Баяндамалар

Телебағдарламалар желісіндегі интеллектуалды жаңа инновациялық технологияларды пайдалану іс- тәжірибиемнен

Сахиев Ыбырай Базарбайұлы 1983 жылы Сағыз селосында дүниеге келген. 2003 жылы Атырау қаласындағы Қ. Дүтбаева   атындағы гуманитарлық колледжді  бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі уақытта Сағыз селосында № 9 орта мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарады.
Санаты-ІІ. Мектепішілік «КТК»  клубының жетекшісі. Сынып жетекшілік іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылған.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер атты кітаптын авторы

П і к і р

              Осы пікір Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы № 9 орта мектептің мұғалімі, сынып жетекші Сахиев Ыбырайға беріледі. Ыбырайдық қазіргі таңдағы бәсекеге мейлінше қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл сынып жетекшілер екенін айтуға болады. Оқушыларға саналы тәрбие,  сапалы білім берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалануда  ізденімпаз, шығармашыл  ұстаз. Инновациялық әдіс-тәсілдерді тәрбиелік шараларда пайдалану арқылы, тәрбие жүйесінде шығармашылық ойлар мен инновациялық тәсілдерді ашу, қазіргі заманда шешімін таппай жүрген кей мәселелерді ұстануда өз іс-тәжірибелері арқылы айқын көрсетіп келеді.

Мұғалім Ыбырай Сахиевтың аудан көлемінде «Жыл сынып жетекшісі — 2008» жарысына қатынасып, «Жаңашыл жетекші» атағы бойынша дипломмен  ,2010 жылы аудан бойынша “Ең үздік  шаштараз” сайысының бас жүлдегері, 2010 аудандық пед.оқудан І орын жүлдегері атағын алып,дипломдармен  марапталды. 2010 жылы “Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында оқытудың сапасын инновациялық бағытта дамыту” тақырыбында өткен мектеп директоры орынбасарларының аудандық семинарында ерекше жұмыстарымен танылып, білім беру бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ы.Сахиевтың ұсынылып отырған «Телебағдарламалар желісіндегі интеллектуалды жаңа инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралында мектеп оқушыларын заман ағымына сай тәрбиелеудің түрлері нақты көрсетілген.

Мектеп оқушыларының қоғамдағы өз орнын,өзіндік «Менін» қалыптастыруда құралдың көмегі зор деп есептейміз.

№9 орта мектеп директоры:                                  Ж.Қамысбаев

Директордық тәрбие
ісі жөнінің орынбасары:                                            Ө.Әділов


Телебағдарламалар желісіндегі интеллектуалды жаңа инновациялық технологияларды пайдалану  іс- тәжірибиемнен

 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,

                                  тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,

                                      ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

                                                            Әбу Насыр Әл-Фараби

         Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда  орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының  қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр.Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша  әрекеттенуі жалпыадамзаттық  және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.

Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін  жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез — құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиесі-ұзақ үрдіс. Күн сайын өзгеріп  жатқан заманда, кешегі тұжырымдама бүгін ескіріп жатады. Сондықтан да жас ұрпаққа  тәрбие беруде ұстаздар қауымы тәрбиенің қайнар көзін, негізгі алтын діңгегін анықтап алуымыз қажет. Тәрбие жұмысындағы айқын бағыт-бағдарды елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық, халықтар достығы» деп  көрсетіп берген болатын.Міне, осы ұстанымды бағыт-бағдар ете отырып мен өзімнің тәжірибемді баяндамақпын.

Қазіргі таңда тәрбие берудің барлық деңгейлері бойынша дәстүрлі тәжірибеге инновациялық көзқарастар тұрғысынан келу бағытын ұстану қалыптасты.

Инновациялық үрдіс – білім берудің жүйесін жаңарту және дамыту, сонымен қатар қоғамның, еліміздің  өз дамуында жаңаша қоғамның, әлемнің оқытушысы қажеттілігінен туындаған үрдіс.

Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивтік тақта, интернет, инновациялық веп-сайт және т.б.

Бүгінгі таңда «Ғасыр мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде.  Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да қоғам да өзгерген.  Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да , идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша.  Өйткені олар өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Ол үшін тәрбие  беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды , әрі кезек  күттірмейтін ауқымды істер болып табылады.

“Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Ол сандықтың  кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалім қолында сол кілт  жүруі керек” деп дана халқымыз

айтқандай мектептегі бала тәрбиесін жүйелі түрде ұйымдастыра отырып, кешенді түрде жан-жақты жоспарлап , жаңа технология үлгісінде тәрбиелік шараларды жасақтап, өз тәжірибемде қолданып келемін.

Жаңа инновациялық тәрбие берудегі теледидардың, ақпарат құралдарының ролі аса маңызды. Өйткені , ол баланың талғамын дамытады, әдемілік пен жағымсыз дүниелерді ажырата білуге үйретеді, сонымен қатар  тәрибенің  көптеген саласымен тығыз байланыста болады. Әдемілікті көру, еңбек ету сапалары жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеуде өте қажет.

Ақпарат құралдарының ішінде теледидар — отбасы мен мектептен кейін  балаға тәрбиелік жағынан әсер ететін құрал болып табылады. Теледидар- ұлттық және мәдени әлеуметтенудің маңызды көзі. Баланың өзі тұратын ортадағы мәдениетті қабылдауды теледидар да үйретеді.

«Хабар» арнасындағы «Таң қалмаңыз!», «1-арнадағы» «Малахов+»,  «Минута славы», «Пусть говорят» «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Намыс дода», «Дарабоз», «Дала-думан», «Ел арна» арнасындағы «Тапқыр достар» бағдарламалары білгір режиссёрлермен, өзге де шығармашылық, техникалық топтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көрермен көзайымына айналды. Қандай жоба болмасын, қай тілдегі хабар болмасын тарих сахнасынан ойып тұрып орын алатын ұлы қазақ елінің нағыз ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеуге атсалысуда.  Теледидар — ең күшті насихат құралы.  Жалпы, журналистика халықтық болып саналады. Себебі , журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогерске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Қоғамды келеңсіз жайлардан сақтандыру да ақпарат құралдарының міндеті. Діни экстремизмге, наркомания мен ЖҚТБ-ға қарсы күресте, қылмысқа қарсы күресте телебағдарламалардың маңызы зор. Оқушы жарты күнін мектепте өткізсе, жарты күнін ақпарат алу мақсатына жұмсайды. Сол уақытта ол теледидарды қарайды немесе интернет желісі арқылы жаңалықтармен, бағдарламалармен танысады, өзіндік пікірін бөлісетін адам іздейді.  Сондықтан балада болатын еліктеу немесе баланың өз ойларын  айтуы сияқты құбылыстарды мұғалім тәрбие жұмысында ескеруі тиіс.  Бірақ бағдарламаларды пайдалануда баланың жас ерекшелігі қатаң ескерілуі керек. Бағдарламаларды сол күйінде көшіруге болмайды, баланың ойы бағдарлама барысында жаңаша жетілуі керек. Сондықтан мұғалім бағдарламаны мектеп оқушысына тәрбие беретін деңгейге икемдеп қайта құрады. Мысалы ток-шоу, шоу,реалити-шоу, акция, интеллектуалдық ойындар, тағы да басқа тележобалар мектеп жасындағы оқушыларға икемдеп өткізуге қолайлы. Бұл бағытта жұмыс жүргізу сыныптан тыс шаралардың сапасын жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі.

Тәрбиенің жаңаша үрдісі ретінде телебағдарламалар желісінде тәрбие сағаттарды өз тәжірибемде ток — шоу турінде өткіздім. Оның тікелей аудармасы – «әңгіме-думан». Әңгіме сұхбатқа құралады. Сұхбат сәтті шығу үшін  сол шаранын жүргізушісіне талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиясы тұрақты болу керек. Ток-шоу көптеген тақырыпта ұйымдастырылады. Мысал ретінде өз тәжірибемнен салауатты өмір салты бағытында  «Евразия» телеарнасындағы «Малахов+» бағдарламасы желісіндегі «Жасыл дәріхана»  атты ток-шоудың жүру барысында  оқушылар салауатты өмір салты жөнінде мектептің психолог, медбике мамандарымен сұхбаттасып, ой бөлісті.Аталған «Жасыл дәріхана» атты шара және «Таң қалмаңыз» атты сыныптан тыс шара интернет желісі арқылы WWW.SABAK.adamzat.KZ. атты саитта жарияланды. Оқушылар нәтижесінде денсаулық — адам бақытының бірінші байлығы екенін, табиғат арқылы әркім өз денсаулығының корғаушысы екенін, табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазынасы, адам өмірінің қорғаушысы, қорғаны екеніндігін ұғына білді. Ток- шоуға шақырылған арнайы қонақтар, ата-аналар қоршаған орта, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында табиғатта кездесетін өсімдіктер, жеміс — жидектер және емдік қасиеті бар табиғи заттар арқылы денсаулықты күтуге болатынын аша отырып, іс жүзінде көрсетті.

Мамандық таңдау- адам өміріндегі аса маңызды мәселердің бірі. Әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі болып, өмірден өз орнын табуды армандайды . Мамандық таңдау мәселесі бойынша психологиялық тұрғыдан бағыт, кеңес беру мақсатында «Кеш қалмаңыз» бағдарламасының желісінде «Керек кәсіп бәрі де…»  атты ток -шоу өткізіп, оған әртүрлі мамандық иелері мен түрлі кәсіп шеберлері, ата-аналар, жоғары және арнаулы оқу орнында оқып жүрген жастар қатысты. Тартымды қызу сұхбат барысында оқушылар қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білу керектігі жөнінде көптеген пайдалы кеңестер ала білді.

Оқушылардың зердесін ұштауға интелектуалды ойындар көп көмегін береді. Ал қоғамның болашағы осындай тоқығаны көп зерделі өрендердің қабілетімен тығыз байланысты. Осыған орай бүгінгі таңда жаңаша әдісте көптеген тележобалар жарық көруде. Солардың бірі «Ел арна» арнасында «Тапқыр достар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Қазақстан» арнасындағы «Сөз мерген»  атты  интеллектуалды ойындардың желісінде мектепте сынып сағаттарын ұйымдастыру тәрбиенің жаңашылдық әдісі деп білемін. Тіл мерекесіне орай кітапханамен бірлесе отырып «Тапқыр достар» атты  интеллектуалды топтық сайысты ұйымдастырдым. Бұл бағдарлама желісінде тәрбие сағаттарын түрлі тақырыпта ұйымдастыра білу мұғалімнің   өзіндік идеясына байланысты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға жасаған жоспарында өскелең ұрпақты салауатты етіп шығару бағыты көзделген. Кешенді тәрбие берудегі салауатты өмір салты бағыты бойынша спорттық ойындарды  түрлендірудің жаңа үлгілері де телебағдарламалар  желісінде ұйымдастыруға болады. «Қазақстан» арнасындағы отбасылық  сайыс «Толағай», «Евразия» арнасындағы Францияда өткен спорттық ойын эстафетасы «Намыс дода» да үздік идеялардың туындысы. Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған бұл жобаларды барлық балалар сүйсініп қарайды және өздері де сондай шараларға қатынасқысы келеді.  Осындай жобалардың желісінде тәрбие жоспарын жаңаша әдіспен ұштастыра отырып, оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында топтық сайыстарды ұйымдастырып келемін. Спорттық жаттығуларды орындата отырып, денсаулығы мықты, шыныққан, эстетикалық талғамы жоғары оқушы дайындау  жаңаша  әдісті талап етеді. Жеңімпаз болу үшін балалар бар жігерлерін жұмсайды. Барлығы бірдей алға ұмтылып, өз тобының мүддесіне     жұмыстанады, ұйымшыл -ұжымдық тәртіп орнайды.

Сондай- ақ реалити-шоу ұйымдастыруда жаңа иновациялық әдіс. Соның бірі «Дарабоз». Қазақтың ұл-қыздарының қатысуымен ұлттық салт- дәстүрді дәріптейтін шыншыл бағдарлама. Осы жобаның бағытын ала отырып, «Ұлттық ойындар» сайысын өткіздім. Аталған тәрбиелік шаралардың барлығы  жаңашылдыққа жақын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталады.  Жаңа бағытта өткізген шараларымды әріптестеріме үлгі ретінде ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Ы.Сахиев.

 

Тақырыбы:                            «Дарабоз»

                                           («Қазақстан » ұлттық арнасындағы «Дарабоз»

                                          атты шыншыл бағдарлама желісімен)

Мақсаты:                         Ұлттық ойынды насихаттай отырып, нағыз

қазақ   баласының   бойындағы   қасиеттерін

бастауыш сынып оқушыларының бойына сіңіру.

Әр түрлі жағдайлардан шыға білу,

тапқырлық,  ептілік,  мергенділік  пен  шапшаң-

дылық қабілеттерін дамыту.  Ұлттық ойындарды

ойната отырып, ата –салтын ардақтауға, салауат-

тылыққа тәрбиелеу.

Міндеті:                            Спортттық ойындармен бірге ұлттық ойын-

дарды салауатты омір салтында қолдана білу.

Түрі:                                  реалити шоу

Тәрбиелік бағыты:           Салауатты өмір салты

Атамекен бағыты:            Көкпар

 

Керекті құрал:                  Арқан,қамшы,түрлі-түсті асық,қоржындар,

        тымақ,қазық, безендірілген ұлттық ойын бұрышы,

тиын -тенгелер, үнтаспа, бейне таспа т.б.                    

Ж о с п а р:

І.Ұйымдастыру. 1.Сайысқа қатынасушылардың дайындығын бақылау

2.Тәрбие сағатының мақсатымен, жоспарымен таныстыру

ІІ.Негізгі бөлім.  1.Сәлемдесу.2.Асық ату.3.Мәлік тебу.4.Тымақ ұру.

5.Теңге алу.6.Қамшылау.7.Арқан тартыс

ІІІ.Қорытынды.

 

Мұғалім:  Құрметті, ата –аналар,ұстаздар мен оқушылар, доданы тамашалауға қош келдіңіздер!  Бүгін бізде  «Спорт — бейбітшілік елшісі» атты дене тәрбиесі апталығында «Хабар» телеарнасындағы «Дарабоз» реалити- шоу бағдарламасының желісінде 4- сыныпта ұйымдастырылып отырған «Ұлттық ойындар» сайысы өтпекші.

(Сайыстың мақсаты мен міндеті таныстырылады)

Ұлттық ойындар сайысына қатынасушы топтарды қошеметпен ойын алаңына шақырамыз.(Әр топтын аты жазылған плакатты жоғары көтеріп ұстап, ұлттық киім киген қыз балалар «Адай» күйінің ырғағымен сайыскерлерді бастап алаңға ертіп шығады)

«Қыран» тобы                   «Жігер» тобы                      «Сұңқар» тобы

«Дарабоз» сайысының кезеңдерімен таныс болыңыздар. Барлығы 7 кезеңнен тұрады.

  1. «Сәлнмдесу» (әр топтың ұйымшылдығын бақылау)
  2. «Асық ату» (1-2 метр қашықтықтан асық ату,ұлдардың мергендігін бақылау)
  3. «Бес тас» (епті ,әрі шапшаң төртік ойынына дейін қыз балаларды сайыстыру ,ойнау  )
  4. «Тымақ ұру» (көзі байланған ойыншы тымақты дәл тауып ұру)
  5. «Теңге алу» (шапшаң жүгіріп барып,биіктікке секіріп, теңгені алу)
  6. «Қамшылау» (топ басшылардың сайысы)
  7. «Арқан тартыс» (екі топ бір-бірімен арқан тартысады)

«Дарабоз» ұлттық ойынына қатысушы сайып қырандардың шапшаңдылығы мен тапқырлығын, икемділігі мен ептілігін,қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс  болыңыздар.

Қазылар алқасының төрағасы: дене тәрбиесі пән бірлестігінің жетекшісі -Н.Бекбауов, мүшелері д/тәр. мұғалімдері:Ж.Ізтұрғанова, Б.Кенжеғалиев.

Бұл сайыс шыншыл бағдарлама желісімен  алынып отырғандықтан әр кезеңнен кейін бағасы беріліп отырады. Түрлі-түсті асықты қоржынға жинау арқылы бағаланады.

(«Қара жорға»  әнінің сүйемелдеуімен  ұлттық киім киген оқушы асықтарды қазылар алқасына ұсынады)

Жігіттер, ойын арзан,күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған, күлмейтін шын күлерлік,

Ер табылса жарайды қылса сұхбат – дей отырып  сайыстың бірінші кезеңі сәламдесуге кезек берейік.

І кезең «Сәлемдесу»

(Әр топ топтарының аттарын,ұрандарын таныстырады)

1-топ «Қыран» тобы

2-топ «Жігер» тобы

3-топ «Сұңқар» тобы

Қазылар алқасынан бірінші кезеңнің бағасы сұралады.  І орын қызыл.ІІ орын көк,ІІІ жасыл асықтармен бағаланады.

ІІ кезең. «Асық ату»

Ежелден бері келе жатырған  ұлттық болмысымызға сіңісті әр түрлі ойындар бар.Оны ретіне қарай жаста, жасамыста  ойнаған. Мысалы: тойда,қонақ шақырылса бозбалалардың бас қосу салтанатында «Асық ойнау», «Ханталапай»,» Тоғыз құмалақ»,» Көкпар» т,б.Солардың бірі « Асық ату» ойыншының мергендігін, ептілік қабілетін арттыра түседі.Асықты дәл тигізіп, көп асық жинаған ойыншы жеңіске жетеді.Нағыз мерген болып саналады.Сайыскер ұлдарды 1-2 м. қашықтықтан мергендеп асық атуға шақырамыз. (3-топ асық атып,бағалары талқыланады)

ІІІ кезең.  «Бес тас»

Қыз балаларға тән ұлттық ойынымыздың бір түрі.Бұл кезде қыздардың ептілігі байқалады. Пішіндері бірдей бес тастың бірін лақтырып, қалғанын ретімен шапшаң жинап алу қажет.(4-тік ойынына дейін мұғалім орындап көрсетеді. 3-топ бес тас ойнап,ұпайлар саны қосылады)

ІV кезең.   «Теңге ату»

Жазықтық жерге адам бойындай етіп ағаш қағып ,басына тымақ кигізеді.Ойыншының көзін байлап,бағытынан адастырып бір рет айналдырады. Қамшымен дәл ұрып тигізу керек.Сайыскерлерге ептілік пен сақтық қажет етеді. Әккі,сезімтал оқушыны байқау үшін «Тымақ ұру» ойынын бастаймыз. (Ұпайлар саны есептеліп қоржынға асық салынады)

Жоғарыға күміс ақшалар салынған түйіншекті байлап қойып,сайыскерлер екпінмен секіріп түйіншекті алу қажет.Биіктігіне қарай ұпай саны есептелінеді.(V кезеңнің сан ұпайлары есептелініп,бағаланады).

V кезең.  «Қамшылау»

Ауылдың сері жігіттері жиналып ойын-сауық кезінде « Қамшылау» ойынын ойнайды. Бұл ойынға қазір әр топтың топбасшылары қатысады.Кім бірінші жүгіріп барып қамшыны алса,сол адам жеңімпаз болып есептелінеді.Қарсыласы қамшылатпай қашып кеткен жағдайда ойын қайта басталады.Кім шапшаң екенін бақылаймыз.(Әр топтың топбасшылары «Қамшылау» сайысын ойнап қорытындылайды)

VІ кезең. «Арқан тартыс»

Халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойынның бірі-АРҚАН ТАРТЫС. Сайысқа қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді.Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін түйіледі.Ойынға қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді.Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өтсе,солар жеңіп, жүлде алады. Ойында жеңіске жету үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы біріңғайлық, ұйымшылдық қажет.

(Жеңімпаз топты анықтап, әр топтың қоржынына бағалау асығы салынады.)

Қорытытынды.

Құрметті,қонақтар,көрермендер! Өздеріңізбен бірге қызықтаған ұлттық ойындардың тамаша сәті де аяқталды.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сарапшылар алқасына қоржындағы жиналған асықтарды санатамыз. (Асықтар барлық оқушылардың көзінше саналады )

Міне өздеріңіз куәсіздер, нағыз шыншыл сайыс өтіп жатыр, ұпайлар саны есептелінді,қорытындыны айту үшін сөз кезегін қазылар алқасының төрағасына береміз.

(Жеңімпаз топ анықталып, «ДАРАБОЗ» атағы беріледі. Әр топ мақтау қағаздарымен марапатталады)

 

«Қазақстан» теле арнасындағы қазақ халқының өнерін, мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптейтін «Дала думан» атты ток-шоудың желісіндеҰлыстың ұлы куніне орай оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында «Наурыз думан» атты тәрбйелік шара ұйымдастырдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Міне, осы міндетті жан – жақты ашып көрсету үшін жоғарыда өтілген барлық шараларға қатынасып журген оқушылардың қабілеттеріне қарай зерттеу жұмыстарын жүргіздім.  Оқушы шығармашылығын дамыту және көпшілікке  дарынды балаларды насихаттау мақсатында «Евразия» телеарнасындағы «Минута славы» бағдарламасы желісімен «Дарынды бала-ол кім?» тақырыбында шоу өткіздім.

 

Тақырыбы: « Дарынды бала: ол кім ?» /5-11 сыныптар/

Дайындаған: Ы.Сахиев.

Мақсаты:

Оқушылардың дарындық қабілеттін арттыру, шығармашылығын дамыту, таланттарын насихаттау. Ұлы ғұламалардың өлеңдерін жатқа айту, оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Түрі: Шоу

Әдісі: “Ғажайып бір минут” бағдарламасы желісінде

Көрнекілігі:   Сахна мерекеге сай безендіріліп, кештің тақырыбы ілінеді. Залда оқушылардың шығармашылық жұмыстары қойылып, қанатты сөздер ілінеді.

Керекті құралдар: Мультимедиялық тақта, компьютер, үн таспа, күй сандық, фото және видео камералар.

Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік

Барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Шараға қатынасушы окушылардың әзірлігін бақылау, түгендеу. Сахнаға шығу реттік саны бойынша оқушыларды дайындау.

Жүргізушілер мерекелік үлгіде киінген.

1-жүргізуші:  Райгүл Наурызбекова

2-жүргізуші: Ыбырай Сахиев

1- жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар, құрметті бүгінгі кештің сыйлы, қонақтары!

2-жүр: «Евразия» телеарнасындағы «Ғажайып 1 минут» бағдарламасы желісімен үйымдастырылып отырған «Дарынды бала- ол кім?» атты шоуды тамашалауға қош келдіңіздер!

1-жүр:          Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,

Кішіге ізет,үлкендерді сыйлаған.

Осындай оқушылар бар бізде ,

Өнерлілер, дарындылар жиналған.

2 — жүр: Бұл шараның өтілу мақсаты дарынды, даралардың, таланттарын насихаттау.

 

1-жүрг.:Мектебім өнер — білім ордасы бұл,
Өнерменен, ақылменен шашады нұр.
Талай таланат өнердің иелері,

Қазақстан төрінде қасқайып тұр.

2-жүрг: Ия, расымен  бұл — дарынды жастардың ордасы. Біздің мектебіміз өнерлілерді тәрбиелеп отырған мектеп.

Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай: «Қазақстаның болашағы — дарынды жастар»

1-жүрг: Әр сыныптың оқушылары сахна төрінде бас қосып, бір — біріне бауыр басып, арамызда сыйлыстық, бірлік бар. Мектебеміздегі барлық дарынды балаларын бір үйдің балаларындай еткен ең бірінші Жаратқанның ісі болса, екіншісі — аяулы ұстаздардың арқасы.

 

Екеуі бірге: Дарынды даралылар еліне қош келдіңіздер!

2-жүрг:                Қазақ халқы өнегелі жәй екен,

Өнер деген мол қазыналы бай екен,

Домбыра тартып, ән айтып , жыр жырлайық,

Өнерсіз бала бұл мектепте кемде- кем.

1- жүрг: Таныс болыңыздар, Гүлайым  Қуанышқалиқызы.  Мектебіміздің жезтаңдай әншісі.  Саз мектебінде домбыра бөлімінде оқиды, үлкен сахнада өнер көрсетіп жүр. Қошеметпен Гүлайымды қарсы алайық.

Шәмші Қалдаяқовтың әні: «Отырардағы той»

2-жүрг:      Бізде өнердің барлығы бар, бәрі де,

Тамашалар жасы болсын, кәрі де .

Ақындардың өнерін жатқа айтатын,

Ұл — қыздарды шақырамыз және де.

1 -жүрг: Шыңдыбаева Ақбидай 10- сынып оқушысы. Мектепшілік көркемсөз конкурсының жүлдегері. Аудандық «Абай – Шәкәрім» оқуларының көп өлеңін жатқа айту бөлімі бойынша жүлделі 2-орын иегері. 2010 жылы Облыстық қазақ тілі мен әдебиет пәндер олимпиадасының позия мен проза оқуының жүлдегері. Жетекшісі: М.Аяғанова

2-жүрг: Қай жанрды да өте тамаша орындайды. Бойында актерлік қабілеті басым. Таңдап отырған пәні: әдебиет

 

Мұхтар Шаханов: «Махамбеттің соңғы сөзі»

 

1 -жүрг:                Қыз сұлу көрінеді өркенімін,

Тізілтіп сөз маржаны тергенімен.

Майысып, бұратылып майда басып,

Жанында көз қылықпен келгенімен.

2-жүрг:  Әр ұлттың өз шыңы, өз ерекшелігі бар емес пе?1-жүрг: Ия, өзбектің биі тамаша,бірақ қазақтың көнерген буын биіне жетер ештеңе жоқ.

2-Жүрг: 5 «Ә» сынып оқу озаты Бөрібай Санияшты осы көнерген буын биі «Қара жорғаны» халыққа насихаттаушы десе де болады. Санияш сахналарда көбіне қазақ биін билейді және биді өзі дайындайды. Ауданда өткен «Өнерлі балғын — 2009» фесталвалінде «Қара жорға» биімен сайысқа түсіп, бас жүлдеге ие болды.

1-жүрг: Билеу қабілеті ерекше жас бишінің арманы атақты биші Шұғыла Сапарбайқызындай танымал жұлдыз бола білу. Ендеше ,сахнада Санияшты қарсы алайық.

2-жүрг: Талантты, дарынды бала бізде жетерлік. Мектебіміздегі «Сырлы қалам » атты суретшілер үйірмесінің мақтанышы 7- сынып оқушысы Беркін Инабатты сахна төріне шақырамыз.

1-жүрг.: Инабаттың шығармалары көптеген мектепшілік сайыстарда бағаланып, жеңімпаз атанып жүр. Инабат суретті ермек үшін салмайды. Оның салған әрбір  суреті сөйлеп тұрады. Ақ қағазға жан бітіре, өзі сүйген бейнені өзгеге де сүйсіндіре жеткізуге кұштар. Бояуды баттастырмай талғамен бояп, баппен, асықпай салады. Инабаттың салған суреттеріне назар аударайық.

2-жүрг: «Қызғалдықтың Отаны — Қазақстан» атты облыстық оқушылардың суретшілер сайысында 1- орын алып, Алматы қаласына Республиукалық байқауға шақырылды. Қазір Инабат сіздердің алдарыңызға өз өнерін көрсетіп, сурет салып береді.

1-жүрг: Инабаттың суреті дайын болғанша мектепшілік көркемсөз орындау жүлдегері, «Көркемөнерпаздар» фестивалінің көркемсөз оқу бөлімі бойынша бас жүлденің иегері, оқу озаты, болашақ аудан, облыс, Республика жүлдегері деп үміт күттіретін оқушы-Әліпқали Арайлымды қарсы алыңыздар. Мұхтар Шахановтың  «Әке үкімі» поэмасы

2- жүрг:     Кең өлке бар ма қазақ даласындай,

Ал дара бар ма, қазақ данасындай?

Қазақтың ән мен күйін асқақтатқан,

Бар ма екен күйші қызы Данасындай?

«Домбыра- қазақтың қасиетті дүниесі, өзің тарта алмасаң да қастерлей біл» -деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан екен.  Сейілхан Құсайыновтың «Мереке» күйін тамашалауга шақырамыз.

1 -жүрг: Қосжан Дана 9 «а»- сыныптың топ басшысы. Кішкентайынан домбыра тартуға қабілетін байқаған әкесі Дананы А.Өміров атындағы саз мектебінің домбыра сыныбына береді. Сол мектепте өте жақсы оқып, үздік куәлікпен бітірген Дана шығармашылығын шыңдауда.

2-жүрг: Дананы қошеметпен сахнаға шақырамыз.

1-жүрг: Бейне экранға назар аударайық. Бүгінге кеште Есболды айтып кетпеу мүмкін емес. Мектібіміздің абыройын қорғауға аудандық «Махамбет» оқуларына күй додасын қатынаспақшы Есболға жүлделі орын алуына тілектеспіз (Есболдың слайдын көрсету)

2-жүрг:                Біздің мектеп сусындаған өлеңмен,

Құр қол емес ақындық өнерден .

Әрбір бала ақын жанды ерекше ,

Олай болса қарсы алыңыз көрермен.

1-жүрг: Нұрқали Медет туа біткен таланат иесі. Тума талантты тану, шығармашылығын шыңдау ұстаздың еңбегі. Жетекшісі: М.Аяғанова. Медетті бірнеше рет жас ақындар мүшайрасына қатынастыра отырып, жіргерлендіре түсті.

2-жүрг: Ол аудандық суырып салма ақындар айтысына қатынасып Алғыс хатпен марапатталды. 2009 жылы Аудандық «Абай-Шәкәрім» оқуына шығармашылық бөлімі бойынша жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Медет көбіне патриоттық, махаббат лирикасында жырлайды. Ендеше, Медетті саханаға шақырамыз.

(Медет өз өлеңін айтып береді)

1-жүрг: Ал, Медет шабытынды шыңдайтын кез келді. Бүгінгі кештің үстінде тамаша өлең жазуыңа кезек береміз.

2-жүрг: Қойшығали Бақыт мектебіміздің озат оқушыларының бірі. Жастайынан буындарын ерекше қозғалтып, музыка әуеніне ырғала билеген Бақыттың болашағынан зор үміт күтеміз. Бақыт үлкен сахналарда акробатикалық қимыл қозғалыс, іс — әрекетерін ұштастыра отырып, ерекше орындаған бимен көрерменді таң қалдырып жүр. Н.Тілендиевтың «Аққу» күйіне қойылған «Аққу» биін қабыл алыңыздар.

1-жүрг: Ыбырай, расында біздің мектепте көптеген дарынды оқушылар бар екен.

2-жүрг: Сонымен қатар спорттан да ерекшеліктері басым чемпиондарымыз бар.

Алтын, қола медалдің жүлдегері,

Дзюдодан мектептің спорт шебері.

Ерлан мен Нұржанды шақырайық,

Тамашалап спортың бір шеруін.

Сахнада Сағидоллаев Нұржан, Құлжанов Ерлан қарсы алыңыздар.

(Палуандар өнерлерін көрсетеді)

2-жүрг: Келесі кезекте ерекше талантты иесімен таныс болыңыздар.

7- сынып оқушысы Жайлауқызы Тұмарханым әкесі мен анасын мақтан тұтады. Анасының суретшілігі, әкесінің мүсіншілік өнері қыздарына дарыған.

1 –жүрг: Қазақ халқының көнерген қол өнер бұйымдарын өте шебер дайындап,оқушыларға насихатап жүрген Түмарханым шеберлер сайысында жүлдесіз қайтпаған. Ендеше, Жайлауқызы Тұмарханымды қарсы алайық. Қолөнер шеберінің дайындаған бұйымдарын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүрг:  Мың бұралып билейді ұл — қызымыз ,

Буындары майысқанда таң қалмаңыз .

Татардың ұлттық биін билейтұғын,

«Айданай» би тобын қарсы алыңыз .

1-жүрг:

Тек сіздерге арнаймыз нәзік үнді,

Жанып тұрған оттаймыз біз жалынды.

Әнш де ба, биші де, ақын да бар,

Қазақстан жастарымыз біз дарынды.

 

2-жүрг: Саламатқызы Әсемгүл. Әсемгүл — ақ қағаздай таза бала,

1 -сыныптан бері оқу озаты, сыныбының мақтанышы. Мектеп ішінде өтетін іс -шаралардың бәріне ат салысады. Мәнерлеп оқу аудандық олимпиадасына қатынасып 1 орынды иеленіп, облыстан 2 орын иегері. Әсемгүлдің бишлік қабілеті де бар. Би өнерімен сахна төрінде  көрермен көз айымына айналып жүр. «Жігерлендіру» Оқитын Жасан Әсемгүл

2-жүрг: Райгүл, сен қалай ойлайсың,біздің мектепте тағы да қандай өнерлі оқушылар бар?

1-жүрг: Дарынды балаға тән бір ерекешелік — ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселерді айқын сөздермен айшықтап, оны бір — бірімен байланыстырып,  табандылық көрсете білу.

2-жүрг: Осындай балалардың басын біріктіретін мектебімізде КТК клубы құрылып, клубта бірнеше топ өнер көрсетіп жүр. Соның ішінде жүзден жүйрік ойыншыларды осы сахнада сіздерге таныстыруды жөн көріп отырмын.

1-жүрг:

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар талантты дарытуға.

Мектебіміздің серілері шықты ортаға,

Сіздерді әзілмен таныстыруға.

Селолық К.Т.К. ауыспалы кубогін жеңіп алған «Ұнамаса қарама» тобын сахна төріне шақырамыз.

2-жүрг: Кезекті жұптық биге береміз. Мектебімізде өткен «Өнерпаздар-2009» фестивалінің жүлделі 1- орын иегерлері Данияр мен Ақбаянды қарсы алайық. Мырзашев Данияр- мектептің белсендіоқушыларының бірі. Аудандық олипиадаға физика пәнінен қатынасып, жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

1-жүрг: Тасболатова Ақбаян -мектебіміздің үлгілі оқушыларының бірі Ақбаян тек би өнерімен ғана шектеліп қоймайды. Білім алуға құштар. 1 сыныптан бері оқу озаты. Данияр мен Ақбаян «Айданай» би үйірмесінің бишілері. «Танго» биін тамашаланыздар.

1-жүрг: Ақын Мағжан Жұмабаев: «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге гүл бітіретін, сақау өмірге үн бітіретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді, көрнекі қыла алатын, бізде арыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдестіретін — сол фантазия» демекші мектебіміздің үздік оқушыларының бірі- Тілектесова Айдана қиялға беріле отырып дайындаған авангард стилдегі сән үлгілерін тамашалаңыздар.

2-жүрг:

Ән — махаббат, ән-сағыныш,

Ән — жұбаныш, ән – қуаныш.

Сырлы сазды үнімен,

Тебертеді Алдаберген әнімен.

1-жүрг:

Қыз емес ,қыздың аты — қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2-жүрг: Округ әкімінің ұйымдастырған мәдени шараларында белсене ат салысып, әншілік қырымен көзге түсіп жүрген талант иесі. 10- сынып оқушысы Исатов Алдабергеннің орындауындағы «Сәукелелі қыз» әнін қабыл алыңыздар!

 

Қорытынды: «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарындылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған шоуымызды аяқтай келе, бәсекеге қабілетті болашақтың дарынды тұлғасы ол кім?-, дейтін болсақ, ол: ақын, биші, суретші, дизайнер, мүсінші, әнші, актер және спорт шебері т.б талантты тұлғаларды айта аламыз.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

1. Қазақстан  мектебі-2001.130-136 бет.Тәрбие  жұмысы-2000.160-161 бет.

2. Сыныптан  тыс  жұмыстар-2006-07.41-48 бет

3. С.Ғаббасов. «Халық  педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995.ж.

4. Сынып  жетекшісінің  анықтамалығы № 0 (0) 2008.ж.12-19бет.

5. «Тәрбие жұмысындағы ұлттық болмыс ұғымдарын жандандыру»  Б.Өтешова Алматы

6. Републикалық әдеби-көркем әлеуметтік журнал, «Жалын»№9,2007жыл

7. «Отбасы және денсаулық» журналы

8. « Қазақстандағы емдік қасиеті бар өсімдіктер кітабы,авторы: Ә.Іскендіров. Алматы

9. «Алтын орда» газеті,2009жыл «Атырау» газеті,2009жыл

10. Жалпы білім беретін мектептің 1-11сыныптырына арналған дене тәрбиесінің бағдарламасы.Алматы. Рауан, 1993, 99-бет,  «Шапағат- Нұр» журнал-2008жыл

11. Еуразия телеарнасы  « Малахов плюс», «Минута славы» бағдарламасы.

12.  Интернет ақпараттары

13.  Хабар  телеарнасы « Таң қалмаңыз» бағдарламасы

14. Қазақстан телеарнасы « Дарабоз» бағдарламасы

15. Қазақстан мектебі 12-2010жыл.

16. «Білім берудің этнопедагогикалық негіздері: теория жене тәжірибе» Астана-2010

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.