Без рубрики

Microsoft Power Point бағдарламасы көмегімен мультимедиалық фильм жасау

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
«Маяковский атындағы орта» мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі Сандугаш Мурсалимова

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Power Point бағдарламасы көмегімен мультимедиалық фильм жасау.
Сабақтың презентацияларын жүктеп алу:

  1. Мультфильм жасау. Презентация
  2. Кроссворд. Презентация
  3. Фильм жасау. Презентация
  4. Тест. Флипчарт

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың теориялық білімін практика жүзінде жетілдіру, MS Power Point бағдарламасының мол мүмкіндіктерінің бар екенін көрсету және тиімді жолмен пайдалануға үйрету.
Тәрбиелік: оқып-үйренгенін іс-тәжірибеде пайдалана білуге, өздігінен еңбек етуге, шапшаңдыққа, ұлтжандылыққа, тапқырлыққа, достыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге және пәнге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра отырып, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру. Тұлғаның ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, компьютер, оқулық, Activvoite құралы, дидактикалық құралдар, Camtasio Studio бағдарламасы, бейне ролик.
Сабақтың түрі: өткен тақырыпты бекіту жаңа бағдарламамен таныстыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау арқылы, переспективалы оза оқыту технологиясы, видео сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: амандасу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау, құрал-жабдықтарға көз жүгірту. (1 минут)

Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырыпты еске түсіру үшін тақтадағы сөзжұмбаққа назар аударайық.

«Лототрон» ойыны. Ойынның шарты, лототрон арқылы сұрақтар беріледі. Әр топ ұпай жинау үшін жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

Power Point бағдарламасын қалай жүктейміз?

Меню жолы қандай элементтерден тұрады?

Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында…

Аннимация дегеніміз не?

Мультимедиа дегеніміз не?

Power Point үлгітүрінің типтерін ата?

Слайд дегеніміз не? (6 минут)

 

Жаңа бағдарламамен таныстыру:Өткен тақырыптарды еске түсірдік енді ары қарай жалғастырамыз. Сіздер Power Point бағдарламасында презентация жасауды толығымен үйрендініздер. Тек ғана презентациямен шектелмей ары қарай осы Power Point бағдарламасы арқылы мультиммедиалық фильм жасауды үйренеміз. Осы тақырыпты бастамас бұрын мына фильмге назар аударыныздар. «Жолда жүру ережесі»

Бұл фильм Power Point бағдарламасында жасалып ары қарай өзге бағдарламалармен өңделген. Сіздер білесіздер ма қандай бағдарлама арқылы видео роликтер жасауға болатынын. Дұрыс айтасыздар Movie Maker бағдарламасы арқылы, бірақ Movie Maker бағдарламасы тек ғана кеңейтілуі .avi файлдарды ғана өңдейді. Ал біздің презентациямыздың кеңейтілуі қандай .ppt.. Бұл қиындықтында шешімі бар. Бізге мультимедиалық фильм жасау үшін мектеп қорында бар үш бағдарлама қажет олар, Power Point, Camtasio Studio, Movie Maker.

Ең алдымен презентация жасаймыз.

Өздік жұмыс: Үйге берілген тапсырма бойынша жасап әкелген презентацияларын Camtasio Studio бағдарламасы арқылы видео файл етіп сақтау керек.

Сабақты қорытындылау үшін Activoite құрылғысы арқылы 10 сұрақтан тұратын тест шешу.

Үйге тапсырма: Қалбатау ауылы туралы слайд жасап видео файл етіп сақтап келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.