Без рубрики

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі Сүйіншалина Мейрамгүл Сейілханқызы

Күні: 20.01.2012ж   Сыныбы:
С/т:    Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы
Cабақ презентациясы: Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы (PDF)
С/м:   А)   Оқушыларға моңғол мемлекетінің құрылуы,саяси-әкімшілік құрылымы,  «Жасақ» заңдар жинағы,моңғолдардың  қазақ  даласына  алғашқы жорықтары ,моңғолдардың Қазақстанды жаулауы, «Отырар апаты», ұлыстардың құрылуы,моңғол шапқыншылығының салдары туралы  түсінік беру.
Б)   Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке,  патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.
В)   Оқушылардың ойлау, еркін сөйлеу, есте сақтау, қабілеттерін дамыту.Пәнге деген қызығушылығын  арттыру.

С/типі:  Жаңа  сабақты  меңгерту сабағы

С/түрі:  Дәстүрлі емес

С/әдісі:   Ауызша баяндау,рөлге бөлу

С/барысы:   

  1. Ұйымдастыру
  2. Жаңа сабақты меңгерту
  3. Бекіту
  4. Қортындылау
  5. Үйге тапсырма беру
  6. Бағалау

 

І.Сыныпты 3 топқа бөлу.

ІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Моңғол мемлекетінің құрылуы
  2. Саяси-әкімшілік құрылымы
  3. «Жасақ »заңдар жинағы
  4. Моңғолдардың Қазақстанды  жаулауы
  5. «Отырар апаты»
  6. Ұлыстардың құрылуы
  7. Моңғол шапқыншылығының зардаптары:

 

 

 

І.   -ХІІІ ғ.бірінші ширегінде қазақ жері көшпелі тайпалардың жаугершілік  жорықтарының  құрбаны болды.Жаулаушылар жаппай қырып жойып,бүтіндей аймақтарды толайым қаңыратып,қалаларды қиратты.Араб  және парсы тарихи деректерінде осы шапқыншылық жылдарында әртүрлі елдерде барлығы 30-ға жуық қала жермен жексен етілді деген мәліметтер берілген.Солардың қатарында  оңт.Қазақстандағы 3 қала: Отырар, Сығанақ,Ашнас  қалалары бар делінген.

Бұл деректе қандай жаулаушылар туралы айтылып отыр.(Моғол-татар)

(Сабақтың тақырыбын хабарлау,жоспарымен таныстыру)

Қазіргі Моңғолияның  территориясында ХІІІғ.басында Керей,Найман,Жалайыр хандықтарының шекарасына іргелес жатқан бірде тату,бірде араз өмір сүрген.Осы тайпалардың басын біріктіріп, алғаш Моңғол мемлекетінің шаңырағын көтерген Шыңғысхан болатын.

 

соғыс                                                                                        құлдық

қан                                                                                       өлім

қатыгездік           қиранды

 

Ежелгі уақытта «Моңғолдардың құпия шежіресі» деп аталатын құнды әдеби ескерткіш құрастырылған. Бұл еңбекте халықтың  ата-баба шежіресі емес,негізіне Шыңғысханның өмірі мен қызметі туралы жазылған. Шежіре 12 бөлімнен тұрады.І бөлімінде «Шыңғысханның шығу тегі мен балалық  шағы » жазылған.Біз жаңа сабағымызды меңгеруді осы құпия шежіредегі Темучиннің ата-аналарының сөзінен бастасақ.

Анасының әңгімесінен: (І топқа)

«Мен қоңырат тайпасында дүниеге келдім.Меркіт  тайпасынан шыққан күйеуім Челеду мені айттырып алып келе жатқан кезде  алдымыздан Онон өзенінің бойында аң аулап жүрген Есугей батыр жолықты.Ол өзінің інілерін ертіп келіп,Челедуді ұрып-соғып, мені өзімен бірге алып кетті.Челеду маған ұнайтын,бірақ моңғол қыздары ол заманда болашақ жарын өзі таңдамайтын.Олардың тағдырларын әкелері және бұйырмысы шешетін.Еңіреп жылаған мен Есугей батырдың қосынына алып келді,сөйтіп мен  оның үлкен әйелі болдым.Қабан жылы,1155 жылдың қысында  ұлды бодым.Оны әкесі татарларды жеңген жеңісінің құрметіне,солардың  қолбасшысы Теміршінің есімін берді. »

Мұғалімнің сөз:Темучиннің балалық шағы  туралы…

1155ж.- Темучин – 1227ж

1206ж – Онон мен Керулен өзені.Моңғол құрылтайы.

 

Шыңғысхан. Моңғол мемлекеті.

 

ІІ.                              Жауынгер-ноянның әңгімесінен:

« Моңғол мемлекетінің жері үш әскери-әкімшілік аймаққа бөлінді: Оң қанат – баруңғар; Сол қанат – жоңғар; Орталық – кул;

Әр аймақ  бірнеше түменге,түмендер – мыңдықтарға, мыңдықтар – жүздіктерге,жүздіктер – ондықтарға бөлінді.Аймақтың, түменнің , мыңдықтың басында Шыңғысханның туыстары мен батыл да ержүрек адамдар тұрды.Әскер өте қатаң тәртібімен ерекшеленді.Егер ондықтың ішіндегі біреуі  кінәлі болса,барлық ондықтың мүшелері жазаланды.Егер майдан даласында жүздік қорқақтық танытса,барлық мыңдықты жазалады.Ауыр және жеңіл атты әскер болды.Моңғолдар түрлі әскери әдіс – тәсілдерді меңгерді: қарсыластарын алдау,қуып  жүріп соғысу және жауынгерлерін  параллель етіп бес қатар бойына тұрғызу .Моңғол жауынгерлері шабуылға  бар дауыстарымен айқайлап шығады,бірақ ұрыс кезінде үнсіз шайқасты.Әрбір моңғол жауынгері өзімен бірге  біз,ара, ине ,жіп, тамақ пісіретін балшықтан жасалған ыдыс, 2 литрдей су құятын ыдыс, құрғақ сүт,кептірілген ет,ауыстыратын киімдерін алып жүрді.Азық-түлік қоры бітіп қалған жағдайда ,жауынгер өз атының тамырын кесіп жіберіп ,жарты литрге дейін қанын ішіп,

байлап тастайтын,1211-1213 жж Қытайды бағындырғаннан кейін моңғол әскерлерінде қытайлардың  қабырға бұзатын әскери техникасы пайда болды.Шыңғысхан тыңшылар мен көпестердің,жүргіншілердің мәліметтерін өте шебер пайдаланды.Ол ешқашан мемлекет туралы  білмей тұрып шабуыл жасамайтын. »

Мұғалімнің сөзі:

Қоғамдық құрылысы

 

 

онбасы

10 мың әскер

жүзбасы

мыңбасы

Түменбасы

100 әскер

10 әскер

1000 әскер

 

                Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:

 

 

 

 

                                                                                                                                          

 

 

Мемлекттің басты заңы «Жасақ» (Яса).

 

Нақыл сөз,өсиет,шешім

«Яса», «Жасақ»

Әскери-азаматтық іс,жалпы заң, жаза

 

1207-1208 ж Жошы  Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы
1207-1209 ж Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы
1211-1215 ж Қытай жерін бағындырылуы
1217 ж Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы
1218 ж Монғолдардың Жетісу жеріне енуі
1219 ж 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы
1219-1220 ж Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
1219-1224ж Орта Азия мен Қазақстан Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды

                    Моңғолдардың Қазақстанды  жаулауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шыңғыс ханның Қазақстанды жаулауына «Отырар апаты»  сылтау  болды.

Көрініс қою:

 

Тыңшы: -О,тақсыр,хан ием, мен жаман хабар алып келдім.

Шыңғыс хан : — Айт!

Тыңшы: -Сіздің бұйрығыңыз бойынша 450 адамнан,500 түйеден  тұратын саудагерлердің керуені Отырарға аттанған еді.Олар  тыңшылық жүргізуі керек еді,бірақ олардың жолдары болмады.Отырардың билеушісі Қайыр хан саудегерлерден сезіктеніп,оларды өлтіруге,  керуенді тонауға бұйрық берді.

Шыңғыс хан: — Бара бер! Қайыр хан бұл ісі үшін әлі жауап береді.Жорыққа дайындалыңдар!

Мұғалімнің сөзі:

«Отырар апаты» тарихта қалған ерекше оқиға болды.Қайыр ханның ісі  ұрпаққа үлгі болар ,қайталанбас ерліктің көрінісі болды.

                                         

 

   Көрініс:

Сардар: -Хан ием,Отырардың билеушісі Қайыр хан  алты ай қарсылықтан кейін  қолға түсіп,тұтқындалды.Сіздің бұйрығыңыз бойынша біз оны сізге алып келдік,ол өзінің жазасын күтіп тұр.

Шыңғыс хан: -Қайыр хан арыстанша арпалысты.Мен ержүрек әрі күшті адамдарды құрметтеймін,бірақ  Қайыр ханды бас имегендігі үшін қатал жаза тосып тұр.Оның көзі мен құлағына балқытылған күміс құйыңдар!

Сардар:-Хан ием! Қараша Қажип өзінің  сыйын күтіп тұр!

Шыңғыс хан:-Оның өзіне лайық сыйы бар. Кім бір рет сатып кетсе,ол екінші рет тағы да сатып кетеді.Оны өлтіріңдер!

Мұғалімнің сөзі:

Ал сіздер , Шыңғыс ханның  шешімімен келісесіңдер ме? Сатқындыққа қалай қарайсыңдар?

Отырар жермен жексен етілді . Ондағы алып кітапхана өртке оранды.

М.Шахановтың «Отырар апаты» өлеңінен үзінді оқыту

 

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін,  балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.

Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы

 

Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі  2  бағытта жүрді:

  1. Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;
  2. Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы  хандар тарихының бастауы болды.

Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады.

 

 Жаулап алудың  зардаптары

  1. 1.                  Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
  2. 2.                  Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
  3. 3.                  Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
  4. 4.                  Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
  5. 5.                  Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
  6. 6.                  Мәдениеттің дамуына кедергі болды.

 

ІІ. Келесі сайыс «Тұлғаны таны» деп аталады.

 

ІІІ.Хронологиялық диктант

1206 жыл

1155-1227 жыл

1207-1211 жыл

1215 жыл

1217 жыл

1210-1211 жыл

1219 ж қыркүйек

1219-1224 жыл

 

ІҮ. Проблемалық сұрақ (ауызша): Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?

 

      Ү. Бекіту сұрағы.

         1155 ж                  Жошы                 Құрылтай

         Есукей                 Шағатай               150 мың

         Яса                       Үгедей                  1206 жыл

         Отырар               Төле                      Сығанақ

         Қайырхан           Ашнас                  1219 жыл

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.