Технология

Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңі.(графика, гротаж)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі
Құралай Әбдікова Ергешқызы

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңі.(графика, гротаж)
Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңінің мазмұнын меңгере отырып, сурет салу арқылыоқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық , отаншылдық қасиеттерін  қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өз бетінше іздене білуге, ойлау қабілетінің арттыруға  дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты:  жасөспірімдерді қайырымдылыққа, жанашырлыққа, төзімділікке, табандылыққа , қайсарлыққа баулу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, өлеңге байланысты композиция құрастыру, топтық жарыс, тақтамен жұмыс.
Пайдаланалатын көрнекіліктер: Плакат, карточкалар,кітап, журнал, иллюстрациялары т.б.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Жаңа сабақты түсіндіру.
3) Топтық жарысты ұйымдастыру.
4) Қорытындылау.
Биыл тойланып жатқан Мұқағали ағамыздың сексен бір жылдық мерей тойына байланысты көркем сөз шеберінің, тілінің өміршеңдігін дәріптеп, сол өлеңнің сюжетін ашып, бейнелеу өнерін графика арқылы суреттеу. Мұқағали Мақатаев қасиетті Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз өңірінде дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Артына мол мұра қалдырған бірнеше өлеңдері бар. Мысалы: «Туған жер», «Қыстың күні», «Көктем», «Қыстауда» т.б.
Сол өлең шумақтарының ішінде «Сарыжайлау» бұрынғы заманда ата-бабаларымыз бір жерден екінші бір жерге қоныс аударып, көшіп-қонып мал бағып, жайлау да киіз үй тігіп, ауысып жүрді. Қазақтар мал бағып, үш ай, үш күн болатын өлкеге дейін малын бағып барған. Шырайлы – шөбі шүйгін жерді жайлау деп атаған. Ақын сол жерлерді өз өлеңінде суреттейді.
Жазира, жасыл кілем өрнектелген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.

Қайырмасы:
Саумал бұлақ-балдай дәрім,
Салқын самал-баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым! – деп
Ақын тебірене жырлайды. Ақынның бойындағы туған жерге деген сағыныш исі аңқиды. Туған жердің бұлағының дәмін дәріге балап, жайлауына ешбір жерді теңестіре алмайтынын ашық айтады.
Армысың, ата қоныс, жасыл мекен,
Ұланыңмын, мен сенің қасында өтем.
Басқаның жер ұйығын неғылайын,
Жер ұйығы өзімнің қасымда екен!
-деп айтуы да тектен – тек емес. Осы өлеңге атақты күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиев ағамыз ән де жазған. Енді сол әнге құлақ түрелік. Мұқағали Мақатаевтың қандай жырын оқысаң да, оның өлеңінің бойынан қарапайымдылық пен қатар қайсарлықтың, ұлт жандылықтың екпіні естіледі.
Су сұрасам сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем.
Қарғаның балетіндей бедірейіп,
Қасыңа мына бәле қайдан келген?!-деп жарын соғыс жалмаған жеңгесіне жолыққандағы жырында да өрлігі байқалды. Қайсарлық оның қанында да бар.
Себебі, оның атасы көкпаршы болған. Қартайған шағында да көкпардың қызығына тоймаған. Ол бірде аттан құлап,  аяғын тізесін сындырады. Содан достары үйіне киізге салып, алып келеді. Жақын маңда емші де жоқ екен. Сол кезде кемпірі аяғын көріп сүйегі майдаланып сынғанын байқаған ол:
—    Шал-ау мына аяғың кәдеге жарамайды-ау,-дейді.
—    Енді не істейсің?
—    Аяғыңды жіліншігіңнен балтамен шаба салайын, — дейді.
—    Шал мейлің,-деп келісімін береді.
Кемпір көйлегінің етегін беліне іліп, даладан балтасын өткір етіп қайрап, жаңқаны әкеліп, шалының сынған аяғының астына қояды да тізесін балтамен бір-ақ шабады. Сонда шалы «ыңқ», — деген дыбыс қана шығарады. Кемпірі емші келгенше шалының аяғының қанын тоқтатып, матамен орап, байлап тастапты.
Міне, атаның қайсарлығы! Міне, әженің ерге бермеген жүректілігі! Атадан дарыған қасиет, Мұқағалиді аспанға көтереді. Жоғары да атасы туралы айтылған оқиға Мұқағали Мақатаевтың «Шолпан» атты кітабында баяндалады.Сынып жұмысында оқушылар тақырып бойынша графика және гротаж тәсілдерімен жұмыс жасайды. Магнитафоннан «Сарыжайлау» әні ойналып тұрады. Оқушылар әнді тыңдай отырып, тақырып бойынша сурет салады. Сабақ барысында берілген мәліметтер , балалардың бойына  ерекше жігер бітіріп , қанаттандыра түседі. Жұмыс бағаланып болған соң, сыныпты «Шаңырақ», «Жайлау» деп екі топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырма беріліп, жауабы бағаланады.

1.    «Шаңырақ» тобына тапсырма.
Мұқағали Мақатаев ағамыз туралы көркем қысқа әңгіме немесе өлең жазу.
2.    «Жайлау» тобына. Кесте сөз «Мақатаев», кесте сөз «Кереге»

М
А
Қ
А
Т
А
Е
В

1.    Ақынның аты?           (Мұхаммедқали)
2.    Ән жазылған өлеңі?              (Фариза)
3.    Туған жері?                          (Қарасөз)
4.    Жарының есімі?                    (Лашын)
5.    Мұқағалиға ыстық ауыл?      (Шибұт)
6.    Қызының аты?                      (Майгүл)
7.    Ақын тоқтаған колхоз?        (Энгельс)
8.    Поэмасының аты?                    (Мавр)

К
Е
Р
Е
Г
Е

1.    Шаңырақтың төбесін жабатын зат? (Түндік)
2.    Әйелдердің еншісіндегі бұйым? (Кебеже)
3.    Киіз үйдің бөлігі? (Шаңырақ)
4.    Ат әбзелін жасаушы? (Ерші)
5.    Кілем тоқуға қажетті құрал? (Кергі ағаш)
6.    Киіз үйде көп қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі? (Өрнек)

3.     Әр топ: Тақтаға «Жайлау» тақырыбына байланысты дайын элементтерінен композиция құрастыру. Бұл жарыстың негізгі мақсаты оқушы бойында тапқырлық, байқағыштық, жылдамдық ептілігін арттыру. Өз тобы үшін үлкен жауапкершілік міндетін сезіне білу дағдысын қалыптастыру.
Қорытындылау:  Жаңа сабақ барысындағы үш түрлі жарыс нәтижелерін, қорытындылай келіп, оған «Сарыжайлау» өлеңінің сюжетіне байланысты салынған суреттерді бағалау.

***
Сабақтың тақырыбы: «Күзгі алқап»

Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларды жыл мезгілдерімен таныстырып, әр мезгілді
танып білуге,   табиғатты сүйіп түсінуге тәрбиелеу.
Ә) Күз туралы жазылған ақын Абайдың өлеңінің әр шумағына
байланысты композициялық сюжет құрастыру арқылы
олардың ойлау қабілетін жақсарту.
Б) Өлең шумақтарын қайталап, оқушылардың өнерге деген
құштарлығын арттырып,  жас тұлғаның бойына сұлулық
пен нәзіктіктің  нұрын себу.
Сабақтың көрнекілігі: Күз туралы картина: Жыл мезгілдері туралы
иллюстрациялар, плакаттар.
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, география, тарих т.б.
Сабақтың барысы:
1.    Ұйымдастыру кезеңі.
2.    Жаңа сабақты түсіндіру.
«Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе, жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түрлі ақындық бояу арқылы оқушының көз алдына түрлі-түсті табиғат көріністері келеді. Көктем: «Жайқалған гүл – бәйшешекті», «көкорай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған «шыбынсыз жаз» да сонда, ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қытымыр  сұс көрсетіп, әйнекті торлап, гүлі солғын, сарғыш даласын шық басқан, сұрғылт күз де сонда. Міне, балалар, «Абай атамыздың осы өлең шумақтарына тоқталатын болсақ; табиғат лирикасы алдыңғы сатыға көтеріліп, саяси сипат алады. Біздің ең терең тоқталып өтетін өлең шумақтары «Күз» туралы.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Бұл өлеңнің әр шумақтарына тоқталатын болсақ.
«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан» десек, аспанның күз мезгілінде түнеріп, сұр бұлт қаптайтынын және ауа райының салқындайтынын көрсеткен. «Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан». Ауа райының салқындап жерді қырау басып, жердің, табиғаттың түсі өзгеретінін байқаймыз.
«Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан». Күз мезгілінде жеміс- жидектер пісіп жиын терін болып, сол күзгі суықта тайлар мен биелер тебіне шапқылауы, әрі тоңғандарына қарамай бір-бірімен жарысқандарын суреттеп көрсетіп отыр.
«Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жас күлмес, жүгірмес бала шулай» деген шумақтарда көңілсіз мезгілдің көлеңкелі тұсын байқатады. Көктем мезгіліндегідей бәйшешек жоқ, бала-шаға жүгірмей салқында тоңып, олардың күз мезгілінде жадырап күлмейтінін теңеп отыр.
«Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш қурай». Бұл шумақта ағаштар жапырақтарынан айырылып, өздері құр қурай бұтақтары қалағанын суреттеп көрсетіп отырғанын түсінеміз.
Міне, осы өлеңнің күз мезгіліндегі (әр шумақтан) табиғат көрінісін толық суреттеп көрсеткенін аңғара аламыз.
Осы өлеңді іштей саралап, әрі ойлана отырып балалар «Күз» мезгілін қағаз бетіне салып, бейнесін жасайды. Әр оқушы өз ойларын, әрі әр түрлі композициясын қағаз бетіне түсіреді. Композиция сәтті шыққан соң, болған соң акварельмен, түрлі түсті акварельмен   жазу керек. Тау мен ағаштарды, жазықтықты басқа заттармен байланыстыру, оларға бейнелеп көрсетуді, тақтаға да сызып көрсету. Сынып жұмысына «Күзгі алқап» сюжеттік сурет салуға жұмылдырылады. Оқушылардың бояумен жұмыс істеу мүмкіндігін қалыптастыруға бейімдеймін.
Сабақ қорытындылау кезінде оқушылардың жұмыстарын тексеріп, ортақ кемшілікті ескерте жүріп, жұмыстарды бағалап үлгіремін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.