Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі АНАХОВА АЙГУЛЬ
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
Жоспары:
Оқушыларды екі топқа бөлу.
1 тур. Таныстыру бөлімі.
2 тур. «Кім жылдам?»
3 тур. «Білгірлер сайысы»
4 тур. Блиц – турнир. Капитандар сайысы.
5 тур. Бәйге.
Қорытынды.
1 тур. Таныстыру бөлімі.
Әр топ атын, ұранын айтып өздерін таныстырады.
2 тур. «Кім жылдам?»
Әр топ қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
1 сұрақ
Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдікті не деп айтады? (теңдеу)
2 сұрақ
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы. (V=abc)
3 сұрақ
Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы. (P=2(a+b))
4 сұрақ
Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды? (0, 2, 4, 6 және 8 цифрлары)
5 сұрақ
Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды? (1, 3, 5, 7 және 9 цифрлары тақ)
6 сұрақ
Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)
7 сұрақ
Жай сандар деп қандай сандарды айтады? (1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар)
8 сұрақ
Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесіндіні не деп айтады? (Радиус)
9 сұрақ
Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні не деп айтады? (Диаметр)
10 сұрақ
Сандардың арифметикалық ортасы. (Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады)
3 тур. «Білгірлер» сайысы
1 тапсырма
65 раушан гүлінен, 39 қалампыр гүлінен және 91 жасмин гүлінен гүл шоқтары даярланды. Әрбір гүл шоғындағы раушан гүлдерінің саны бірдей, қалампыр гүлдерінің саны бірдей және жасмин гүлдерінің саны бірдей. Неше гүл шоғы даярланды? (13 гүл шоғы даярланды)
2 тапсырма
Төрт қабатта үйде Сакен Жомарттан жоғары қабатта тұрады, бірақ Мұраттан төменгі қабатта тұрады. Ал Жомарт Ерболдан жоғарығы қабатта тұрады. Кім қабатта тұрады? (1 қабатта-Ербол, 2 қабатта-Жомарт, 3 қабатта-Сакен, 4 қабатта-Мұрат)
3 тапсырма
Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болды. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 1 қайық жетпей қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу? Қайықтар нешеу? (15 саяхатшы, 4 қайық )
4 тапсырма
Екі бұтақта 15 торғай отыр. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар сандары бірдей болады. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғай отырды? (Бірінші бұтақта 7 торғай, екінші бұтақта 8 торғай)
5 тапсырма
Тауық 1 аяғымен тұрғанда 3 кг салмақ тартады. Егерде тауық 2 аяғымен тұрса, ол неше килограмм болады? (3 кг)
6 тапсырма
Сыйымдылығы 5л шелекпен және 3 л банкамен 1 л суды қалай құйып алуға болады? (Банкамен екі қайтара суды толтырып алып шелекке құйғанда банкада 1 л су қалады )
7 тапсырма
Аспанда торғай, аққу, инелік, көкек, ара, қаз, шыбын, маса ұшып жүр. Аспанда неше құс ұшып жүр? (4 құс ұшып жүр)
4 тур. Блиц – турнир. Капитандар сайысы.
Капитандарға сұрақ қою. Капитандар номері бар лото бөшкелерді қоржыннан алып шығады. Жүргізуші әр номерге сұрақ оқыды.
- Әріпті өрнек деген не? (Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады)
- Қандай теңдік теңдеу деп аталады? (Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды)
- Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы? (P=2(a+b))
- Квадраттың периметрінің формуласы? (P=4a)
- Квадраттың ауданының формуласы? (S=a2)
- Қандай сандар құрама сандар деп аталады? (Екіден көп бөлгіштері бар сандар құрама сандар деп аталады)
- Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)
- Қандай сандар 5-ке бөлінеді? (Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді)
- Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді)
10.Қандай сандар 3-ке бөлінеді? (Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін натурал сандар 3-ке бөлінеді)
5 тур. Бәйге
Екі топтан бір оқушыдан шығып тақтада теңдеуді шешеді.
1) 252х : 3 – 245 = 343 (7)
2) 925х : 5 -214 = 156 (2)
Қорытынды
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, соңында жеңіске жеткен команда анықталып марапатталады.