«Ғасыр да жаңа, ой жаңа»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Айгул Жаналиева
Сыныбы: 9 «ә»
Тақырыбы: «Ғасыр да жаңа, ой жаңа»
Презентацияны жүктеп алу: «Ғасыр да жаңа, ой жаңа» Презентация
Мақсаты мен міндеттері: 1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың білімін жинақтап, одан әрі танымдылық қабілеттерін арттыру. 2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын сауатты да мәдени тілмен жеткізе білу. 3. Туған жерін,Отанын қастерлеп,сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Отанға сүйіспеншілік, ұжымды құрметтеу, мәдени сөйлей білу.
Сабақ түрі: топтық сайыс-сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі
Сайыс-сабақ барысы:
І. «Біз кімбіз?» (Сәлемдесу сәті)
Мақсаты:
Өз топтарын таныстыра білу.
Нәтижесі:
Сайыс мүшелерін құрметтеу, сыйлау.
ІІ. «Желтоқсан жаңғырығы» (Көріністер сайысы)
Мақсаты:
Желтоқсан оқиғаларынан үзінді көрсету арқылы мағлұмат алу.
Нәтижесі:
Оқушылардың артистік қабілетін дамыту.
ІІІ. «Желтоқсан оқиғалары» (Графикалық сайыс)
Мақсаты:
Қазақстандағы 1986ж.желтоқсан оқиғаларының себептері туралы түсінік беру
Нәтижесі:
Желтоқсан құрбандарының ерлігіне баға беру
ІҮ. «Айтқанды ұғамыз,
Білуге құштармыз» (Сұрақ-жауап сайысы)
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін байқау.
Нәтижесі:
Өз біліміне жаңа білім қосу.
Ү. «Ғасыр да жаңа, ой жаңа» (Презентация сайысы)
Мақсаты:
Қазақстанның болашағы туралы ұшқыр ойларын жеткізе білу.
Нәтижесі:
Ұжыммен жұмыс істей білу.
ҮІ. «Біз өнерлі халықпыз» (Шығармашылдық сайысы)
Мақсаты:
Тақырыпқа сай өлеңдер жазу,
сурет салу,қолөнер бұйымын дайындау.
Өз жұмыстарын қорғай білу.
Нәтижесі:
Оқушыларды шығармашылдыққа баулу.
ҮІІ. «Желбіре,Жеңіс Туы!»
Мақсаты:
Әділқазылар бағасын қорыту,жеңімпаз топты анықтау
Нәтижесі:
Топ мүшелерін марапаттау.
