Без рубрики

Кешегі, бүгінгі, ертеңгі Шалқар

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№2 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі
Елманова Шайғаным Мирханқызы

Сабақтың тақырыбы: Кешегі, бүгінгі, ертеңгі Шалқар

Мақсаты: Оқушылардың туған өлкесінің тарихын, мәдени мұраларын, тарихи құжаттарын зерттеуге баулу;

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың өз бетінше ойлауға, есте сақтау қабілетінің жетілуіне, дүниеге рухани және эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға, өз бетімен ізденіп, білімін көтеруге бағытталады;

Түрі: Шығармашылық іздендіру;  Әдісі: Топтық жұмыстар;

Көрнекілік: Телебейне арқылы шығармашылық жұмыстар интерактивті тақтамен жұмыс. Туған ауылы туралы деректер.

Қанатты сөздер: «Қазақ даласының әр төбесінің, әр тау-тасының тарихы бар. Ұрпақ манасына соны сіңіру керек» Н. Назарбаев

«Ақылды шетелден іздемей, өзіміздің тарихымыздан, өзіміздің жүрегімізден іздейік» Д. Назарбаева

Барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Кіріспе: Бүгін, біздер елімізге өз үлесімізді қосу үшін жұмысымызды шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып, туған өлкеміз тарихи әлеуметтік маңызы бар жағдайларды білуіміз қажет;

Халқымыздың адамгершілік ұғымдары үлкен қазына десек, оның негізгі-тіл тарихы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде жатыр.

Туған жер.

Сағындым ғой, қайран далам

Ұлың ба сен  туралы ойланбаған

Көзіме оттай ыстық басылады,

Қыраттың ат ойнатып сайраңдаған

І слайд. Көне Шалқар

ІІ. Топтардың өз жері, табиғаты туралы пікірлер, әдеби мантаждар;

Шалқар- Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы қала, аудан орталығы. (1932 жылдан), темір жол станциясы  Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа ұарай 363 км жерде, Шалқар көлінің жағасында орналасқан. Тұрғын саны 25,4 мың адам (2006ж). Іргесі 1870 жылы қаланған. 1921 жылы Шалқар ауылының, 1922 жылы уезд, 1924 жылы қайтадан аудан орталығы, 1932 жылы Ақтөбе облысы құрылғанда өзімен аттас аудан орталығы болды. Қаланың өнеркәсіп саласында «Көктас-Ақтөбе», «Жаңа дәуір», «Алай» минералды су құю цехтары, «Ақтөбе-Жаңатас» қиыршықтас зауыты, «Локомотив депосы» шеберханасы, аудан электр, жылу қуатын, су өндіретін  кәсіпорындар бар. Олар 2 ЖШС-ге, ІК және 2 акциондық қоғамға біріктірілген. Әлеуметтік — мәдени және денсаулық сақтау салалары бойынша Шалқарда жалпы білім беретін 6 мектеп, музыка, спорт мектептері, кәсіптік-техникалық мектеп, мешіт, тарихи-өлкетану музейі, кітапхана, мәдениет үйі, ауданы  аурухана мен емхана, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, дәріхана, «Ақниет» ЖШС-і, «Ақбөбек» сауықтыру орталығы тағы басқа мекемелер бар. Қала арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.

Терме: «Туған жер»

Орындайтын: Жанұзақова Ақбаян

ІІ слайд. Бүгінгі  Шалқар

Бүгінде қаламызда көптеген жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр.

М. Шыманұлы мен І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысынан 2216,5 шаршы метр жерді алып жатқан ел көңілін қуантар еңселі мешіт бой көтеруде. Бұл мешіт Ділдә Қоқанованың демеушілігімен және қолдауымен бой көтеріп жатыр.

Бұл жерде 250 орындық мешіт үйі, 30 адамдық медресе, 400 адамдық ас беру орталығы, ер және әйел адамдарға арналған дәрет алатын орын салынуда. Мешіт құрылысын бұрын осындай қасиетті орындарды салып маманданған, қырық адамнан тұратын құрылыс бригадасы сапалы жүргізуде. Имандылыққа бет бұрған, адамгершілікті, адалдықты жанына серік еткен жандар үшін Алланың бұл үйі жамағатқа үлкен қуаныш болды.

Шалқар қаласындағы Мырзағұл Шыманұлы көшесінің бойынан салынған Қазанғап атындағы саз мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жаңа ғимарат та кәсіпорын демеушілігімен жүзеге асып отыр. Оған еліміздегі «Тетис Сервис Қазақстан» компаниясы қаржылай демеушілік жасаса, құрылысын қаламыздағы «Ерзат» өндірістік кооперативі жүргізген. Жалпы аумағы 418 шаршы метр болатын жаңа саз мектебінің ішін компания толықтай жаңа жиһаздармен жабдықтаған.  300 балаға арналған бұл мектепте қазір баян, домбыра, қобыз сыныптары секілді 12 үйірме жұмыс істейді.

Балабақшалар «Балапан», «Еркемай» т.б . Жаңа мейрамханалар, тойханалар бой көтеруде.

Бірнеше сауда орталықтары «Сұңқар», «Нұр-ай» «Анвар» т.б халық игілігіне жұмыс жасап жатыр.

 

Бұл мектеп — облыстағы Елбасы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 1200 оқушыға арналып салынған санаулы мектептердің бірі. 2008 жылдың аяғында пайдаланылуға берілген мектеп заман талабына сай толық жабдықталған.

Ғимарат көлемі 21 056 шаршы метр, 3 қабатты, 6 блоктан тұрады. Мектепте 468 бала оқиды. Балалар Ф.Вассерманның «Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясы бойынша оқытылады.

Ауданда жаңа емхана мен аурухана   бой көтерді

2007 жылы аудандық ауруханадан денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтарына сәйкес емхана дербес бөлінді.2007жылдың қазан айында аудандық емхана жаңадан салынған типті екі ғимаратқа көшті; емхана құрамында 12 дәрігерлік амбулаториялар, 12 медициналық пункт қарайды. Халыққа дәрігерлік медициналық көмек көрсетудің деңгейі көтерілді, жаңадан заманға сай медициналық құрал-жабдықтар алынды, тұрғындардың емделуіне, медициналық қызметкерлерге барлық жағдай жасалынған.

Аурухана

2006 жылы Аудандық аурухана ғимараты салынып, аурухана жаңа ғимаратқа көшірілді, бұрынғы аурухана ғимаратына туберкулез ауруларына қарсы жаңадан ашылған 60 койкілік (төсек) аурухана орналасты.

Тағы бір жаңалығымыз — биыл Шалқар ауданында келіп оқитын балалардың көптігіне байланысты, аудан орталығынан жергілікті әкімшілікпен келісе отырып, жаңа Бәйішев колледжі салынды. Бұл Шалқар мен оған жақын орналасқан аудандардың балалары үшін үлкен қуаныш.

ІІ слайд. Ертеңгі  Шалқар

ІІІ. Қорытынды: Ән Шалқар вальсі

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.