Без рубрики

Живопись өнері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп – гимназияның
бейнелеу пән мұғалімі Аминова Гүлдариға Аманғалиқызы

Сабақтың тақырыбы:  Живопись  өнері

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:   Живопись  өнерімен  және  оның түрлерімен, мән-мағынасымен танысу.

Тәрбиелігі:   Бейнелі  көркем етіп сурет  салуға,  мазмұнына  көңіл  бөліп, тиянақты  сурет   салуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы:  Живопись  жанрларын ажырата білу  қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:   аралас  Типі:  жаңа сабақ

Әдісі: Сұрақ –жауап,  түсіндіру,  сарамандық жұмыс жасау

Көрнекілігі:  интерактивті тақтадан  живопись өнеріне  байланысты слайдтар

Құрал-жабдығы: бейнелеу құралдары

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

( Амандасу,  оқушыларды түгелдеу,  сабаққа даярлығын тексеру)

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар практикалық  жұмыстарын өз-өздерін бағалау арқылы мольбертке іледі.

«Сиқырлы сандық» ойыны.

Ойын мазмұны:  Сандық  ішіне  үй  тапсырмасы бойынша  сұрақтар жазылған суреттер салынады. Оқушылар  ретімен  алып жауап береді де,  тақтаға іліп қояды

  Сұрақтар: 

Бейнелеу өнерінің  түрлерін ата.

Қазақтың  тұңғыш суретшісі кім?

Графика  дегеніміз не?

Графика түрлерін ата.

Автопортрет дегеніміз не?

Қазақтың тұңғыш суретші қызы кім?

Линолеумге  салынған  сурет не деп аталады?

Литография  дегеніміз не ?

Белгілі бір әңгіме,  өлең, ертегі мазмұнына  салынған сурет?

Ксилография  дегеніміз не?

( Үй тапсырмасын сұрау  барысында  тақтадағы  суреттерден жаңа  сабақтың тақырыбын  ашу)

ІІІ .Жаңа сабақ

-Тақтада ненің суреттері ілінген?

-Портрет, пейзаж, натюрморт.

-Осы суреттер бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

-Живопись өнері түріне .

-Олай болса, балалар біздер бүгін бастауышта живопись өнерінен алыңған білімдерімізді әрі қарай жалғастырып ,живопись өнеріне тоқталамыз.

Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған  түрі болып саналады. Көркем шығармалар сан құбылмалы бояулардың үндестігі арқылы көз тартады. Живопистің графикадан айырмашылығы осында. Суретшілер өнердің ұшы -қиырсыз осы саласына өздері сүйген әуен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи , соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.

Живопись дегеніміз – орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған,  яғни көріністермен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу. Қазақша живопись өнерін кескіндеме дейміз. Қазақстанда кескіндеме өнері 20 –жылдан бастап дами бастады. Бұл оған дейін Қазақстанда бейнелеу өнері болмады деген ұғымды туғызбау керек. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою-өрнек өнері , ши тоқу, алаша, сырмақ сыру және т.б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып басқа елдерге де танымал болған. Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі түріне жатады. Кескіндеме өнерінің жанрларына тоқталатын болсақ, «жанр» -француз сөзі  «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді. Живопись мынадай жанрларға бөлінеді:

1.Натюрморт

2.Пейзаж

3.Портрет

4.Тақырыптық картина.

Натюрморт-француз сөзі. «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді, яғни жансыз заттарды бейнелеу. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғ басында Голландияда пайда болды. Натюрмортта жеміс-жидектер, ыдыс-аяқтар, оқу –құралдары т.б. заттар бейнеленеді.

Пейзаж- француз сөзі, «табиғатты бейнелеу» деген ұғымды білдіреді. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде , сондай-ақ Европада дамыған. Пейзажда табиғаттың өмірде бар нақты көрінісі бейнеленсе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.

Портрет- «адамдарды бейнелеу» .Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын дамыды. Портрет жанры ежелгі Египетте, Римде кеңінен дамыған. Қазақстан қылқалам шеберлері арасында портрет жанрында өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен Ә.Қастеев. Ә.Қастеев «Ана» образын ерекше сомдаған. Келбеттік  бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көзжанарынан терең философиялық ойды байқауға болады.  Ә.Қастеевтің бұл туындысы Қазақстан бейнелеу өнері қорынан орын алған.

Тақырыптық картина –бұл белгілі бір тақырыпқа салынған сурет. Мысалы, «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз», «Мен Тәуелсіз елімді бейнелеймін», «1 маусым –Балаларды қорғау күні» , «Мен нашақорлықсыз өмірді таңдаймын» т.б. тақырыпқа салынған суреттер тақырыптық картинаға жатады.

Техникалық орындалу жағынан живопись мынадай бөлімдерге бөлінеді: майлы бояумен орындалатын живопись, темпера, фреска, мозайка, витраж, акварель, гуашь, пастель. Біздер көбінесе сабақта осы аталған техниканың ішінде гуашь, акварель, пастельді қолданамыз.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Натюрморт жанрын бейнелеу.

(Вазадағы жеміс-жидектер салынады)

Натюрморттың орындалу кезеңдері:

1.Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.

2.Қағазға орналастыру жолдары түсіндіріледі.

3.Қойылған заттың сыртқы кескінін қағазға белгілеп аламыз.

4. Сурет қойылған заттардың суретінің симметриясы сызылған жүргізуден басталуы керек.

5.Әр заттың сыртқы орамасы қандай геометриялық денелердің сыртқы пішініне ұқсайтындығына талдау жүргіземіз.

6. Артық сызықтарды өшіреміз , суретті әр заттың түсіне сәйкестендіріп жарық көлеңкесін ажыратып боямыз. (Оқушылардың жұмыстарын аралап тексеріп, артық кемшіліктерін айту)

V. Бекіту

Білемін Үйрендім Білгім келеді.
     

 

(Тақтаға балалар өздері жазады)

VІ. Бағалау. (Жаңа сабақ бойынша оқушыларды бағалау)

VІІ. Қорытынды.

-Живопись дегеніміз не?

-Живописьтің қандай жанрлары бар?

-Натюрморт дегеніміз не?

-Пейзажда не бейнеленеді?

-Портрет дегеніміз не?

-Тақырыптық картинада қандай суреттер салынады?

-Живописьтің орындалу техникасы қандай?

VІІІ. Үйге тапсырма:

Живопись жанрын оқу

Сынып тапсырмасын аяқтау

Қазақстанның пейзаж жанрымен айналысатын суретшілерін анықтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.