Павлодар қаласының Қ.Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2.Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3.Өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, табиғат туралы сөйлемдер арқылы табиғатты аялауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдіс-амалдар: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқулық
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ескерту |
||||||||||||||
І.
Мотивация- лық кезең |
-Оқушылармен амандасу
-Оқушыларды түгендеу —Поэзия минуты М.Мақатаев «Даярлан» Нұрымен ақ таңның боялған, Өлкеміз ұйқыдан оянған. Күтуде асқар тау, сай, орман, Жорыққа, сапарға даярлан! |
-Кезекші жауап береді
Өлең жолдарын барлығы мәнерлеп оқиды
|
Тіл дамыту
Оқушылар ды сабаққа ұмтылдыру |
||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру | Қайталау сұрақтары:
1.Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір. 2.Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?Мысал келтір. |
176-жаттығу
Күрделі мүшелердің қай сөз табынан жасалғанын айту (бара жатыр, жасап отыр, ойнап жүр – етістік; көк бұйра, ақ шұбар – сын есім; он бес, отыз тоғыз – сан есім.) |
Есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту | ||||||||||||||
Операциялық кезең
|
1.Ой қозғау
|
1.Берілген мысалдарға дәлел айтады .
Күтілетін жауап:
|
Өз пікірін айтуға төсілдеу
Интерактив ті тақтада |
||||||||||||||
Жаңа ұғым | 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын белгілеуге жетелеу
|
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын кесте арқылы белгілейді.Күтілетін жауап:
1-ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. 2-ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады. 3-ереже: Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады 4-ереже: Бірыңғай мүшелер және мен, бен, пен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылмайды,ал да ,де,та,те, шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады.
|
Ауызша
Интерактив ті тақтада жазылып тұрады
|
||||||||||||||
Тапсырма | 1-тапсырма:Бір сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, байланысып тұрған сөйлем мүшесін анықтау.
2-тапсырма: Сөз тіркестерін пайдаланып, бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрап жазу
|
1-нұсқа: Марат, Мұрат, Есет орманға барды.
2- нұсқа: Балалар қағаздан ұшақтар, тікұшақтар, қайықтар, кемелер жасады. 3- нұсқа: Оқушылар демалыс кезінде мұражайда, театрда , көрмеде болды 1- нұсқа: сурет салды, өлең жаттады; 2- нұсқа: суға шомылып, күнге күйіп; 3- нұсқа: үш қозы, екі |
әр нұсқаға карточкалар беру | ||||||||||||||
Ойын-жаттығу
|
Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?Сол жылы сөздерді күн шуақтарына жазыңдар. | Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық,жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілікт.б. | Плакатқа маркермен жазу | ||||||||||||||
Сергіту сәті | Ана, бала, қала, дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат, Шөбі жұпар, суы кәусәр сай-сала, Бүкіл әлем аманбысың , жамиғат! |
Денелері сергітіледі
Интерактив ті тақтада |
|||||||||||||||
Оқулықпен жұмыс | 182-жаттығу
1.Өлеңді мәнерлеп оқы. 2-ші және 3-ші жолдағы бірыңғай мүшелерді салыстырып, айырмашылығын айту.
|
Тастары да тауымның сүйікті еді,
Тағылары жүр ме екен, киіктері? Аман ба екен құба тал, кәрі емен, Сәлем беріп қайтайын бәріне мен. (М.Мақатаев)
|
|||||||||||||||
Тақтамен жұмыс | 183-жаттығу
Сөйлемдерді оқы, бірыңғай мүшелерді тауып, астын сыз. Әр сөйлемнің соңғы сөзіне қандай жалғау жалғанғанын айт. |
Сапар неше түрлі аң , құстарды көріп, қайран қалды. | Тақтада орындайды | ||||||||||||||
Дәптермен жұмыс | Бірыңғай тұрлаусыз мүшелері бар 3 сөйлем құрап жаз | Жазғандарын оқиды | Жеке орындайды | ||||||||||||||
Шығармашылық жұмыс | Сөйлемдерді аяқтау | Орманда … ,… ,… , … өмір сүреді .
… да, … да – ағаштар. … мен … , … пен … ойнап жүр. |
Жеке, жұппен жұмыс
Интерактив ті тақтада |
||||||||||||||
Қорытынды
лау
|
1.Сұрақтар:
-Сабақта нені өттік? -Сабақтың мақсатына жеттік пе? — Бірыңғай сөйлем мүшелері деген не? — Оның өзіндік қандай ерекшеліктері бар? 2.Гүл күлтесіне бірыңғай сөйлем мүшелері туралы не білгеніңді жазып көр
|
Өз ойларымен бөліседі
Жазады, жариялайды
|
Интерактив ті тақтада |
||||||||||||||
Үй тапсырмасы | 180-жаттығу | ||||||||||||||||
Бағалау | Оқушылар бағалайды |