Баяндамалар

Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі
Құралай Әбдікова Ергешқызы

Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Дүниеге келген әрбір бүлдіршін ерте кезден бастап өзінің көргенінен өзінше әсер алып, өзінше қабылдап есінде сақтап қалады. Бұл өмірдің қажеттілігінен туатын құбылыс. Олардың ой-өрісі, сана – сезімі, іс-әрекеттері тіршілік ағынымен жарыса өсіп отырады. Ол табиғаттың сыйлаған байлығы. Сол байлықты сәби бойына жинақтап, жылдар бойы жоғалтпай, қажет кезінде игілігіне пайдаландырып отыратын асыл нәрсе ол – адамның есі. Ес – бейне архив секілді. Ес арқылы адам аттарын, табиғат мезгілімен құбылыстарын, ерекше күндермен ән-жырларды жадында ұстайды; оқыған кітабын, көрген қызықтарын қуанғанында, қорқынышты сәттерін де көз алдына елестетіп, еске түсіреді.
Кез – келген шағын адам жадында сақтау мүмкін емес. Өз өмірінің маңызды сәттерін ғана есінде сақтап, қалғандары ұмытылып жоғалып, қалып жатады. Ұмыту – бұл адам есінің пайдалы немесе демалу кезеңі болып есептеледі.  Дәл сол уақытта адамның миының қыртыстары тынығып, әлсіреген органдар қайта қуаттанады. Дегенмен ұмыту бұл зиянды нәрсе.Білімнің, қажетті жайлардың нақ сын кездердеестен шығуы бұл адамның жүйкесіне кері әсерін тигізеді. Сонау бір кездері көкіректе сайрап тұрған оқиғалар арада бір шама уақыт сала келе көмескеленіп, кейде мүлдем ұмытылады. Адам еркіне күш салып, әр түрлі кезеңдермен салыстыра отырып есіне алып, қайтадан жадына түсіреді. Есіне түсіру – аса құнды қасиет баға жатпес байлық.
Жас баланың есі туғаннан жетіліп бітпейді. Ол уақыт ырғағымен бірге жасап, біте қайнасып толысады. Сәбиге, қандай тәрбие керек болса, есті тәрбиелеу үшінде еңбек, дағдыландыру қажет болады. Адам есі әр түрлі жолдармен өз құндылығын дамытып, қабілетін арттырып отырады.
Сондықтан, баланы жас күнінен соған баулыған тиімді. Баланың бұл қабілетін жетілдіру – ата-ананың міндеті. Жас бүлдіршінннің естесақтау қабілеті қалыптаса бастағаннан оларды түрлі жаттығулармен іздендіріп, ой-өрісін талпынысқа түсіру керек. Қабылдауға оңай тақпақтар оқып, оны жаттатып, оның нәтижесін жиі – жиі бақылап отырған да, өзі көрген жерлердегі заттар оқиғалардың желісі туралы ой қозғап, сұрап отырса, бала бойында қозғалыс пайда болып, құштарлық сезімі оянады. Мысалы: ата – ана баласына жаттататын өлеңі неғұрлым жеңіл, қабылдауға оңай болса, оны тез ұғып алады. Ал, тілі ауыр, күрделі шумақтарды бала қиналып қабылдайды. Қиналып қабылданған дүние естенде тез шығады. Өйткені,бала оның мән-мағынасын жақсы ұғына алмаған. Сондықтан балаға өлең немесе тақпақ жаттаттыра алдында оның мағынасын, әрі сөздің мәнін түсіндірсе, ал тез ұғынады. Бала мектеп қабырғасын аттағанша тиісті дәрежеде ой – өрісі мен тәжіребесі, санасында қаттаған едіуір білім қоры, айтылған нәрсені есте сақтауға дағдыланған есі балғаны абзал: Міне, бұл жалдан жүріп өткен сәби Мектеп партасына отырғанда ұстазының әр бір сөзін тез ұғып, сабаққа деген ынтасы арта түседі. Өйткені, оның есі жұмыс істей біледі. Егер бұл тәжірибеден өтпеген бала ұмытшақтықтанып қала береді.
Баланың есін қалыптастыру деген оның балашақ өміріне жарқын жол ашу. Ол жастай тықпай жаттап, түрлі тақырыптағы ертегілер тыңдайды, әндер үйреніп, оны өз шама – шарқынша айтып та береді. Суреттер салып, ондағы бейнедерді баяндап түсіндіреді. Үлкендердің қойған талаптарын ескере отырып, әр түрлі әдістерді пайдалануға машықтанады.
Баланың ересек адамдардың арасында болып, олармен қарым – қатынас жасауы, үлкендердің мінез-құлқы, әңгімелері де ерекше әсер береді. Жас бүлдіршін еліктегіш келеді. Ол кез-келген нәрсені сол күйінде қалтқысыз қабылдайды. Жақсы сөзді де, жаман сөзді де есінде сақтайды. Сондықтан,жас баланың қасында мәдениетті, инаббаттылық сақтап, тәрбиелік мәні бар, мағыналы сөз сөйлесе ол, сәбидің жақсы көңіл-күйде, ерекше әсер алуына мүмкіндік туғызады.
Бала — ойынымен есейеді. Ойын – олардың бірінші жұмысы. Міне, сол ойынның да ойнау әдістерін,ереже, шарттарын үйретсе бала бірден-ақ іліп әкетеді. Себебі, оның ойынға деген құштарлығы оянып тұр. Сол ойынды қайтсем тез үйреніп, ойнаймын деп іштей ынтығып асығып бұрады. Балаға бір мәрте ойынның ойналу ережесін түсіндірдің бе, екінші ол ұмытпайды. Әрі шартын бұзбайды да. Әділ ойнайды. Балаға ертегі айтасың. Ол оны ұқыпты тыңдайды, ұғынып отырады, сонымен қатар іштей жағымды кейіпкерді, жағымсыз кейіпкерді де ажыратып отырады. Одан кейіпкер туралы түсінік сұрасаң, айна қатесіз айтып бере алады. Бұл баланың есте сақтау қабілетінің толық жұмыс істей бастағандығының айғағы.
Бала ой-өрісі дамыған сайын үлкен адамдарша ойлауға құлаш ұрады. Ертегідегі кейіпкерлерді топ – топқа бөліп, соларды бір-бірімен салыстырып, өзінше ой түйеді. Кім жақсы, не жаман деген ой осыдан туады. Ол ой баланың сана – сезімін есейтеді. Осыдан барып баланың байқағыштық қасиеті артып, тәжірибесі молайып, ми қатпарларының жұмысы ауқымдана түседі.
Есте сақтау – бұл түрлі оқиғалардың мән-мағынасын түсініп, жүйелеп сана сарайында білім дүниесін жинау болып табылады.
Есте сақтау – бұл қым-қиғаш жаттығулармен қайталаулардың алтын діңгегі болып табылады.
Баланың есте сақтау қабілетін дамыту жаттығуларын үнемі үзбей орындап отыруын дағдыға айналдыру, ол әрбір жастың егеменді еліміздің білікті, көреген азаматын тәрбиелеу, болашақ жан-жақты жігерлі азамат өсіру деген мақсаттан туатын іс. Баланың есте сақтау қасиеті ерекше болуы оның ертеңгі күнгі білікті мамандықтың иесі болуына септігін тигізеді.
Есте сақтау қабілетін арттыру үшін бейнелеу өнерінің тигіздер ықпалы да ерекше. Бала мектеп қабырғасына келген күннен бастап бейнелеу өнерісабағына қатысып, қолына қалам ұстап, сурет салады. Ақ параққа сызған сызықтың бәрі сурет бола бермейді. Әр сызықты да оймен сызу керек. Сондықтан оқушы ойланып сызады. Көпшілік жағдайда оқушы еркін-еркін тақырыпта сурет салудан қиналады. Көпке дейін дағдарып отырып, соңынан кітапқа сүйенеді. Мұғалім еркін тақырыпта бағыт беріп тақтаға бірнеше суреттерді салса, олар да ойланып әрекетке көшеді. Міне, енді олардың есте сақтау қабілеті жұмысқа қосылып, ақ параққа сызықтар түсе бастайды. Әрине, балалардың бәрі бірдей жұмысын алға бастыра алмас. Бірақ, әреке білінеді. Сондықтан, мен бейнелеу өнері пәнінде оқушыларымен ой жаттығуларын жүргізуге ұмтылдым. Өзім түрлі тақырыптарда алдын-ала суреттер дайындап әкеліп, сабақта оны тәжірибе жасадым. Мысалы: бастауыш сыныптарға «Арал» атты суретті көрсетемін. Оқушылар танысып болған соң, Арал деген теңіз барын, оның бұрын қандай болғанын, онда жүзген кемелерді, балықтардың аттарын атап, ендігі теңіздің суы тартылып, баяғы нән кемелердің құмда қалғанын, түрлі құстардың теңізден безіп кеткенін, талай жылдар бойы су жатқан өңірдің қақа айырылып тілім-тілім болып жатқанын баяндаймын. Сурет туралы жаттығуының мақсатын түсіндіремін.
Ой жаттығуының шартында оқушыларға екі-үш минуттай суретті көрсетемін, олар толық көріп болдық деген кезде, парақты теріс айналдырып, суреттегі басты-басты бейнелерді атағанмен, кіші элементтерді көзге ілмейқалдырып кетеді.
Мен айтылмай қалған заттарды сұраймын. Олар білмесе, қайтадан көрсетемін. Балалар енді басты бейнеден гөрі елеусіз заттарды іздестіріп, суретке үңіледі. Екінші мәрте сұрағанда елеусіз заттарды да айтып береді. Енді келесі суретті көрсеткенде олардың бойында қырағылық пайда болып, байыппен сабырлы кейіпте қарайды.
Олардың есте сақтау қабілеттерін қайта тексеремін де, енді сол көрсетілген суреттерді негізге ала отырып, осы тақырыптарда сурет салуды тапсырамын. Жастайынан есте сақтау қасиеті дамығаноқушы жұмысты қиналмай орындайды. Оқушының бойында ықылас пен құштарлық пайда болып, талпына бастайды. Бұл әдетте қабілеттілікпен қатар дамытып отырады. Бейімділіктің артуы баланы іске бұрынғыданда қызықтыра түседі. Ол енді үйде де өзінше ой жаттығуларын жасап дағдыланады.
Білуге деген құштарлық адамды жаңа білімге, жүйесі шеберлікке, жаңа әдіске бастап әкетеді. Бала үшін қоршаған ортаның бәрі – қызық. Бәрі тосын жаңалық. Бала поездға болсын, мейлі машинаға мінсін, терезеге қарап отырғанды ұнатады. Мұның өзі балаға үлкен пайдасын тигізеді. Ол таудың көрінісін көріп, сүйсініп, сарқыраған судың ағысына таңданып, көк жүзіндегі тырналар тізбегін көріп көңілденіп, үйге сергек оралады. Есте сақтауға дағдыланған баланың  енді ойлау , өз бетінше жаттығу қоры көбейе түседі. Ол өзіне-өзі сұрақ қойып, жаттығып үйренеді.
Бала өздігінше жаттыға бастауы, бұл өзіне сенгендігі. Ой жаттығулары оқушыларды әр істе мұқият, жинақы болуға көздерін жеткізеді. Егер бала жинақылыққа, мұқияттылыққа үйренбесе, оған әдемілік пен әдептілікті үйрету қиынға соғады. Өзін-өзі меңгеріп, қиыншылықты табандылықпен жеңбеген адам, жігерлі бола ала ма? Есте сақтаудың ой жаттығуларына үйрету баланы белгілі бір іс-әрекетке, жақсылықтың тәлімді әдеті мен дағдысына қалыптастыру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.