Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті.
Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп. Молдаева.Г
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: 1. Оқушыларды б мен п әріптерімен таныстыру. Б мен п дыбыстарының дауыссыз дыбыстар екенін аңғарту
Дамытушылығы: 2. Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту, әдемі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелігі: 3. Отанын сүюге, қорғай білуге, еңбексүйгіштікке, Ұқыптылыққа, әдемілікке баулу
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, талдау көрсету
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, плакат, ребус, суреттер, ойын материалдары.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық: /сәлемдесу/
Қайырлы таң балалар
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім
-Балалар қазір бізде қазақ тілі сабағы
2. Үй тапсырмасын сұрау
-Қане, үйге қандай тапсырма берілді?
-123-жаттығу. Ереже 40-бет
-Олай болса, сабаққа дайынбыз ба?
-Иә
-Балалар, қазір біздер үй тапсырмасын тексеру үшін ертегі тыңдап кө-
релік.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшыпты. Бірнеше дыбыстар күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты.
-Бұлар қандай дыбыстар?
-Дауысты дыбыстар
Ал енді бір дыбыстар бұлтқа қонып үнді болып қалыпты. Енді біреулері ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. Ал кейбіреулері ағаштың діңіне қонып қатаң болыпты. Олар күні бойы жылап, қайғырыпты. Бұларды төбелерінен көріп тұрған дауысты дыбыстар бір шешімге келіп бұларды біріктіру керек депті. Сөйтіп олар сендерге хат жіберіпті.
Хат
Егер балалар ол дыбыстарды аттарымен атап шақырса олар өз мекеніне оралады екен. Қане көмектесеміз бе?
Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у) 123-жаттығу Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з оқыту Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ |
-Иә
Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у) 123-жаттығу
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з оқыту
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ
123. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
-Балалар, біздер әріптерді біріктірдік, енді оларды қалай атаймыз?
-Дауыссыз дыбыстар
-Олардың саны қанша?
-26
-Жарайсыңдар
3 Жаңа сабақ
- Бармақта бар
Саусақта жоқ,
Бақайда бар
Тұяқта жоқ (б дыбысы)
- Арпада бар
Бидайда жоқ,
Аптада бар
Айда жоқ (п дыбысы)
Олай болса балалар дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазайық.
Қазанның жиырма алтысы (сәрсенбі)
-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы дауыссыз б мен п
Көркем жазу минуты
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
б әрпі мен п әрпін
Әдемі етіп жазайық
-Қане, кім тақтаға б әрпінің үлкені мен кішісін жазады?
-п әрпіне кім шығады?
Б б
П п
/Әріпті жазу емлесін ескерту/
-Енді балалар оқулықтағы 126-жаттығуға қарайық
126. Өлеңді мәнерлеп оқы. П әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, әрпінің астын сыз. Бұл сөздердегі п дыбысы қалай айтылатынын байқа. Ол дауыссыздардың қай тобына жатады?
Күзгі дала
Дала жатыр демалып,
Үлестіріп жемісін
Дүниедегі ең алып
Осы дала мен үшін
Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Елестеді маңдайдан (Тұманбай Молдағалиев)
/Екі балаға оқыту/
Қазақ ақыны
Тұманбай Молдағалиев 1935-2011 |
Алматы облысы “Көктем таңы”,
Еңбекші қазақ “Зулайды күндер”,
ауданы,Жарсу “Алатау қызы”
совхозы
“Құстар қайтып барады”
“Әнім сен едің”
“Шақырады көктем”
Суретпен жұмыс /слайд көрсету “Күз”/
126. демалып, үлестіріп, алып, сыйлап, шелектеп. (2 балаға жаздыру)
Ереже: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады:кітап, мектеп, доп, қап.
127. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді кө-
шіріп жаз. Оқылуы мен жазылуын салыстыр.
Әдеп, талап, жіп, шөп, қорап. (2 балаға жаздыру)
Сергіту сәті
Кел балалар ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық
Интерактивті тақтадан жұмбақ шешуінің суреттері көрсетіледі.
Жұмбақтар
- Өзі біреу, көзі үшеу. (бағдаршам)
- Су астында қыстайды. (балық)
- Кішкентай ғана сары үрпек,
Әрі қорқақ, әрі үркек. (балапан)
- Үстінде есігі
Өзі орындық, әрі үстел
Оқушылар бесігі (парта)
- Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
- Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан (піл)
128. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Талапты сөзіне сөйлем құрау.
129. Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін оқуға болады. Қалай? Штаб, клуб сөздерін п дыбысына аяқталған сөздермен салыстырып, қорытынды жасап көр.
Штаб- Қарулы күштердің барлық түрлері бойынша әскерлерді басқарып отыратын бөлім.
Клуб- Ауылдық жерлерде мәдени ағарту іс шараларын жүргізетін, шығармашылық іс-әрекетті дамытатын мәдени-ағарту орны, мекеме, ғимарат.
(Слайдтан клубқа, штабқа байланысты суреттер көрсету)
Дәптермен жұмыс: клуб, штаб сөздерін жазу.
4 Қорытынды бөлім
“П”
Бала отыр партада
Оқы, үйрен шаршама
“П” дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа
“Б”
Бостан босқа ойнама
Бидай толтыр қоймаңа
Бақа, балық, ботақан
Тағы сөз тап ойлана
Ойын “Сөз ойла, көп ойла”
Шарты: Мұғалім кімге доп береді, сол бала сөз айтады.
Не үйрендік? Не білдік?
-Балалар ол үшін бірнеше сұрақтарға жауап берейік. Әр сан бойынша берілген сұрақтарға жауап берсек, келесі бетінен сөздер құраймыз.
7 |
6 |
5 |
4 |
3 |
2 |
1 |
- Бүгін қандай дыбыстармен таныстық?
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- П дыбысы қандай дыбыс?
- Сөз соңында б естілгенімен қандай әріп жазылады?
- Тұманбай Молдағалиев кім?
- Б дыбысынан басталатын дене мүшелерін ата
- П дыбысынан басталатын адам аттарын ата
Тә уел сіз дік ке 20 жыл
-Балалар, алда қандай мереке?
-Тәуелсіздігімізге 20 жыл толмақ.
-Мереке құтты болсын!
5. Үйге тапсырма:
130-жаттығу. Ереже 42-бет.
6. Бағалау
Балалар жарайсыңдар. Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерге менен естелік ретінде мынадай сыйлықтар табыстаймын!
(Балаларға естелікке сыйлықтар)
Жеміске құты тола ма
Бір-бірлеп теріп алмасаң
Әп-сәтте тола қоя ма
Еккен дәнің ойласаң
Білім де сондай қарағым
Біртіндеп сіңір бойыңа
Ұғып ал, білім боларын
Шам шырағың жолыңда!