Бастауыш сынып

 Қызылорда облысы   Қармақшы ауданы Төретам кенті
№
80 мектеп-гимназия Бастауыш сынып мұғалімі
Құдабаева Әмина

Сабақтың  тақырыбы: Сағи Жиенбаев «Әлия»

Сабақтың мақсаты: а) білімділік

Оқушыларды Сағи Жиенбаевтың «Әлия»  өлеңімен таныстыру, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, Отан үшін жанын қиған қазақ қызының ерлігінен мағлұмат беру, білімдерін көтеру

ә) дамытушылық

Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

б) Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр аға – апаларға деген шексіз құрмет сезіміне тәрбиелеу, Отанды сүюге, патриоттық сезімге баулу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың  типі: аралас

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтері

Сабақтың байланысы: сурет, музыка

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк, Әлия суреттері, С. Жиенбаев, С.Машақов суреттері

Сабақтың формасы: топтық жұмыс

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1.Керекті құрал – жабдықтарын түгелдеп, оқушыларды сабаққа дайындау

2.Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де, қуанасың сен де

Қуанайық бәріміз, арайлап атқан күнге

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

-Бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше,  әр топтан жауап берген оқушы  мынандай  дөңгелекшеге ие болады, ең көп жинаған оқушылар бағаланады. Оны сендерге топ басшылары таратып отырады. Соңында топтың жинаған дөңгелекшелері де саналады.

-Уйге қандай тапсырма берілді?

-Сәду Машақовтың  өлеңін жаттау және топтық тапсырмалар берілді.

  1. Өлеңді жатқа сұрау
  2. Топтық тапсырмаларды сұрау

І – топ  Өлең мазмұнынан не түсінгенін бейнелеу.

ІІ – топ Өлең мазмұнын айту

ІІІ – топ Батыр сөзіне 5 жолды өлең

 

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту      Сұрақтар арқылы

1 – топ      Мәншүк Мәметова кім?

2 – топ      Батырлық, ерлік жайында қандай мақал – мәтел немесе нақыл сөз білесің?

4 – топ      Мәншүк апамызға қандай атақтар лайық деп ойлайсыңдар.

ІІІ.І Сергіту минуты

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолында ту жүрсін

Қыз қолында гүл жүрсін

Қанат қақсын көгершін.

ІІІ.2   -Балалар, көгершін қандай құс?

-Ендеше осы көгершін бізге өз сөзжұмбағын жасырыпты, бәріміз бірге шешіп көрейікші.

  1. Ұлы Отан соғысына қатысқан пулеметші батыр қыз кім?
  2. Мәншүк апамыз Ұлы Отан соғысында  қандай қаруды қолданды.
  3. Мәншүк апамыздың пулеметі қалай аталды?
  4. Мәншүк өлеңінде зеңбірекпен қатар тағы қандай соғыс қаруы аталған?

 

ІУ.  Жаңа сабақ

-Ендеше бүгін Сағи Жиенбаевтың Әлия апамызға арнап жазған «Әлия» өлеңімен танысамыз.

-Алдымен Әлия апамыз туралы танысып алайық.

1.  -Ендеше экранға назар аударайық.

Әлия Молдағұлова туралы мультимедиядан корсетіліп, мәлімет оқылады.

2.  Дәптермен жұмыс.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.

-Енді белгілі ақын Сағи Жиенбаевтың Әлия апа өлеңімен танысайық.

Сағи Жиенбаев өмірімен таныстыру.

  1. Барлығымыз экранға назар аударайық.

4.Кітаппен жұмыс

-Барлығы өлеңді өз беттерінше бір рет оқиды, өлеңді әр оқушыға оқыту.

І – топ       Өлеңдегі түсініксіз сөздерді табады.

ІІ – топ      Өлең ұйқасына талдау жасайды.

ІІІ – топ      Өлеңнің мазмұнын айтады.

  1. Дәптермен жұмыс

4 – тапсырма бойынша кестедегі берілген сөздердің өлеңдегі баламасын жазу

Мәрмәр – сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас

Сергіту минуты

-Балалар осы өлеңді әуенге салып айтып көріңдер депті. Сендер Ибрагим Нүсіпбаевтың «Достық» әнін білесіңдер ме? Есімізге түсірейікші. Ендеше осы Әлия өлеңін бір әннің әуеніне салып айтып көр деген тапсырма бар екен. Кәне барлығымыз «Достық» әнінің әуенімен айтып көрейікші.

  1. Кітаптағы 5 – тапсырмаға қарайық. Мақал – мәтелдерді түсініп оқы. Олар берілген мәтінге қатысты екенін айтып көр.

І топ                Ер есімі – ел есінде.

ІІ топ               Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

ІІІ топ             Ер ерлігін істесе,

Ел елдігін істейді.

Енді осы соңғы мақалға қатысты Әлия апамыздың ерлігі бағаланды ма? Осы жөнінде білу үшін экранға назар аударсақ.

-Экраннан Әлияға қойылған ескерткіштер, Әлия атымен аталған көшелер мен мектептер, Әлияға берілген атақ туралы айтылады, көрсетіледі.

-Әлияға арнап көптеген ақындар өлең жазған. Әлия деген әнді білеміз бе? 1977 жылы халқымыздың дара әншісі Роза Рымбаева  орындаған «Әлия» әні «Жыл әні» атағын жеңіп алған. Ал әлемдік байқауда лауреат атанған екен.

Ендеше осы әннен үзінді тыңдап жіберсек.

Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әні көрсетіледі.

У. Сабақты бекіту

Балалар «Микрофон сізге» ойынын ойнап жіберейік.

-Біз бүгін Сағи Жиенбаевтың «Әлия»  өлеңімен таныстық. (Оқушылар жалғастырып алып кетеді)

УІ Сабақты қорытындылау

-Балалар, біз бүгін мерген қыз, батыр қыз Әлия апамыз туралы көп мағлұмат білдік. Ал мен сендерге бір нәрсені айтқан жоқпын. Ол Әлияның шын есімі. Расында Әлияның шын есімі кім және оны майдандас достары қалай атаған? Мен мұны 1- топқа тапсырғым келеді.

УІІ  Уйге тапсырма

1 – топ      Әлияның шын есімі кім және оны майдандас достары қалай атаған? Сұхбат алу.

2 – топ      Осы өлеңнен түсінгендеріңді қағаз бетіне бейнелеп келеміз.

3 – топ      «Батыр Әлия»  тақырыбына эссе жазып келеміз.

Ал өлеңді барлығымыз жаттап  аламыз.

УІІІ. Оқушыларды бағалау  Жинаған дөңгелекшелері арқылы бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше