Баяндамалар

Бастауыш сыныптарда "Жобалық оқыту" әдісін қолдану. Баяндама

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы
Абай атындағы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Нысанова Ақжамал Меллятқызы

«Естігенімді  —  ұмытамын,  көргенімді — есте  сақтаймын,
өз  істегенімді  — меңгеремін»   Конфуций

Жоспары:

І.  Кіріспе 1. Жаңа формация мектебінде – жаңа талаптар
ІІ. Негізгі  бөлім:

  1. «Жобалық  оқыту»  әдісі – жаңа  ғасыр  технологиясы.
  2. Жобалық  оқыту  әдісінің  кезеңдері.
  3. Жобалық  оқыту  технологиясы  бастауыш   сыныптың оқу –тәрбие үрдісінде   (сабақтар, тәрбие шарасы үлгілері)

ІІІ. Қорытынды бөлім    Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі – дүниежүзілік  білім  әлеміне  ену. Бұл  салада  білім  беру  ісінің  мазмұнын  жаңа  бағытқа  бұрып, құрылымдық  жүйесін  жаңарту, өзгерістер  енгізу  —  білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғышартта  тұрғаны  баршамызға  аян. Демек, Егеменді  Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін  мұғалім – шығармашыл, жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  шебер, ізденімпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық  әрекетке  қызығушылығының  басымдығы.

Қазіргі  жаңа  формация  мектебінде  жұмыс  істеп  жүрген  педагогтардың алдында  тұрған негізгі  проблемалары:

  1. Баланы  оқи  білуге  үйрету;
  2. Баланы  ойлауға  үйрету;
  3. Баланың  өзін-өзі тұлға  ретінде дамуына   жағдай  жасау;

Осыған  орай  мектеп  білімі  түбегейлі  жаңартылып, мұғалімнің  қызметінің мақсаттары  кеңейіп, үлкен  өзгерістер  үстінде. Әр  педагогтың  міндеті – оқушының  шығармашылық  ойына  бағыт  беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  туғызып, оның  шешімін  табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге, жүйелі  зерттеулерге  талдау жасауға  талпыныс  беру. Осы  қажеттіліктерді  оқушыларға  меңгерту  барысында  жобалық  оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді.

Жұмыс  мақсаты: бастауыш  сынып  оқушыларына  жобалық  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін  үйрету, сабақтары  барысында  және   сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  тәжірибесін  талдау, оның  тиімділігін  анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың  шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.

Міндеттері:

—     оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;

—     жобаның кезеңдерінің технологиясын  меңгеру және оқу- тәбие

үрдісінде қолдану;

—     оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру;

—     оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми

көзқарасын қалыптастыру;

—     оқушыларға  болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға

жәрдемдесу;

—         оқушының шығармашылығын дамыту;

—         оқушы дамуына мониторинг жүргізу.

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау.

ХХІ ғасырда әлемдік  білім  беру  жүйесінің дамудағы  негізгі  басымдықтарының  бірі – мектеп  білімін  жаңарту. Ол  оқушылардың  неғұрлым  өз бетінше  білім  алып, оны  іс  жүзінде  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған.

Оқушылардың зерттеу жұмысын  ұйымдастыру және  жоба  жұмысын  жасауға  мақсатты, әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені – бүгінгі  күн  талабы. Сондықтан  да  жобалау  технологиясының тиімділігі  күннен  күнге  артуда.

Бұл  технология  әлемдік  педагогикада  жаңалық  емес. Ағылшын  тілінен  аударғанда  «cooperative  learning» — «бірге үйрену», ал  латын тілінен аударғанда «projectus» —  «алдын  ала»  деген  мағынаны  білдіреді  деген  екі  ұғым  бар.

Жобалау  технологиясы – ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ  ауылшаруашылығы  мектептерінде пайда  болған.  Оның  негізін  қалаған  — Джон Дьюи  атты  психолог  және  педагог, философ. Дьюидің  ілімін  жалғастырушы  — Колумбия  университеті  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  профессоры Уильям  Херд   Килпатриктің  ойынша, балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру  арқылы  үлкен  өмірге  дайындау – бұл технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек тігіп  киген  бойжеткенді  мысалға  алайық. Егер  ол   кейін  өзі киетін көйлегі  үшін  жанын  аямай, ерінбей, аса  қызығушылықпен  көйлек  үлгісін  өзі  ойлап  тауып, өз  бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе – бұл  мысал  жобалау  технологиясының  нағыз  типтік  үлгісі»  деген  екен  Килпатрик.

     Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  мектептерде  жобалау  технологиясын  енгізуге  асықпай  жүргенде, ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада,   Англияда, Австралияда  және  Жаңа  Зеландияда  ол  кеңінен  таралып  жатты. Еуропаның  да  бірқатар  мемлекеттерінде   ол  кең  тамырын  тереңге  жая  бастады.

Уақыт  өте  келе  еркін  тәрбиелеу  ойынан  туындаған  жобалау  әдістемесі  біртіндеп  «тәртіпке  бағынып», білім  беру  әдістемесі  құрамына  табыспен  еніп  отыр.

Бірақ  оның  негізгі, түпкі  мақсаты  қай  кезде  болса  да  қала  бермек – оқушыны  білім  алуға  және  сол  білімін  мектеп  қабырғасынан  шыққанда  нақты  проблемаларды  шеше  білуде  қолдануға  үйрету.

Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше  проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.

Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді.  Оны  салыстырып  көрелік:

 

Мұғалім

Оқушы

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы Оқыту  субъектісі
Бағыт – бағдар беруші, кеңесші Мақсатқа  дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект
Оқушының  жетістігін  құптаушы Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы

 

Ынталандырушы, мақсат қоюшы Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі

 

Мақсаттарға  жетелеуші Өз ізденісімен  табысқа  жетуші шығармашылық  тұлға

 

Жобалау  технологиясын қолданудағы  негізгі  алдыға  қояр  мақсат – оқушылардың  қызығушылық  ынтасын  дамыту, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру, ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни  тұрғыда  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы әр  түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  бейімдеу.

Егер  оқушы  жоба  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып, жоспарлай  білсе, оны  дұрыс  орындай  алса – ол  болашаққа дұрыс  бейімделген  тұлға  болып  қалыптасады. Әртүрлі  жағдаяттарда  дұрыс  шешім  қабылдай  отырып, әртүрлі  адамдармен  тіл  табыса  отырып, әр  ортада  дұрыс  бағыт-бағдар  бере  алады.

Жобаның  тиімділігі – көзбен  көріп,  құлақпен  естіп, есте  сақтай  отырып  оқушыны  ізденіске,  іскерлік  пен  танымдық  ынтаға, шығармашылық  қабілетті  жетілдіру  арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге, тапқырлыққа, жаңа  ғылыми  ізденіске  жетелеуде.

Жобалау  технологиясының  негізінде – оқушылардың  жұппен  немесе  топпен  бірігіп  дайындайтын  шығармашылық  жұмыстар  жатыр.

Жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін, оны  жоспарлай  білу  қажет:

Жоба жұмысы кезеңдері

 

Жұмыс  мазмұны

Мұғалімнің негізгі

 іс — әрекеті

Оқушының

 іс-әрекеті

1. Дайындық  кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әр оқушының пікірін ескере отырып, жұмысты жоспарлауға үйретеді. Өз ойын ортаға салады, орындайтын тапсырмаларының мақсатын анықтайды.

2. Жоспарлау

Топқа бөлу, ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әр топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтайды Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинақтауға бағыттайды.Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып,ұжымдық талдау шешімін тыңдайды. Ұсыныс береді. Топа арасында өз қызметтерін анықтайды. Жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлайды, бірінші нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді.

3. Зерттеу

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау. Зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, ғаламтор, баспа материалдары, энциклопедиялар Оқушы күнделігін бақылап,әрбір топ жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке сөйлесу, талдау,нәтижені салыстыру,арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру Өз зерттеулерін  ж.ргізеді.

4.Нәтижені  талдау

Ақпаратты  талдау.  жұмыс Бақылайды, кеңес береді

өнімдерді  қарайды.

Өнімдерін  дайындайды, көрсетеді

5. Тұсау  кесер

Дайын өнімдерін қорғау  ауызша немесе жазбаша (буклет, альбом, презентация,коллаж) түрде жүзеге асады. Тыңдайды, проблемалық сұрақтарын қою арқылы оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алған нәтиже туралы есеп береді, бір – бірін тыңдай отырып, толықтыра алады.

6.Бағалау

  Шығармашылық жұмысты бағалайды, ұсыныстар береді, еңбек иелерін  алдағы мақсаттарға жетелейді. Жұмыстары арқылы бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды.

Бастауыш  сыныптар  үшін  жобамен  жұмыс  кезеңдері

 

Мотивациялық

Жоспарлау — дайындық

Ақпаратты — операциялық

Рефлексивті — бағалау

 

Мұғалім

жалпы түпкі ойды мәлімдейді, жағымды мотивациялық күй туғызады.

Оқушы  талқылайды, өз  ойларын  ұсынады

Жобаның тақырыбы, мақсат- міндеттері, әрекет жоспары анықталады.

Нәтиже, бағалау критерийлері,

әрекет әдістері келісіледі.

Бастапқыда мұғалімнің көмегінің кажеттілігі туындайды да, соңынан оқушының өзбеттілігі басымдырақ болады.

 

 

Оқушы: материал жинайды, әдебиетпен жұмыстанады, жобаны жасақтайды.

Мұғалім: бақылаушы, басқарушы, ақпарат көзі.

 

 

Оқушы:

 жобаны ұсынады, ұжымдық талқылауға қатысады, өзін бағалайды.

Мұғалім: қорытындылайды, ұжымдық бағалауға қатысады.

 

 

 

Бастауыш  сыныптарда  жобалық  оқытуды  қолдану  үшін:

 

► Оқушының коммуникативтік  дағдылары  қалыптасуы  қажет

 

—  сауалдар  қою (басқа  оқушының  пікірін  білу, ақпарат  жетіспегенде

мұғалімнен  сұрау)

—  дауысымен  басқару;

—  өз  көзқарасын  білдіру (барлығына  түсінікті  түрде  өз  ойын  ашу,

дәлелдеу)

—  келісімге  келу;

 

►Оқушының  ой — өрісінің  дамуы, «ақыл – ой  толықтығы»

 

—  талдау,  біріктіру әрекеттерінің  дамуы;

— салыстырмалы  талдау  жасау;

— негізгіні  бөліп  көрсету;

— жалпы  әрекет  әдісін  табу, оны  қолдану  мүмкіндігі;

 

► Өзіндік  бағалау  әрекеті

 

—  өзінің  және  басқаның  жұмысын  шынайы  бағалау;

— нәтижені  және  оқу  міндеттерінің  шешілу  барысын  бағалау  дағдысы;

— кемшіліктерді  көру;

 

Бастауыш  сыныптардағы зерттеушілік  әрекеттердің  міндеттері:

 

— Проблемалық ойын  ситуацияларына  оқушылардың  енуі;

— Проблемалық  ситуацияның шешілу  жолдарын  табуға  қажеттіліктің  туындалуы  (мұғалім – оқушы);

— Зерттеушілік  әрекеттерге  үйрету (практикалық  тәжірибелер)

Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері:

 

Бастапқы: негізгі  тақырыпты  анықтау;

Ізденіс: жоба  жұмыстарын, ақпарат,  әдебиет  көздерін айқындау, жоба  бойынша  жеке  жұмыстарды  топ  ішінде  ұйымдастыру;

Нәтижені  өңдеу: зерттеу  тақырыптары  бойынша презентациялар  дайындау

Тұсау  кесу: жұмыстарын  қорғау;

 

Зерттеу  жұмысының  негізгі  сатылары:

 

  1. Ақпараттық  —  «не  істеу  керек?»
  2. Жоспарлық  —  «бұған  қалайша  жетуге  болады?»
  3. Шешім қабылдау  —  «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»
  4. Орындау  —  «жүзеге  асыру»
  5. Бақылау – «тапсырма  дұрыс  орындалды ма?»
  6. Бағалау  —  «келесі жолы  нені  дәлірек  істеген  жөн?»

Жобалық  оқыту  әдісін  бастауыш  сыныптың  оқу – тәрбие  жұмыстарында қолданған  кездегі  сабақтар   және  тәрбие   шарасы  үлгілері

 

Пәні:  Дүниетану

Сыныбы: 3 – сынып

Тақырыбы:  Жануарлардың  сан  алуандығы. Орамжапырақ  көбелегі. Бал

арасы.

Мақсаты: 1.Жануарлардың  сан  түрлілігі  туралы  оқушыларға  ғылыми  негізі

бар  түсінік  қалыптастыру. Кейбір  бунақ  денелілердің  ерекшеліктерін

жобалау, зерттеу әдістері  бойынша  ерекшеліктерін анықтап,

оқушыларға  жеткізу;

2. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік

ұғымдарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын,

шығармашылық, танымдық  қабілеттерін, сөйлеу қорларын дамыту;

3.Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға баулу.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй  тапсырмасы «Өсімдіктер  тіршілігі» (  тірек-сызбалар  арқылы өсімдіктер ерекшеліктерін қорғау)

1 – топ:  «Өсімдіктер  алуан  түрлі»

2 – топ:  «Сыртқы  орта  жағдайлары»

3 – топ:  «Өсімдіктер  топтары»

4 – топ:  «Өсімдіктердің  бірлесіп  өсуі»

ІІІ. Жаңа  сабақ  («Миға шабуыл» ребус шешіліп,жаңа сабақ тақырыбы ашылды)

  1. Негізгі  зерттеу  сұрақтар:

а) Жануарлардың қандай  топтарға  бөлінетінін білгім келеді?

ә) Орамжапырақ   көбелегінің  ерекшеліктері  қандай?

б) Неге бал  арасын – еңбекқор жәндік деп атайды?

в) Көбелектердің басқа түрлері, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін білгім келеді.

 

  1. Презентациялар  шеруі

1 – топ 

Тақырыбы:   «Жануарлар  топтары»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    Реферат

Қорғау: Топ  лидері

2 – топ: 

Тақырыбы: «Орамжапырақ  көбелегі, оның  ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

3 – топ

Тақырыбы: «Бал  арасы – еңбекқор  жәндік»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Буклет. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

4 – топ

Тақырыбы: «Көбелектер түрлері және олардың ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Коллаж. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

 

  1. Венн  диаграммасы  арқылы  орамжапырақ  көбелегі  мен  бал  арасының  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін  айқындау.

 

  1. БҮҮ  кестесі

 

Не  білдім?

Не  білгім келеді?

Не  үйрендім?

Жануарлар, жәндіктер  туралы қызықты мәліметтер, ерекшеліктерді білдім Басқа да қызықтыратын мәліметтерді Жобалауды, зерттеу  жасауды, коллаж  құрастыруды, жұмысымды қорғауды үйрендім

 

ІV. Үйге  тапсырма: мәтін  бойынша  тірек – сызба құрастыру, мазмұнын

баяндау.

V. Рефлексия

 

Оқушылардың  жүргізген зерттеулері мен қорғаған жұмыстарынан  мысалдар

  1. 1.     Жануарлар  топтары:

 

 

 

2.   «Орамжапырақ  көбелегі, оның  ерекшеліктері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  3.  «Бал  арасы – еңбекқор  жәндік»

 

 

Уынан дәрі жасайды, өсімдіктерді тозаңдырады, адамға өнім береді

Үш бунақ бөлімнен үш жұп аяқ, жұп қанат, жұп мұртшалардан тұрады

 

 

 

 

 

 

Бал  арасы

 

   Осы  бір  кішкентай  бал  арасы  қаншалықты   бал  тасуы  мүмкін. Өйткені бір  омартадан  ондаған килограмм  бал  алынады.Бір  килограмм  балға  айналатын  гүл  шырынын  жинау  үшін  бал  арасы  300  мың  км-дей ұшып, сол кезде 19 млн. гүлге қонуы керек. Ал   бірнеше кг бал жинау үшін миллиондаған км  қашықтыққа ұшады деген  сөз.

Жұмысшы  ара  небәрі  30 – 35 күн  ғана  өмір  сүреді екен.Алайда, бал  арасының  еңбекқорлығы  бекерден – бекер  мақалға  айналмаған: өйткені, бір  бал  арасы  сағатына  6,5 км  жылдамдықпен  ұшып,  бір  жұмыс  күнінің  ішінде  шамамен 7000 гүлге  қонады  екен. Оның  барлық  органдары  гүлдеген  өсімдіктерден  шырын  жинауға  бейімделген: артқы  аяқтарындағы арнайы  щеткалары  мен себетшелері  арқылы  тозаң  жинайды  әрі  оны  тасымалдайды. Ұзын  тұмсығымен  гүл  шырынын  сорады, жемсауында  гүл  шырыны  балға  айналады,  тіпті  тапқан  шырынды  өсімдіктерін  біріне – бірі хабарлайтын  күрделі  хабарлауыш жүйесі де бар.

Жұмысшы  аралардың   қызметтері  қатаң  ажыратылған: біреулері  тамақ  тауып  ұяға  алып  келеді, екіншілері  оны  алып  балауызға  құяды, үшіншілері  балауызды  тазартады,  төртіншілері  қанаттарымен  ұяны  желдетеді. Бесіншілері  «күзетшілік»  қызметін  атқарып, ұяның  есігін  бағады  және  жауларын  ішке  кіргізбейді. Ал  алтыншылары  лечинкаларды  тамақтандырады.

Аналық  аралар  ешқандай  жұмыс  жасамайды  екен, олар  тек  өздерінің   күтімімен  ғана  болады  және  соны  басқа  аралардан  да  талап  етеді  екен.

Міне, қызық!  Ара  бір   ғана  рет  шағады  екен. Өйткені  оның  құйрығындағы  шаншары  адамның  денесінде  қалып  қояды  да, шаншарынан  айырылған  ара  көп  кешікпей  өледі  екен.

 

 

 

  1. 4.      «Көбелектер  түрлері  және олардың  ерекшеліктері»

 

      а)  Көбелектердің  түрлерінен  коллаж  дайындалды.

 

      ә)  Жұлдызқұрттардың   көбелекке  айналу  сәтінен  зерттеулер  нәтижесі

 

Жұлдызқұрт  көбелекке  мүлде  ұқсамайды.  Тіпті  мұндай  «құрттан»   қанаты  жібектей әдемі   көбелек  шығатынына  сенбейсің. Осы  жұлдызқұрттан  қалай  көбелек  шығатынын  зерттеп  көрейік.

Зерттеу  әдісі:

  1. Көбелектің  жұлдызқұрттарын олар  жүрген  өсімдіктің  жапырағымен  қоса

жинап  аламыз.

  1. Оларды  банкаға  немесе  қорапқа  салып,  ішіне  ауа  керек  болатындықтан, аузын  дәкемен  жабамыз немесе  қақпақтың  аузын ұсақтап  тесіп  қоямыз.
  2. Жұлдызқұрттар  пайдаланған  ескі  жапырақтарды  алып  тастап, оның  орнына  жаңадан  жас  жас  жапырақтар  салып  отырамыз. Өйткені  олар  үздіксіз  қоректенумен  болады.

Нәтижесі:

  1. Жұлдызқұрттардың  түстері  солғындайды.
  2. Бір  күні  таңертең  жұлдызқұрттың  орнында  кіп-кішкентай  қуыршақ  жатыр.
  3. Біраз  күннен  кейін  қуыршақтың   мөлдір  пленкасы  жарылып, көбелектің  басы, аяқтары  және  арқасы  көріне  бастайды.
  4. Келесі  кезекте  пленканың  өзі  түсіп  қалады  да,  көбелек  сыртқа  шығады. Оның  әдемі  қанаттары  әзірге  көрінбейді. Өсе  келе  байқалатын  болады.

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

Күндізгі  емен  көбелегі                                     Махаон  көбелегі және

және  оның  жұлдызқұрты                                     оның  жұлдызқұрты

 

Түйін:   Көптеген  бунақденелілер  жұмыртқадан  жаратылса, көбелектердің  дернәсілі – жұлдызқұрт. Өзінен  көбелек  шығатын  жұлдызқұрт  көбелекке  мүлде  ұқсамайды. Көбелек  жұлдызқұрты  жапырақтармен  қоректенеді.

 

 

Пәні:  Ана  тілі

Сыныбы: 1 – сынып

Тақырыбы:   «Малдың  төлін  сүюі»

Мақсаты:  1.Жануарлардың  төлдеріне  деген  махаббатын оқушыға ұғындыру.

Адам мен баласының арасындағы  сүйіспеншілікті  салыстыра білу.

2. Мәнерлеп  оқу дағдыларын жетілдіре  отырып, сөйлеу  қорларын

кеңейту. Зерттеу, жобалау  жұмыстарына бағыт   беру.

3.Ата-ананы  сыйлауға, құрметтеуге  баулу.

Көрнекілігі:  төрт  түлік пен  төлдерінің  суреттері, техникалық құралдар, буклетер,рефераттар.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй  тапсырмасы «Төрт  түлік  малдың қасиеттері  мен  ерекшеліктері»

Зерттеу  сұрақтары:

1. Түйе, бота, нар  туралы  білгім  келеді?

2. Жылқылар  туралы  білгім  келеді?

3. Сиыр мен  бұзау  туралы  не  білесіңдер?

4. Қой  мен  ешкіні   неге  бірге  қосады?

1 – топ: «Түйе»

2 – топ: «Жылқы»

3 – топ: «Сиыр»

4 – топ: «Қой»

5 – топ: «Ешкі»

ІІІ. Берілген  тапсырмалар  бойынша  презентациялар  шеруі

1 – топ 

Тақырыбы:   «Түйе»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4 форматты буклет

Қорғау: Муслимов Алтынбек

2 – топ 

Тақырыбы:   «Жылқы»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі: А4 форматты буклет

Қорғау: Төреш  Бекзат

3 – топ 

Тақырыбы:   «Сиыр»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:  Реферат

Қорғау: Хабибуллин Аманат

4 – топ 

Тақырыбы:   «Қой»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4 форматты буклет

Қорғау: Бейімбетұлы  Бекзат

5 – топ 

Тақырыбы:   «Ешкі»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі: А4 форматты буклет

Қорғау: Қыдырбекова Аяжан

 

ІУ. «Әдеби  мәтін» кезеңі

— «Малдың  төлін  сүюі» өлеңін  оқып,  түсіндіру.

— Өлеңді  оқушыларға  тізбектей  оқыту, талдау.

 

У. Не  үйрендік? Не  білдік? (Оқушылар  пікірін  тыңдау)

УІ. Үйге  тапсырма: 1.«Малдың  төлін  сүюі» өлеңің  мәнерлеп  оқу,

2.  Кесте  толтыру (үлгі бойынша аяқтау)

Малдар

Төлдері

Қалай еркелетеді?

Қой

Қозы

Қоңырым

УІІ. Қорытындылау. Бағалау.

 

 

Ашық  тәрбие  сағаты

Сыныбы:  4-сынып

Тақырыбы: «Жаса, жайна, ару Астана!»

Мақсаты:     Қазақ  елінің  кіндік  қаласы  Астана  туралы  толдық  ақпарат  жинап,

мағлұмат  алу. Оқушыларды  жобалау, зерттеу  жұмыстарына  үйрету.

Бас  қаламыз Астананың  болашағын  жалғастыратын, қазақ  халқының

адал, адамгершіл ұрпағын  тәрбиелеу.  Оқушыларға  патриоттық  тәрбие

беру, елін, жерін  сүюге  баулу.

Әдісі:   жобалық  оқыту

Көрнекілігі: техникалық, мультимедиялық  құрылғылар, бейнетаспа, суреттер.

Жүру  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. ҚР-ның Гимні

 

Негізгі  зерттеу  сұрақтары:

  1. Ежелгі  Сарыарқа туралы  не  білеміз?
  2. Ақмола  қаласының  Астана  аталуы  қалай  болды?
  3. Астанада  қазір  қандай  өзгерістер  жүріп  жатыр?
  4. Елордамызға  көркем  келбет  беріп  тұрған жаңа  ғимараттарымыз  қандай екен?

Жоба  барысында  нені  білгім  келеді? (оқушы  көкейіндегі   сұрақтар)

  1. Астанадағы  жаңа  ғимараттар  туралы  білгім  келеді?
  2. Бұрынғы  Ақмола  қандай  болды?
  3. Қаланың  атаулары  қай  жылдары, қалай  өзгерді?
  4. Алғашқы  кездегі  тұрғындары  және  білім  ордалары  туралы  білгім  келеді.

Жүру  барысы:

1. «Астана – болашаққа  ұмтылысымыздың  тарихымызбен, мәдениетімізбен және дүниетанымымызбен    ажырағысыздай  байланысты  символы. Сондықтан, барша қазақстандықтар  өз  елін, өз астанасын, мақтаныш  етуі  үшін  мен  сіздермен  бірлесіп  осында  Отанымыздың  Елордасын  салып  жатырмын. Астана – Отанымыздың  жүрегі, Тәуелсіздігіміздің  тірегі»    Н.Ә.Назарбаев

2. «Астана» сөзіне ассоцация құру

 

3.  Презентациялар  шеруі

1 – топ: «Ежелгі  Сарыарқа, астықты  алқап»

Ақпарат, мәлімет  жинау: топ  мүшелері

Өнімі: мультимедиялық  презентация   Қорғау:  Саягүл  Әбдірешова

 

Ақмоланың  тарихы 1830 ж. Қараөткелде Ақмола қамалының салынуынан бастау алады. Алғашқы 30 жыл ішінде Ақмола тұрғындарының саны 2000-нан асады. Одан кейінгі 30 жылда қала халқы 3 есеге көбйеді. Қалада небәрі 5 мектеп  пен училище, 3 фабрика болды.

Тың жерлерді игеру жылдары қала өміріне түбегейлі өзгерістер әкеледі. 1960 ж. 100 мыңға жуық тұрғыны бар Ақмола тың өлкесінің орталығы болып бекіді. Көп  ұзамай қаланың аты Целиноград болып өзгерді. Кейіннен  қаланың атауы бұрынғы атауын иемденеді. 1997 жылдары  қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгін де Астана 710,2 шаршы шақырым жерді  алып жатыр.

 

2 – топ: «Жылдардан қалған естелік»  (жылдар хрониасына шолу)

Ақпарат, мәлімет  жинау: топ  мүшелері

Өнімі: мультимедиялық  презентация

Қорғау:  Арайлым  Маратова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

> 1830 жылы  қазіргі  Астананың  іргетасы  қаланды;

> 1860 жылдары Ақмола қалашығының тұрғындары 2000-нан асты;

> 1890 жылдары қала тұрғындары 3 есеге артты;

> 1960жылдың желтоқсанында ақмола қаласы Тың өлкесінің орталығы болып бекіді;

> 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді;

> 1992 жылы Целиноград қайтадан Ақмола болып өзгертілді;

> 1994 жылдың 6-шілдесінде ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі елорданы Ақмолаға көшіру туралы Қаулы қабылдады;

> 1998 жылы  Ақмола атауы Астана болып өзгеріп, еліміздің кіндік қаласына айналды;

> 1999 жылы ЮНЕСКО-ның  шешімімен Астанаға алтын медаль және «Әлем  қаласы» деген жоғарғы атакғы берілді;

 

 

3 – топ: «Көрікті Астананың  көркем  келбеті»  (Астанадағы  бой  көтерген  жаңа ғимараттарр  туралы)

Ақпарат, мәлімет  жинау: топ  мүшелері

Өнімі: мультимедиялық  презентация

Қорғау:  Мерей Болатұлы, Мерей Құрманғазы, Ақөзен Бекежанова, Саяжан

Сабитова, Нұрқуат Мұсаев

(Қорғалған  барлық   ғимараттардың ішкі – сыртқы  фотосуреттері  көрсетілді)

►Ақорда. ҚР Президентінің  «Ақордасы»  2001 ж.  қыркүйек  айында  салына  бастады. Жалпы  көлемі 36720 шаршы метр.  ҚР Президентінің  ресми  тұсаукесері  2004 жыл, 24-желтоқсан  күні  өтті.

ҚР сы Парламентінің Сенаты, ҚР Парламентінің мәжілісі ғимараттары

ҚР-ның Үкімет  үйі

ҚР-ның Жоғарғы Соты

ҚР-ның Сыртқы Істер Министрлігі

ҚР-ның Тұңғыш Президентінің мұражайы

ҚР-ның Президенттік  Мәдениет орталығы

Астана халықаралық әуежайы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

«Думан» ойын-сауық орталығы

Мұхитарал

Ұлттық ғылыми медициналық орталық

«Астана-Бәйтерек» монументі

«Бейбітшілік  пен  келісім»  сарайы

«Нұр — Астана» орталық  мешіті

«ҚазМұнайГаз» кешені

Жаңа  көпір

«Астана –Арена» стадионы

 

4 – топ: «Жаса, жайна, ару Астана!»  (Астана туралы шығармашылық жұмыстар

көрмесі және әдеби монтаж дайындау)

Сурет салу, өлең шығару: топ  мүшелері

Өнімі: мультимедиялық  презентация, әдеби монтаж

Қорғау:  топ  мүшелері

 

4. Бейне  көрсетілім «Астана – менің  қалам»

4. Сөзжұмбақ  «Астана»

5. Қорытындылау.       «Не үйрендік? Не  білдік?»

 

Сонымен, оқушыларға  дайын  өнімді  қабылдайтын  ғана  емес, өз  бетімен  ізденетін , дербес  іс-әрекет  жасай  алатын  тұлға  ретінде  қарау – жобалау  технологиясының  негізі. Оқушының  зерттеу  және  жобалау  мүмкіндіктерін бағалай  келіп, баламен  жұмыс  барысында жобалау  әдістері  мен зерттеушілік  оқыту   әрекеттерінің  пайдасын түсіне  білу. Жобалаумен  қатар  зерттеушілік  жұмыстар   да  атқарылады. Зерттеу  жұмыстарының  барлық  кезеңдерінде негізгі күтілетін  нәтиже – баланың  жаңадан  алған  білімін игеру  қабілетін, алған  материалды  талдау, өңдеу  және  зерттеу  әдісінің  дағдыларын  дамыту.

 

     Бастауыш  сыныптар  үшін  жобалау  әдісі  арқылы

— Ауа  райы  және  оны  болжау

— Табиғаттағы  су  айналымы

—  Күн, су , ауа – біздің  достарымыз

— Жаңа өсімдік қалай пайда болады ?

— Ертегілер елінде

деген  тақырыптар  бойынша  сабақтар  өткізуге  болады.

 

Жобалық  технологияны  қолдануда  әр  оқушы:

 

•  білімді  өздігінен  меңгеруге,  сол  білімді  жаңа  танымдық  және  тәжірибелік  мәселелерді  шешуге  жұмсауға  үйренеді;

•     коммуникативті білік – дағдыны  меңгереді;

•     қаэетті  ақпараттарды  жинауға үйренеді;

•     қорытынды  шығарып, түйіндер  жасауға  дағдыланады;

•     талдау  жасауға  үйренеді;

 

Жаңа  жобалап  оқыту  технологиясы   оқу – тәрбие   үрдісінде  жоғарғы  нәтижелер  береді:

۩  Сабақтың  нақты  мәнін  терең  ашуға  көмектеседі.

۩  Оқушылардың  барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік  туады.

۩  Оқушылардың  әрқайсысының  деңгейін  анықтай  аласың.

۩   Оқушыларды  түгелдей  бағалау  мүмкіндігі  туады.

۩  Оқушыларды  ізденіске  баулып, өз  бетімен  жұмыс  істеуге

     дағдыландырады.

 ۩ Оқушылардың   қабілеттері, сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, шығармашылық  белсенділігі  артады.

۩ Жеке  шығармашылығын  шыңдауда, өзіне  деген  кәсіби  сенімін  қалыптастырады.

Бастауыш сыныптарда "Жобалық оқыту" әдісін қолдану. Баяндама: 2 комментария

  1. Сабақтарыңыз маған ұнады. Мен де осы әдістерді қолданып келемін. Шығармашылық табыс тілеймін

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.