Тыл ардагері Керімбеков Қасымбек

Менің әкем Керімбеков Касымбек 1932ж Онтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Тыл ардагері – соғыс кезінде не бары 9 жаста, анасының қасында, колхозда еңбек етіп, іні- қарындастарына қамқор болып, аяғына тұрғызып, бірі үлкен басшы,бірі мұғалім саласында еңбек етуде.

1950 жылы Шымкент қаласында политехникалық техникумді – бухгалтерлік іс мамандығын бітіріп, Ащысай Ачполиметалл комбинатында өзінің мамандығы бойынша жұмысын жұргізе бастады. 1971-1974жылдары Кентау қаласындағы жаңадан ашылып жатқан ГПТУ- 207 кәсіптік білім беру мекемесіне бас бухалтер болып шақырылды. Осы ГПТУ -207 кәсіптік білім беру мекемесіне 30 жылдай еңбек сіңіріп, еңбек орденімен және де көп мемлекеттік сыйлықтар мен мадақталарымен марапаталды.

Әкеміз зейнетке шықса да өз сүйікті мамандығын қыздарына үйретіп, 1998 жылы Байқоңыр қаласында тұңғыш ашылған, Қазақстан- Ресей Халықаралық университетінің есеп қисап бөлімінің ірге тасын қалады. Әкеміздің үйреткен кәсібі мен білімін жас ұрпақтарға үйретудеміз.

Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды! Халқы үшін аянбай еңбек еткен, соғыстан кейінгі жылдары ел экономикасын көтеруге кішкене де болса үлесін қосқан әкеміздің өнегелі өмірін бүгінгі ұрпаққа үлгі етудеміз.

Ұлдарын үяға, қыздарын қияға қондырып, шөберелерінің алақандарынан май жалап , әкеміз 2012 жылдың қараша айында мезгілсіз дүниеден аттаңды.

Байқоңыр «Космос» колледжінің

1 санатты экономика пәндерінің оқытушысы

Шымырбаева Гулпаш Касымбековна

мақала.Г.К.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше