Без рубрики

Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі Сүйіншалина Мейрамгүл Сейілханқызы

Күні: 13.10.2011ж  Сыныбы: 6б
С/т:          Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты.
Cабақ презентациясы:
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты. (PDF)

С/м:      а) Оқушыларға перғауындар,шонжарлар,көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтардың жасалуы туралы түсінік қалыптастыру.
ә) Оқушылардың бойында әділдік,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Бейбітшілікті қадірлеуге үйрету.Шапшаңдыққа баулу.
б) Оқушылардың ойлау, оқулықпен жұмыс жасау, есте сақтау, өз ойынжеткізе білу  қабілеттерін дамыту

 

І кезең:    

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

                           Бос жерге керекті сөзді қойып жазыңдар:

1.Түскен ­­­­­­­­­­­­ олжа мен байлықтың басым  көпшілігі перғауынның   және  құлиеленуші ақсүйектердің қолдарына жиналды.

2. Египеттіктер тұтқындарды «тірі өліктер»   деп атап,оларды құлға айналдырды.

3.Құлдар таңның  атысынан  күннің  батысына  дейін жұмыс істеген.

4.Шаруалардың азырақ жері,малы  және жеміс ағаштары болды.

5. Олардың   жұмыстарын бақылаушылар үнемі бақылап отырған.

ІІ кезең:           Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар    

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

                                                             Сен білесің бе?

(Сұрақтарға жауап жаз)

1.Ежелгі Египеттің патшалары осылай аталды :Перғауын

2.Перғауыннан кейінгі беделді кімдер болды?Әкімдер

3.Шонжарлардың малдарын,үйлерін және егінін күзетушілер:Сақшылар мен шабармандар

4.Египет әскерінің негізгі бөлігі кімдер?Жаяу әскер

5.Сирияға 17 рет жорық жасаған перғауын?ІІІ Тутмос

6.Нубия елі Египетті несімен қызықтырды? Алтын кенішімен

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неге?

Неліктен? Себебі? Не үшін?)

   Сұрақтарға жауап бере отырып, бос орындарды толтыр.

1. Перғауындар кімдер үшін еңбекшілерді аяусыз жұмсады?

Ж:Перғауындар  өздерінің орасан зор  билігін шонжарлардың мүддесі үшін еңбекшілерді аяусыз қанауға жұмсаған.

2.Перғауындар шонжарларға жерді не үшін берді?

Ж:Перғауындар шонжарлардың  жағдайын жақсарту  мақсатында оларға құнарлы жерлерден тұтас  мекендер берген.

3.Шонжарларға перғауын неге әртүрлі сый-сыяпаттар жасады?

Ж:Себебі,шонжарлар патшаның туыстары, достары  болды.

4.Егіншілерге неге дүре соғылды?

Ж:Егер де егіншілер салықты төлей  алмаса,онда оларды дүре соғып,жазалап отырған.

5.Перғауындар басқыншылық жорықтарын не үшін жасап отырды?

Ж:Перғауындар биліктерінкүшейтуге,өз иелігіндегі жерлерді кеңейтіп,шикізат шығатын  жаңа жерлерді басып алуға,сөйтіп, байлығын молайтуға күш салды.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ,  ребус шеш сияқты  т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )

                                        Венн диаграммасын толтыр             

 

құлдар

шонжарлар

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстем тап өкілдері                                              қызметі  
Перғауын

 

Әкімдер

 

Жазғыштар

 

Сақшылар

Шабармандар

Ел    басқарады

 

Ел басқарудың  маңызды  істеріне араласты

 

Перғауынның бұйрығын жазды

 

 

Шонжарлардың  малдарын  , егінін , үйлерін күзетті

 

 

Кестені толтыр

 

 

 

 

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар)

 

 

 

 

                                      Сәйкестендір:

1.Құлдар                                                       алтын  кеніші

 

2.Мемфис                                                     жаулаушылық жорықтар

 

3.Тас                                                              «тірі өліктер»

 

4.Нубия                                                         «Ақ дуал»

 

5.III Тутмос                                                   негізгі табиғат байлығы

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

III Тутмос перғауынның билігіне қандай баға берер едің?Елге қандай пайда келтірді?

Ж: Ж:Египеттің Азиадағы  ықпалын күшейтті  . Вавилон ,Ассирия,Хетт  патшалары  алым  төлеп  тұрды

 

ІІІ кезең:    Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

 

                                      І деңгей (5 балл)

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

                                      Лездік сұрақтар

1.Перғауын өлгеннен кейін таққа кім отырды? ұлы немесе  жақын туысы

2.Шонжарлар тобына кімдер жатты? әкімдер,жазғыштар, қазылар,  сарай    

     қызметкерлері, сақшылар мен  шабармандар

3.Шонжарлар қандай үйлерде тұрды? Үлкен әсем  үйлерде тұрды

4.III Тутмос қашан Алдыңғы Азияға аттанды? б.з.б 1500  жылдар  шамасында

5.Египетке алым төлеп отырған мемлекеттер? Вавилон ,Ассирия,Хетт

 

 

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырма)

 

                Берілген жылдардың оқиғаларын тауып жаз.

1.Б.з.б 1500 жылдар шамасы III Тутмос  Алдыңғы Азияға аттанды

2.Б.з.б. 1525-1491 ж.ж. III Тутмос

 

 

ІІ  деңгей:   (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

Бос орындарға сөз жаза отырып, себебін  түсіндір:

1.Шонжарлар неге жаяу жүрмеді?

Ж: Себебі, құлдар шонжарларды  арнаулы зембілдерге салып,көтеріп жүретін.

2.Жазғыштар шаруалардың қоныстарына не үшін келетін?

Ж:Олар егіншілерден перғауынның қамбасына  астық пен жемістерді толтыруын талап етті.

3.Перғауындар не үшін басқыншылық жорықтар жасады?

Ж:Сауда жолына билік етуді және сыртқы сауданың бұдан әрі өркендеуіне жол ашу мақсатында

4. Шонжарларға музыканттар мен бишілер не үшін қажет болды?

Ж:Олар шонжарлардың көңілін  көтеру үшін би билеп, ән салатын.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде?  3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз, — деген тапсырмалар болу керек. Немесе,  1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

                                                     Салыстыр: 

 Перғауын                                                                                     Президент                                                                                                                                                         

 

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)

                                                  Тест

1.Перғауыннан кейін кідер тұрды?

А) Жазғыштар          б)Әкімдер                 в) Сақшылар

2.Күзетшілердің міндетін кімдер атқарды?

А) Сақшылар мен шабармандар    б)әкімдер            в) жазғыштар

3.Ең көп жорық жасаған перғауын?

А) Аменхотеп     б) Рамзес     в) III Тутмос

4.Шонжардың үйіндегі барлық жұмыстарды кімдер атқарды?

А)қызметшілер     б)  Құлдар     в) бишілер

 

ІІІ  деңгей:   (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

 

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ,  ребус шеш сияқты  т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )

 

                                Сөзжұмбақты  шеш:

 

  с а қ ш ы  
т у т м о с  
        н у б и я  
        ж а я у  
      в а в и л о н
    п е р ғ а у ы н

Сұрақтар:

1)Шонжардың малын,егінін,үйін күзетуші?

2)Серияға 17 рет жорық жасаған перғауын?

3)Алтын кеніші Египетті қызықтырған ел?
4)Египет әскерінің негізгі бөлігі?

5)Египет жаулап алған Қосөзен мемлекеті?

6)Египет патшасының аталуы?

 

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

 

(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сен, үстем тап өкілдерінің қарапайым халықтан артықшылықта өмір сүруіне қалай қарайсың?Сен қай таптың өкілі болғың келеді?

Ж:________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты: 1 комментарий

  1. өте керемет жасалған, ойластырылған материал. Бұл жұмыс сіздің ізденімпаздығыңызды, шеберлігіңізді көрсетеді!!!Рахмет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.