Экономика

Қызылорда облысы  Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия технология пәні мұғалімі
Сырманаева Жанзия

 Сабақтың тақырыбы: Бизнесті жоспарлау

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: оқушыларға нарық заманына сай бизнес,оны жоспарлау жолдарын түсіндіру.

Б)дамытушылық:бизнеспен шұғылданудың артықшылығы жайлы видео,тапсырмалар арқылы қызығушылықтарын арттыру,ой-өрістерін,таным қабілетін дамыту

в)тәрбиелік:Өздігінен ізденуге,өз бетінше өмір сүре білуге,еңбекке,іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі: топпен жұмыс

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,ойындар,есептер шығару,пікірлесу,жарнамалау

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру

Сабаққа назарларын аудару

Оқушыларды түгендеу

Көмекші кіші мұғалімдерді бекіту

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Бизнес жайлы түсінік

 

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

«Әмиянды толтыр» ойыны арқылы өткен сабаққа шолу

 

ІҮ.Жаңа сабақ

Бизнес-бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.Ол бірін-бірі өзара толықтырушы іс-әрекеттер мен операциялардың кешенінен тұрады.Ол кешеннің бірі-жоспарлау.

Бизнес-жоспар мәмілелер жүргізу бағдарламасы  және соның негізінде пайда табу,яғни қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесі.

Бизнес-жоспар кәсіпкерге өзінің фирма жұмысын іске асыратын мәмілелердің сенімділігін,өтімділігін негіздейтін құжат ретінде қажет.

Бизнес-жоспар бірнеше жылға жасалады.

  Бизнес-жоспар мынадай міндеттерді шешеді:

-таңдаған нарық секторындағы жағдайды игеру

-өнімді өткізуге және оны дайындауға кететін шығынды бағалай алу

Пайдалылықты анықтау,шығындарды есептеу

   Ережелері:

Бірінші: жоспарды құрған кезде операциялардың көлемі мен мерзімі жайлы ойлау маңызды.

Екінші:нәтижесінде тұтынушыға сатылатын кәсіпқойлық өнімнің мінездемесі беріледі,бәсекелестердің потенциялдық деңгейін анықтайды.

Үшіншіден:күткен нәтиженің және қажет болатын ресурстардың есебі жасалады.Ресурстар неғұрлым толық және анық болса,соғұрлым нәтижелі болады.

Төртінші:кәсіпкер алдын ала істі неден және қандай сатыдан бастау керектігін,оған әсер ететін ортаның ықпалын,саяси,әлеуметтік факторларды ескеру керек.

 

Ү.Жаңа сабақты бекіту:

1.Сюжеттер көру:

  1.  «Айсұлу» сауда  орталығы
  2. «Азамат»  шаштаразы

2.Салыстыру кестесі:

артықшылығы Кемшілігі
Ешкімге тәуелді емесБарлық табыс (пайда) өзінде қалады

Ешкімге жауап бермейді,өзі би

ШаршайдыБарлық қызметтеріне өзі жауапты

Банкрот болса бар мүмкіндіктерінен айырылады

Несие алу шектеулі,өндірісті кеңейту үшін кез келген банктен несие ала алмайды

 

 

ҮІ.Практикалық бөлім

Топпен жұмыс:

1) «Менің бизнес-жоспарым»

1топ- «шаштараз»

2 топ- «мейрамхана»

3 топ- «сауда орталығына» бизнес жоспар жасау

Түсетін табыс шығындар Таза пайда (1 айда)
Орта есеппен күніне неше адамға қызмет етесің 1 күнде 1 айда Коммуналдық төлемдер Салық 10% Қажетті құрал-жабдық немесе азық-түлік алуға Басқа да шығындар
 

 

 

2) «Жарнама»

3 топ өз кәсібін жарнамалайды

 

3) «Кім жылдам?»

1 топқа:

Күнделікті қызмет көрсетуіңіз орта есеппен 5000 теңге болса, мереке күні 17000 теңгені құрады.Жоспарды күндегіден неше % артық орындадыңыз

 

2 топқа:

100 адамдық той өткіздіңіз.пайдаңыз 270000 теңгені құрады.Содан 25% шығынды алып тастаңыз.Сонда неше % пайда көрдіңіз?

 

3 топқа:

Жаз айында сары май 250 теңге тұрды.қазір 300 теңге тұрады.май қанша %-ке қымбаттады?

ҮІІ.Қорытынды

ІҮ. «Хат келді»: «Ұлттық  банктің  төрағасының  тапсырмасы:»

 

Ү. «эрудит» ойыны

1 топ- «кәсіпкер»

2 топ-«бизнесмен»

3 топ- «экономика»

 

ҮІІІ.Бағалау

Кіші мұғалімдердің бағасын талдау

 

ІХ. Үйге тапсырма

«Егер мен бизнесмен болсам…» эссе жазу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше