Ақпараттық технология құралдары және олардың даму эволюциясы

Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы, М.Сиранов атындағы
орта мектептің информатика пәні мұғалімі Құлбарақ Эльвира Болатқызы

Сыныбы:  7«ә»   Күні:      Сабақ №:22
Сабақтың тақырыбы:
   Ақпараттық технология құралдары және олардың даму эволюциясы.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:      оқушыларды  ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі  принциптерімен таныстыру,ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі  рөлін түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелілік:                оқушылардың тәрбилілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі:        деңгейлік

Көрнекті құралдар:  компьютер, слайд, есепшот, деңгейлік тапсырмалар, ашық журнал

 

 

І. Ұйымдастыру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Таңбашалар дегеніміз не? Таңбашалар қалай жасалады?
  2. Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту.
  3. Меню командалары арқылы объектілерді көшіру және жылжыту.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.

Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында болған.

Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған.

17 ғасырдың аяғында  шотландиялық Джон Непер  логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін құрды.

1761 жылы ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон  ұсынған.

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

1694 ж неміс математигі Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрды. Есептеуіш техника XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Оны казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машанасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машинасын құрды. Холлерит 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлерит  есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды. Бірінші  электронды машиналар  1946 жылы  Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы  EDSAC  машинасы құрастырылды.

 

ЭЕМ буындары:

Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-1955 жылдарда пайда болды. Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орынды алатын және мыңдаған электрондық лампалары бар алып құрылғылар болатын.

Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, транзисторлар пайда бола бастады. ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейтілді, пайдаланатын қуаты да азайды, сонымен қатар олардың жылдамдығы секундына бірнеше он мыңдаған операцияларға жетті.

Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған  ЭЕМ-дер. Бұл машиналардың жады үлкен, ал орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион операцияға жетті. Сыртқы есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі-магниттік дискілер пайда болды.

Төртінші буынға –  ЭЕМ –лар қолданылуда. Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші  буынға жатады.

Бесінші буындағы  компьютерлер әлі шыққан жоқ. ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.

ІV. Деңгейлік тапсырмалар.

 

І деңгей.

  1. Информатика қандай ғылым саласын жатады?

А. Гуманитарлық ғылым саласы                                С. Ақпараттық ғылым саласы+

В. Қолданбалы ғылым саласы                                    Д. Қоғамдық ғылым саласы

 

  1. Кез-келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина

А. Тасымал компьютер                                                С. Микропроцессор

В. Дербес компьютер+                                                 Д. Қалта компьютер

 

  1. Компьютерді басқару құралы қалай аталады?

А. Принтер                                                          С. Микропроцессор+

В. Монитор                                                          Д. Тышқан

 

  1. Курсордың сол жағындағы символды жояды

А. Shift                                           C. Enter

B. Delete                                         Д. Backspace+

 

  1. Курсордың оң жағындағы символды жояды

А. Shift                                           C. Enter

B. Delete+                                      Д. Backspace

 

 

ІІ деңгей.

І топқа

  1. Файлдарды жою үшін қандай амалдар орындалады?
  2. Файлдарды қайта жүктеу үшін не істейміз?
  3. Дискіні пішімдеу үшін қандай амалдар орындалады?
  4. Объектілерді дискіге көшіру қалай орындалады?

 

 

ІІ топқа

  1. Файлдарды жою амалдарын орындаңыз.
  2. Жойған файлыңызды қайта жүктеңіз.
  3. Флешканы пішімдеңіз.
  4. Объектілерді дискіге көшіріңіз.

 

ІІІ деңгей.

І топқа (Логикалық есептер)

  1. Қорада тауықтар мен қояндар бар. Оларда 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?
  2. Бір оқушы қалбырдың ішіне небәрі сегіз өрмекші мен қоңызды ұстап салады. Егерде қалбырдың ішіндегі барлық аяқтарды санасаң, онда олардың 54 аяқтары болады. Қалбырдың ішінде неше өрмекші және неше қоңыз бар болғаны?. Қоңыздың аяғы 6, өрмекшінің аяғы 8.
  3. Құдыққа арқанды созып тастасаң 1 метрге батпайды, ал арқанды екі бүктесе 2 метрге жетпейді. Сұрақ: арқан қанша метр, құдық неше метр болғаны?

 

ІІ топқа

  1. 68-беттергі 5-тапсырманы орындаңыз.
  2. 97-беттегі «Жаңа қапшық құру» тапсырмасын орындаңыз.
  3. 103-беттегі «Корзинаны тазалау» тапсырмасын орындаңыз.

 

 

ІV деңгей.

 

 

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Жұмбақты шешіңіз:

Екі жігіт арасындағы әңгіме:

Барып едім, жоқ екен,

Айтып едім, келем деді

Келмегені келгені ғой

 

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

Ашық журнал

р/с

Оқушылардың

 аты-жөні

І

деңгей

ІІ

деңгей

ІІІ

деңгей

Шығар-машылық

Жалпы ұпай

Баға

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Ғилым Замира

2

Ғилым Диана

3

Ғұбайдола Инабат

4

Еркін Аяжан

5

Нысаш Нұржан

6

Ғазез Жалғас

7

Жақсыбай Айдана

8

Қамидоллаева Аяжан

9

Әбен Аружан

10

Ғалым Темірлан

11

Айғали Айбек

12

Ғарифолла Әділбек

13

Бұхар Нұрсұлтан

14

Түсіп Назар

15

Рамазан Шарапат

VІІ. Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше