Ұстаз шығармашылығы/День победы\ Жеңіс күні

zheniskuniЖеңіс күні алыс еді ақ таңға,
Соғыс бұлты көк аспанды жапқанда.
Отан үшін, майдан үшін аттанды ер,
Жер анамыз қанға бөгіп жатқанда.

Қ\ сы

Ұлы Жеңіс оқтың исі аңқыған,
Бұл- мереке дүйім жұртты шат қылған.
Ол- қуаныш, ол- қуаныш, тәтті арман,
Ұлы Жеңіс, Ұлы Жеңіс, Ұлы Жеңіс!!!

Күндіз-түні Мартеновтің пешінде,
Көз ілмедік Ұлы дала төсінде.
Күндіз-түні оқпен, отпен айқастық,
Жетпек үшін Ұлы Жеңіс, шат күнге!

Қ\сы

Ұлы Жеңіс оқтың исі аңқыған,
Бұл- мереке дүйім жұртты шат қылған.
Ол- қуаныш, ол- қуаныш, тәтті арман,
Ұлы Жеңіс, Ұлы Жеңіс, Ұлы Жеңіс!!!

Кешір, ана, түгел емес сабымыз,
Құшағыңа орала алмадық бәріміз.
Жүріп өттік жер шарын жартысын,
Ұрпақ үшін садаға деп жанымыз.

 

Аударма жасаушы: Қансейтова Шолпан
Жаңақорған ауданы №194 орта мектебі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше