Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану жолдары
Астана гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Аяпбергенова Сауле Шабанбайқызы
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық –коммуникативтік технология ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.
Ақпараттық – коммуникативтік технология – оқытушы жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру үрдісі болып табылады.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қазақ тілі сабақтарына енгізуіме алдыма жаңа бағыттағы мақсаттар қойылды:
¨ Қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру
¨ Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
¨ Инновациялық әдістерді пайдалану, құралдар жасау
¨ Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
¨ Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
¨ Оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.
¨ Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
¨ Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
Интерактивтік оқыту технологиясы– бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады..
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен білім алушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды.
Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндірудіжеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып – білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті әдіс –тәсілдерін сабақта қолданамын. Олар:
¨ Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
¨ Тірек – сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
¨ Ойын арқылы оқыту.
¨ Сөзжұмбақ, бейнесөздер.
¨ Логикалық тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар.
¨ Тестілеу және бақылау.
Интерактивті оқыту моделін пайдалану – өмірлік жағжаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны ерекшелеуді шектейді.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
- Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
- Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
- Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
- Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
- Оқытушының, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
- Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы:
«Ассоциация жәнеболжам»
Студенттертоппен, жұппеннемесежекетапсырмаалады. Мәтінніңтақырыбынестігенненкейінқандай ассоциация пайдаболды? Мәтін не туралыболадыдепойлайсыз?
2. «Сұрақ-жауап»
Мәтіндітыңдатып, бір-бірінесұраққояды. өздерініңжауаптарынанмәтінқұрады. Құрастырғанмәтіндері мен аудиомәтіндіқайтатыңдап, салыстырады.
3. Айтылым әрекеті.
Мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.
4. Сөйлесім әрекеті
Аудиомәтіндібірнешереттыңдап, кейіпкердің сөйлеу тіліне, яғни әріптердің айтылуына қарап, сөйлеуші рөлінееніп, (мүмкіндігіншежаттапалады) сөйлейді.
5. Тыңдалым әрекеті
Мәтіндітыңдап, мәтінмазмұнынасайәуентаңдайды. Бұләуенді неге таңдағанынтүсіндіреді.
6. Суреттеу әрекеті.
Мәтінніңмазмұны мен әуенінесайәртүрліслайдтардайындайдыжәнебұлслайдтарды неге таңдағанынтүсіндіреді..Интернет арқылы жалғастырушытоптаркомикс жасайды, яғни студенттер әңгіме құрастырады.Әңгіменіңортақтақырыбынстуденттерменақылдасаотырып, бірлесіптаңдауға да немесестуденттердіңөзбетіментаңдауына да болады.
Комиксжасау жолдары:
1. интернеттегі «Paint» бағдарламасыменсалғансуреттерініңкөмегімендайындайды;
2. дайынаннимациялардыпайдаланады;
3. мультфильмдердіпайдаланады;
4. суреттергетүсіріп, түсірілгенсуреттердіпайдаланады;
Комиксжасауарқылыстуденттердің – шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттеріқалыптасады; ассоцативтікөрісікеңейеді; қазақшасөйлеужәнежазу (сюжеттегірөлдердіңсөздерінжазуарқылы) қабілеттерідамиды, студенттіңқазақтілінедегенқызығушылығыжәнебелсенділігіартады.
Жоғарыда берілген жұмыс түрлерінің нәтижелі болуы – дәрісханада жағымды ахуалдың қалыптасуы мен оқытушы мен студенттің арасындағы сыйластық, түсіністікке тікелей байланысты.
Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалануда. Ол оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Электронды оқулықтар оқушылардың
– бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
– ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
– өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
– ойларын дамытуға;
– студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
– тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
– сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
– өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады .Осыған орай « Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен барлық педагогикалық мамандықтарға арналған электрондық әдістемелік оқу құралын әзірлеудемін және осы ақпараттық коммуникаивтік технологиялардың мүмкіндіктерің пайдалана отырып, қараша айында онлайн режимінде «Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан. Есімдік» атты тақырыпта сабақ өткіздім.
Әрбір оқытушы шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену ұстаздың еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн ұстаздардың алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда төмендегідей нәтиже беруде:
¨ Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
¨ Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;
¨ Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
¨ Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
¨ Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.
Соңында, қорыта айтатын болсақ, АКТ – ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда жаңа ақпараттықтехнологияның әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
¨ Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
¨ Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
¨ Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
¨ Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
¨ Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
¨ Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңаақпараттық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
