Бастауыш сынып
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия Бастауыш сынып мұғалімі
Құдабаева Әмина
Тақырыбы: Пән білгірі (сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі бойынша алған білімдерін сараптау, қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетінің дәрежесін көтеру, болашақ мамандыққа икемдеу. Ана тілдерін сүюге, өзге тілді құрметтеуге баулу.
Түрі: Сайыс сабақ
Барысы:
Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, – деп Тұрмағамбет атамыз айтқандай, білімдерін сынауға келіп тұрған оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1.Асылханова Арайлым – сынып белсендісі, мектепішілік «Күз патшайымы – 2012» сайысының ІІ орын иегері, мектепішілік пәндік олимпиаданың ІІІ орын иегері, мектепішілік Тұрмағамбет оқуларының қатысушысы, оқу озаты.
2.Көшербаева Айгүл – сынып белсендісі, мектепішілік пәндік олимпиаданың ІІ орын иегері, аудандық «Ақбота» интелектуалды ойынының қатысушысы, мектепішілік Тұрмағамбет оқуларының қатысушысы, оқу озаты.
3.Мынжасаров Артур – сынып белсендісі, мектепішілік пәндік олимпиадалар қатысушысы, кентіміздегі музыкалық мектептің домбыра үйірмесінің мүшесі, оқу озаты.
4.Амангелдиева Мархаббат – сынып белсендісі, мектепішілік Абай оқуларының қатысушысы, аудандық «Ақбота» интелектуалды ойынының қатысушысы, оқу озаты.
5.Жұмажанова Қарахат – сынып белсендісі, өзінің еңбекқорлығымен, іздемпаздығымен көзге түсетін Қарахат болашағынан көп үміт күттіреді, оқу озаты.
- Тлектесов Рүстем – сынып белсендісі, мектепішілік пәндік олимпиадада 2 жыл қатарынан І орынды иеленген, кентте ұйымдастырылған «Өнерлі өрендер» атты балалар шығармашылығына арналған байқауда жүлделі І орынмен марапатталған, аудандық «Ақбота» интелектуалды ойынының қатысушысы, апталықтардың белсенді қатысушысы, оқу озаты.
Сайыскерлеріміз өз номерлерін алып орындарына жайғасады. Әр жұпқа бір түстен белгіленген.
- Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.
І кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде әр оқушыға екі сұрақтан қойылады. Егер сайыскер өзіне қойылған сұраққа жауап бере алмаса ол сұраққа тек сайыскердің таңдаған түсіне сай келесі сайыскер ғана жауап бере алады.
ІІ кезең «Ділмар»
Бұл кезеңде сайыскерлер өздеріне таңдап алынған тақырып бойынша әңгімелейді, ой толғайды.
ІІІ кезең «Жорға»
Бұл кезеңдеәр сайыскер таңдап алынған сөздері бойынша сөздерге фонетикалық талдау жасайды.
ІУ кезең «Ғажайып ұяшықтар»
Бұл кезеңде әр сайыскер өзінің таңдаған ұяшықтары бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
У кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Бұл кезеңде мұғалім тарапынан қойылған жұмбақтардың шешуін тауып сол сөзді орысша, ағылшынша айтады.
УІ кезең «Дода»
Бұл кезеңде әр сайыскерге 1 минут ішінде 10 сұрақ қойып білім деңгейін байқаймыз.
Барлық кезеңде де дұрыс жауап бір ұпаймен белгіленеді. Сайыста оза шауып, білімділігімен көзге түскен оқушы «Пән білгірі» атағымен марапатталады.
- Сайыс болғаннан кейін оған қазылар алқасы төрелік етеді. Ендеше қазылар алқасымен таныс болайық. -Енді сайысымызды бастасақ.
І кезең «Бәйге»
- Жалқы есімдер қалай жазылады?
2.Етістік қандай мағынаны білдіреді?
3.Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
4.Сын есімнің сұрақтары?
5.Қосымша нешеге бөлінеді?
6.Сөз неден құралады?
7.Тауық сөзінде у дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
8.Дауыссыз дыбыстардың қандай түрлері бар?
- Кім, не, кімдер, нелер қандай сөз табының сұрақтары?
-
Кең – тар бұлар қандай сөздер?
-
Қандай дыбыстар буын жасай алмайды?
-
Қайың сөзі қалай тасымалданады?
ІІ кезең «Ділмар»
Өздеріне берілген тақырып бойынша ой толғайды. 5 минут уақыт беріледі.
1.Отан
2.Ана
3.Қазақстан
4.Дос
5.Табиғат
6.Білім
Көрермендермен жұмыс «Кім көп біледі?» ойыны
Б әрпі
1.Суды немен ішесің? бақырашпен
2.Сенің жасың нешеде? бесте
3.Есімің кім? бақыт
4.Бүгін сенде неше сабақ? бес
5.Қандай тағамды ұнатасың? бешбармақ
6.Арманың не? Биікке ұшу
7.Қай көшеде тұрасың? Байсейітова
8.Тақтаға немен жазасың? бормен
9.Досыңның аты кім? Болат
10.Анаң қайда жұмыс істейді? Базарда
М әрпі
1.Қандай мамандықты білесің?
2.Киноға кіммен барасың?
3.Сенің есімің кім?
4.Сүйікті пәнің не?
5.Үй тапсырмасына кім көмектеседі?
6.Сенің көршің кім?
7.Қандай ертегі білесің?
8.Қайда оқисың?
9.Қандай ойыншықты ұнатасың?
10.Сумкаңда не бар?
Қ әрпі
1.Қай мемлекетте тұрасың?
2.Кеше қайда бардың?
3.Өскенде кім боласың?
4.Қандай аспапта ойнайсың?
5.Қай тілді білесің?
6.Аспанда не бар?
7.Қай мезгілді ұнатасың?
8.Сабақтан қашан шығасың?
9.Руың кім?
10.Итіңнің аты?
ІІІ кезең «Жорға»
Отан, бота, атан, қала, жаңа, олар сөзіне дыбыстық талдау.
Көрерменмен жұмыс «Жұмбақ шешу
1.Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар.
- Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бес қуыс,
Сырттан кірер жолы бар.
- 1 санға өсірді.
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді.
- Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,
Зыр жүгіре береді.
Ол тынымсыз домалап.
- Көріксіз қара тас
Қызуы бет қаратпас
ІУ кезең «Ғажайып ұяшықтар»
1 – сұрақ
Мәтіннің қандай түрлері бар?
Қоңыр аюлар жаздай денелеріне май жинап семіреді. Ал күн салқындай бастағаннан тамаққа тәбеттері болмайды.Сондықтан қыста ұйқыға кетеді.
-Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
2 – сұрақ
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемнің қандай түрлері болады? Мысалдар келтір.
3 – сұрақ
Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.
Атасы қасқырдың күшігін алып келді.
4 – сұрақ
Қандай сөз таптарын білесің? Сөз таптарының ережелерін айт.
5 – сұрақ
Жалпы есім мен жалқы есім дегеніміз не? Мысалдар келтір.
6 – сұрақ
Бастауыш пен баяндауыш дегеніміз не? Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.
Бұлт ыдырап тарады,
Күн күлімдеп қарады.
У кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
- Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга)
2.Өшірді, сүртті
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (өшіргіш, стерка)
3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш, линейка)
4.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (бор, мел)
- Білімнен мол сиясы,
Балғындардың ұясы. (мектеп, школа)
6.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім 42 дос-жаран (әліпби, алфавит)
7.Күміс алмұрт тілі бар
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар (Қоңырау, колокол)
- Алты қырлы
Алтын сырлы (Қалам, карандаш)
9.Ақылшымыз, құрметтіміз, данамыз
Біле білсең ол екінші анамыз. (Мұғалім, учитель)
- Сөмкеңде жүрер күнде еріп
Кетпейді ешбір тілге еріп
Бағаңды тұрар көрсетіп
Оқу құралы ……………….. (күнделік, дневник)
11.Ақ қағаздың бетімен
Олай былау жүреді
Артында ізі қалады. (қаламсап, ручка)
- Сүңгіген жетер әрең,
Теңіздей түбі терең. (білім
УІ кезең Дода
- Бірде дауысты, бірде дауыссыз? (у)
- Қалақ сөзінің бірінші буыны? (қа)
- Сөйлем аяқталған соң қойылатын тыныс белгі. ( нүкте)
- Т қандай дыбыс (дауыссыз)
- Сұрақ белгісі қандай сөйлемнің соңына қойылады? (сұраулы с.)
- Ң қандай дауыссыз дыбыс? (үнді)
- Үлкен сөзіне қарама – қарсы сөз? (кіші)
- Ащы сөзінде неше әріп бар?
- Әдемі сөзіне мәндес сөз? (Көрікті)
- 10. Б дыбысынан басталатын сөз? (Бақа)
- Мейрам сөзінде неше буын бар? (2)
- Жаңалық сөзі қалай буынға бөлінеді?
- Б қандай дауыссыз дыбыс (Ұяң)
- Леп белгісі қандай сөйлемнің соңына жазылады? (лепті)
- Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (кімдер)
- Қант сөзінде неше буын бар? (1)
- Ақ сөзіне қарама қарсы сөз (қара)
- Қоян сөзінде неше дыбыс бар? (5)
- Тәтті сөзіне мәндес сөз (дәмді)
- Тәтті сөзіне қойылатын сұрақ? (қандай)
- Ауа сөзінде у дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
- Жайық сөзі қалай тасымалданады?
- Айдын ойнады.сөйлеміндегі ойнады сөзіне қандай сұрақ қойылады?
- Спорт сөзінде неше буын бар? (1)
- М қандай дыбыс? (дауыссыз, үнді)
- Жию сөзі қалай жазылады?
- Жетінші сөзіне сұрақ қой.
- Ашық сөзіне қарама – қарсы сөз. (жабық)
- Сын есімнің сұрақтары? (қандай, қай)
- Ойыншық сөзінің түбірі (ойын)
- Құлып сөзі қалай жазылады?
- Батыр сөзіне мәндес сөз. (ержүрек)
- Жауын сөзі қалай тасымалданады?
- Буынның неше түрі бар? (3 ашық, тұйық, бітеу)
- Ағасы деген сөзге қандай сұрақ қойылады? (кімі?)
- Жануар сөзінде неше буын бар? (3)
- Жұмсақ сөзіне қарама – қарсы мағыналы сөз. (қатты)
- Ұшқыш сөзінің түбірі? (ұш)
- Жыл мезгілі нешеу?
- «Оқушы» қандай сұраққа жауап береді? (кім?)
- Мақалды жалғастыр: Кітап – білім бұлағы ……….
- Бастауыштың сұрақтарын ата? (кім, не, кімдер, нелер, кімі, несі?)
- С қандай дыбыс? (дауыссыз, қатаң)
- Алфавиттің басында қандай әріп тұрады?
- Жетеу сөзіне қандай сұрақ қойылады?
- Оқыды сөзін күрделі етістікке айналдыр. (оқып отыр)
- Уыз сөзінде у дауысты ма, дауыссыз ба?
- Наурыз, сәуір, мамыр жылдың қай мезгілі? (көктем)
- Кең сөзіне қарсы мағыналы сөз. (тар)
- Футбол сөзі қалай жазылады?
- Сөздің басында келмейтін дыбыс (Ң)
- Ғылым сөзі қалай тасымалданады? (ғы-лым)
- Баяндауыштың сұрақтарын ата. (не істеді, неғылды, қайтті?)
- Ауыл шетінде көл бар сөйлемін сұраулы сөйлемге айналдыр.
- Алфавиттің соңында қандай әріп тұрады? (Я)
- Жыртқышты сөзін буынға бөл.
- Мұғалім сөзіне мәндес сөз? (Ұстаз)
- Қосарлы дауыстыларды ата. (я,ю,ё)
- Қолғап сөзі қалай жазылады?
- Алыс сөзіне қарсы мәндес сөз (жақын)
Қорытынды:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтық бүгін шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасында, – дей келе, озып шыққан оқушы «Пән білгірі» атағымен марапатталады.
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар, енді елді, – дей отырып, бүгінгі «Пән білгірі?» атты сайыс-сабағымызды аяқтаймыз.
