Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия Бастауыш сынып мұғалімі
ҚұдабаеваӘмина
Сабақтың тақырыбы: Баға , сан, құн шамалары
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты
Оқушыларға математика сабағынан баға, сан, құн шамаларын меңгерту, заттың санын, бағасын, жалпы құнын ажырата алуға үйрету, математикалық білімдерін көтеру.
ә) дамытушылық мақсаты
Ой — өрістерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, байланыс -тырып сөйлеуге үйрету, ауызша есептеуге дағыландыру, ой шапшаңдығын арттыру.
б) тәрбиелік мақсаты
Ұқыпты , әдемі, таза жазуға, өз бетінше жұмыс жасауға баулу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: ойын, көрнекілік, сұрақ — жауап
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, алма, лимон суреті, кесте, себет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
2.Психологиялық сәт
Қуанамын мен де, қуанасың сен де
Қуанайық бәріміз, арайлап атқан күнге!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.10 – мысалды тексеру, оқыту
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1.Сұрақ – жауап
-Өткен сабақтан ойларыңда не қалды?
-Шаршының периметрін неше тәсілмен табуға болады?
-Тік төртбұрыштың периметрін неше тәсілмен табуға болады?
- Дидактикалық ойын «Кім шапшаң»
4 оқушыға карточкалар таратылады, онда шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табуға арналған сұрақтар жазылған. Сол сұрақтар бойынша оқушылар тақтаға шығып шаршы мен тік төртбұрыштың периметрлерін әр түрлі тәсілмен есептеп көрсетеді.
1.Қабырғаларының ұзындығы 2 см болатын шаршының периметрін 1 – ші тәсілмен есептеп көрсет.
- Қабырғаларының ұзындығы 2 см болатын шаршының периметрін 2 – ші тәсілмен есептеп көрсет.
3.Қабырғаларының ұзындығы 5 см және 2 см болатын тік төртбұрыштың периметрін 1 – ші тәсілмен есептеп көрсет.
- Қабырғаларының ұзындығы 5 см және 2 см болатын тік төртбұрыштың периметрін 2 – ші тәсілмен есептеп көрсет.
ІІІ.1.Сергіту минуты
-Бүгінгі күздің әдемі күні үшін қол соғайық.
-Өтіп жатқан сабағымыз үшін қол соғайық.
-Сабағымызға қатысып отырған қонақтарымыздың құрметіне қол соғайық.
-Бір – біріміздің құрметімізге қол соғайық.
ІУ. Жаңа сабақ
1.Жаңа тақырыппен танысу
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күздің қай айы?
-Күзде табиғаттағы болатын өзгерістерді бәріміз жақсы білеміз, әсіресе өсіп тұрған талдарда қандай өзгешелік болады?
-Ал сендер осы сарғайған, қызарған жапырақтармен еңбек сабағында не, жасадыңдар?
-Олай болса 4 – сынып оқушылары Айдана, Қайрат, Айнұр үшеуі жапырақтардан әдемі композиция құрастырып мектепте болатын көрмеге ұсынбақшы болыпты. Олар ағаштардың басында ағашқа тағылған алтын сырғалардай болып қалған ең әдемі, соңғы жапырақтарды алғылары келіп орманға бармақшы болыпты. Ал сендер оқушылардың орманға баруына көмектесесіңдер ме?
-Ендеше оларға орманға баруға көмектесу үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.
1 – мысал Ауызша тапсырма
Суретте көрсетілген ойыншықтар саны нешеу?
Әр ойыншықтың бағасы қандай?
Бағасы бірдей және әртүрлі ойыншықты ата.
- Міне, оқушылар орманға жетті. Олар ағаштарда ілінген жапырақтарды қызықтап тұрғанда бір дыбыс естілді. Ол кірпі екен. Кірпі көмек сұрағандай бұларға жаутаңдап қарады. Ал кірпі талдан түскен соңғы алманы арқасына сала алмай тұр екен. Ендеше біз де оқушылармен бірге кірпіге көмектесеміз бе? Кірпіге көмектесі үшін 2 – мысалды орындау керек.
2 – мысал Ауызша тапсырма
Бір лимонның бағасы 70 тг, ал бір алманың бағасы 30 тг. Салыстыру.
-Арқасына алмасын салып алған кірпі бізге рахметін айтып кетіп барады. Оқушылар енді мұңайып тұрған тиінді көрді. Ал тиін жаңғақтарын ұясына жинай алмай жатыр екен. Оқушылармен бірге тиінге көмектесеміз бе? Онда 4 – есепті орындау керек.
4 – есеп Тақтамен жұмыс
1 дәптер – 40 тг
3 дәптер — ? тг
3*40 = 120 тг
Ж: 3 дәптер 120 тг
Орман ішімен келе жатқан балалар аюды көрді. Ал аю қысқа азық жинай ма? Жоқ ол ұйқыға кетем дегенше денесіне май жинап, қыста ештеңеге тәбеті болмайды екен. Ал ол да бал жегісі келіпті. Ендеше аюға балды табуға көмектесеміз бе?
5 – мысал Тақтамен жұмыс
Тақтадағы кестеге заттың бағасын, санын, құнын оқушылар жазады.
-Орманда құмырсқа бола ма? Балалар құмырсқаның өзінен де үлкен дәнді илеуіне әрең сүйреп апара жатқанын көрді. Әбден шаршаған құмырсқаның маңдайынан тер тамшылап тұр екен. Оқушылар илеуге дәнді жеткізіп бермекші болды. Біз де көмектесейік.
6 – мысал Тақтамен жұмыс
Амалдарды орындау
92 – 400 : 10 +28 = 80
60 : 6 * 3 + 29 = 59
2 кг * 100 = 200
100 см : 100 = 1
- Бір кезде балалар қатты сатырлаған дыбысты естіді. Қараса қасқырдан қашып келе жатқан қоянды көрді. Қоянды қасқырдан құтқаруға көмектесеміз бе? Ендеше 7 – ші тапсырманы орындайық.
7 – есеп Тақтамен жұмыс
Қара сарбаз – 143
Ақ сарбаз — ? 168 – ге артық
О.шықты – 72 с.
О.жалғастырды — ? с.
143 +168 + 143 – 72 = 382 (с)
Ж: 382 с.
-Ал борсық күзде қайтеді, білеміз бе? Әрине борсық күздің соңғы күндеріне дейін шуаққа арқасын қыздыруға інінен шығып отырады екен. Ал арқасын қыздыруға шыққан борсық інін таба алмай қалыпты. Борсықтың інін табуға оқушылар көмектеспек болуда. Сендердің көмектескілерің келе ме?
Ендеше 4- тапсырманы орындайық.
4 – есеп Ауызша тапсырма
Винни – Пух пен Қоянда 3 шардан бар. Оларды барлығы неше шар бар?
Жануарларға көмектесіп жүріп оқушылар өздерінің біраз жер жүріп өткендерін байқамай да қалыпты. Енді ғана өздерінің адасқандарын сезіпті. Оқушыларға қайтар жолды табуға көмектесеміз бе? Ендеше 9 – тапсырманы орындаймыз.
Балқаш, Теңіз, Марқакөл, Алакөл, Зайсан
У. Сабақты бекіту
-Балалар, Айдана, Қайрат, Айнұр үшеуі жануарларға көмектесеміз деп жүріп аз ғана жапырақ жинапты. Біз де өзіміздің көмегімізді берейік. Ол үшін мына жапыраққа жазылған тапсырмаларды орындап баға, сан, құн себеттерін толтырыңдар.
10- тапсырма
4 лимон «Саны» себетіне
50 тг тұратын қарындаш «Бағасы» себетіне
Бірнеше ашық хат 200 тг «Құны» себетіне
250 тг тұратын кітап «Баға» себетіне
12 дәптер «Саны» себетіне
Бірнеше шар 80 тг «Құны» себетіне
УІ. Сабақты қорытындылау
-Біз бүгін баға, сан, құн шамаларымен таныстық.
УІІ. Үйге тапсырма беру.
№ 6 (2) № 8
УІІ. Оқушыларды бағалау








