тігін машина

8

 

 

 

Сөмкенің аузын айналдыра әшекейлейміз.  

 

Ине,жіп,  түрлі

маталар, қайшы,

тігін машина, тері.

VI.Рефлексия

«Сөмке» тақырыбына синкуейн құрастыру.

VII. Бағалау.

Топты бағалау.

Жұмысты қорғату, жұмысты ескере отырып топты бағалау.

VIII. Үй тапсырмасы: «Көз қорқақ, қол батыр» үйден сөмкені келесі сабаққа аяқтап, дайын бұйым етіп әкелу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.