Жұрнақ пен жалғау.3 сынып.
Сабақ мақсаты:1/түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту;
2/Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бәлінетіндігі туралы мағлұмат беру; Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту;
3/Оқушылардың сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;
Сабақ әдісі:әңгімелеу,көрнекілік,сұрақ-жауап.
Сабақ түрі:аралас сабақ
Көрнекілік:дидактикалық материалдар,Венн диаграммасы,семантикалық карта,ББҮ кестесі
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
258-жаттығу.алдымен түбір сөздерді, содан соң қосымшалы сөздерді жазу.
Түбір сөздер:жақсы,өмір.шөп,жаңа.
Қосымшалы сөздер:аңшы,жаңалық,орындық,көйлекшең.
-Сөз дегеніміз не?
-Түбір дегеніміз не?
-Қосымша дегеніміз не?
Кестені толтыру.
Білемін.Білгім келеді.Үйрендім.
Сөздерді оқу.
Өзенге,мұздың,қыста,ойыншық,жылқышы,кітапқа,дәптердің,балалар.
-Осы сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратайық.
-жалғанған қосымшаларды неше топқа бөлуге болады?
-2топқа.
Венн диаграммасын толтыру.
Жұрнақ сөздер жалғау
Жаңа сөэ Сөз мағынасын
жасайтын өзгертпейтін
қосымшалар қосымшалар
Диаграммаға ұқсастығы мен айырмашылығын жазу.
жұрнақ пен жалғау сөзін шығару.
ІІІ.Мағынаны тану.
1/Жаңа сабақ.Жұрнақ пен жалғау.
Көркем жазу.
Ж/ж Ж/ж
Жұрнақ.Жалғау.
2/ауызша.260-жаттығу.түбір сөз бен қосымшалы сөзді салыстырып оқу.Олардың мағыналарының әр түрлі екенін аңғарту.
Құрылыс-құрылысшы,бас-бастық,біл-білім,су-сусын,ақыл-ақылды,таза-тазалық.
Сұрақ қою.
-Олар неге әртүрлі сұраққа жауап береді деп ойлайсыңдар?
Оқушылар жауаптары.
Ауызша.261-жаттығу.Түбір мен қосымшалы сөздерді салыстыру.Мектеп-мектебің,әке-әкесі,дәптер-дәптерлер,шана-шаналар,үй-үйге,қала-қаладан.
Сөздерге сұрақ қоялық.
Бұл сөздерде сөз мағыналары өзгеріске ұшырамады.
2-жаттығудағы жұрнақ пен жалғаулы сөздерді салыстыру.
3/Ереженіқорыту.
Қосымша 2-ге бөлінеді:жұрнақ,жалғау.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Мысалы:жұмыс-жұмысшы.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.Мысалы:жұмыс-жұмыста.
4/Шартты белгілермен таныстыру.
Түбір-
Жұрнақ-
Жалғау-
5/”Жалғастыр” ойыны.
Бір оқушы түбір сөз айтады, екінші оқушы жұрнақ ,үшінші оқушы жалғау айтады,төртінші оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.
6/Сергіту сәті.
7/Өзіндік жұмыс.
262-жаттығу.Сөзге тиісті жұрнақты жалғап жазу.
Көру диктанты.
Асты сызылған сөзді сөз құрамына талдау.
Өтірікші алдымен өзін алдайды.
8/Тақтамен жұмыс.
263-жаттығу.Түбір сөзге тұсындағы жалғаудың тиістісін жалғау.
ІY.Толғаныс.
Ойын “өз орныңды тап”
Ойын шарты:берілген сөздерді түбірге,жұрнаққа,жалғауға ажырату,орнына қою.
Семантикалық кестені толтыру.
Сөздер жұрнақ жалғау
әнші
гүлдер
домбырашы
балалық
мектепте
достар
Тиісті қосымшаның тұсына “+”белгісін қою.
Қорыту.
-Сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?
“Білемін.Білгім келеді.Үйрендім.”кестесін толтыру.
Y.Бағалау.
YI.Үйге тапсырма.264-жаттығу.
І қатар.Би,қобыз,көп,сауық
ІІ қатар.Іс,орын,талап, көл
ІІІ қатар .Қыс,арба,түн,жаз
