«Ақ боран»

Гүлзада Қалмұханқызы Аяшева.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
Облыстық көздері соқыр және нашар көретін
балаларға арналған арнаулы мектеп
интернатының бастауыш сынып мұғалімі

Ана тілі ( 4-сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Ақ боран»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. «Ақ боран» мәтінін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

Тәрбиелік: Туған жерін, табиғатын сүйе бәлуге, табиғат құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.

Түзету бағыты: Көру, сезу қабәлетін дамытуға жағдай жасау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: Ой қозғау, бес жолды өлең, әңгіме құрастыру, топпен жұмыс. Тіл дамыту, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісі, суреттер, қайың, қарағаш, тобылғының суреттері, жаңа сөздік, жұмбақтар, аудиозапись, магнитофон т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .

Аққала тапсырмалары:

  1. 1. Қайнекей Жармағаамбетов кім?
  2. 2. Оның қандай шығармаларын білесің?
  3. 3. Ормандағы оқиғаны көрініс түрінде бейнелеу.
  4. 4. Осы шығарма арқылы жазушы не айтқысы келді?
  5. 5. Шығарманың түпкі мақсаты не?

ІІІ. Көз жаттығуы.

Жаңа сабақ

Жұмбақтар шешу.

1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.                                           (Шаңғы.)

2. Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы-жазы тау жақта.                                        (Қар.)

3. Тоңғақты таниды,

Беті-қолын қариды.                                                 (Аяз.)

4. Көрінбейді өзі,

Айтатын жоқ сөзі.

Ысқырып тұрады,

Серуен құрады.                                                     (Боран.)

 

Үй тапсырмасынан кейін боранның ысқырып соққан үнін аудиозапись арқылы оқушыларға тыңдатамын.

ІV. Ой қозғау.

Ауызша сұрақтар:

1.Қандай дыбыс естідіңдер?

2.Ненің дыбысы деп ойлайсың?

3.Қай мезгіл елестеді?

Бұл үскірік соққан боранның дыбысы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақ боран».

 

V. Жаңа сабақ.

Жазушы Жекен Жұмаханов туралы түсінік беремін.

Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың жалпы боран, қыс, туралы ойларын білемін.

а) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнын оқушыларға таныстыру.

Сергіту сәті.

ә) Сөздік жұмыс. Түртіп алу жүйесі.

Боран-қатты желдеп соққан қардың борауы.

б) Өздік жұмыс. Бұл жерде әр топқа үлестірмелі парақша таратылады.

в) Топпен жұмыс. Бұл жерде әр топқа жеке-жеке сұрақтар беріледі.

І-топ. Мәтіннен қысқы боран туралы жазылған бөлімді оқып, түсіндір.

ІІ-топ. 1.Қыс туралы сурет салу. 2. Мәтінді қысқаша әңгімеле.

ІІІ-топ. Қыс мезгіліне байланысты өлең, шығарма жазу.

 

VІ. Қорытындылау.

  1. 1. Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады?
  2. 2. Қасым қайда оқиды?
  3. 3. Ол нені есіне алады?
  4. 4. Қасымның боранда адаспауына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
  5. 5. Оның табандылығын, ақылдылығын қандай іс-әрекеттер арқылы көруге болады?
  6. 6. Өзің Қасымның орнында болсаң не істер едің?

 

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: Әңгімені оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше