«Тапқыр достар» танымдық сайысы.

   Астана гуманитарлық колледжінің 
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Аяпбергенова  Сауле Шабанбайқызы

Мақсаты:  ана тілінің қадір-қасиетін ұға білуге, сезінуге, ана тілімізді сүюге, оны өшпес мұра етіп сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуге тәрбиелеу, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі:
топтық ойын.
Көрнекілігі:
даналық сөздер, интерактивтік тақта, слайдта көрсетілген сұрақтар, бейнесюжет, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты заттар

Сайыс  барысы:

I.Ұйымдастыру.

1-жүргізуші :

-Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар, сайысқа қатысушы үміткерлер!

Бүгінгі «Тапқыр достар» атты II, III курс  студенттерінің арасында өтетің танымдық сайысқа «Қош келдіңіздер!» демекпіз.

2-жүргізуші :

-Олай болса, зор құрмет көрсете, бүгінгі  сайысымызға қатысып, білімдерін  сынамақ болған қатысушы үміткерлерімізді , екі топ мүшелерін ортаға шақырайық. (Сайыскерлер ортаға шығады)

1-жүргізуші: – Сайысымызды бастамас бұрын   бүгінгі  бәйгеге қазылық ететін әділқазылар алқасы мүшелерімен таныс болайық.(Әділқазылар алқасының мүшелері сайланады)

2-жүргізуші :

-Енді  ойынымыздың шарттарымен  таныстырып өтейін.Сайысымыз Vбөлімнен тұрады.                                                                                        I.Сәлемдесу Әр топ өздерін таныстырады.                                                                        II.Сөз тапқанға қолқа жоқ.Таңдап алынған әріптер арқылы сұраққа дұрыс жауап беру.                                                                                                                              III. Ойлан да, тап. Сұраққа ұтымды, дәлелді жауап беру.

IV. Сен білесің бе?Қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты жасырынған заттарды табу.                                                                                                              V. Өнер сайысы. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші:

-Жарыстың  тәртібі, барысымен таныс болдық, ендеше, ойынымызды бастайық.

I.Сәлемдесу .Топтардың өздерін таныстыру  сәті.

2-жүргізуші :

-Енді  ойынымыздың  II кезеңі «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Таңдап алынған әріптер арқылы сұрақтарға бір минут ішінде қысқа да, нұсқа, дұрыс жауап күтеміз. (екі топқа сұрақтар беріледі)

Ойлан,тап

15

10

5

5

15

10

10

5

15

 

I топтың сұрақтары

  1. Қазақ тілін қаншалықты білесің?
  2. Сабаққа қандай дайындықпен келесің?
  3. Қазақ тілі сабағынан «2» алғанда, қандай күйде боласың?
  4. Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?
  5. Шығармашылық жұмыстарды қалай орындайсың?
  6. Қазақтың қандай ақын, жазушыларының өлеңін оқығанды ұнатасың?
  7. Оқытушы дәрісханадан шығып кеткенде не істейсің?
  8. Асханадан қандай тағам аласың?
  9. Дәрісханада   кіммен отырасың?
  10. Сенің досың бар ма?
  11. Досың қандай адам?
  12. Нағыз студенттің белгісі не?

II топтың сұрақтары:

  1. Тіл мерекесінің қашан тойланатынын білесің бе?
  2. Білімді адам қандай болу керек деп ойлайсың?
  3. Адамның ең жаман қасиеті не деп ойлайсың?
  4. Ұстаз ол кім?
  5. Өлеңді жатқа айтқанда қалай айтасың?
  6. Қазақ тілінің оқытушысы болсаң не істейсің?
  7. Қандай тәтті тағамды жақсы көресің?
  8. Ата – анаңды колледжге шақыртқанда қандай күйде боласың?
  9. Қандай адамдар бір – бірімен дос бола алады?
  10. Қазақ тілін не үшін үйренгің келеді?
  11. Қыз қандай болуға тиісті?
  12. Студент дегенді қалай түсінесің?

1-жүргізуші:

-Сайыскерлердің тапқырлығын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

2-жүргізуші :

-Енді  ойынымыздың  III кезеңі «Ойлан да, тап» деп аталады. Мұнда ұяшықтарға  жасырынып тұрған  қазақ тілі мен әдебиет  бағыты бойынша қойылатын сұрақтарға жауап бересіздер. (Интерактивтік тақтадағы ұяшықтарда сұрақтар берілген, оның ішінде біреуі бейнесұрақ болып

табылады)

 

 

15- Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?

10- Абайдың «Бес нәрседен қашық бол»  дегені не?

 5-  Қазақ тілінде қанша жалғау бар?

 5- Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?

15-бейне сұрақ:

ҚР -ның «Тіл туралы»  заңы қашан , қай күні тойланады?

10- Абайдың «Бес нәрсеге асық бол»  дегені не?

10-Үргеніш шешеннің Сырымға айтқан сөзін жалғастыр.

-Дау мұраты не?

    -Сауда мұраты не?

  -Жол  мұраты не?

 – Қыз  мұраты не?

5-Тіл білімінің лексикографиясындағы  сөздіктердің түрлерін ата?

15-Әріптердің рет- ретімен тізілген жиынтығын не деп атайды?

1-жүргізуші:

-Енді  ойынымыздың  IV кезеңі  « Сен білесің бе?»  деп аталады. Қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты жасырынған заттарды  бір минут ішінде табу.   (Қоржын, сәукеле, қамшы, киіз үй,бесік, асық,жылқы,қыз макеттері    жасырылады)                                                                                                   Сайыскерлердің тапқырлығын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі

2-жүргізуші :

– «Өнерлі өрге жүзер» дегендей, ендігі кезек өнер сайысы. Әр топ өз өнерлерін ортаға салады.

1-жүргізуші:

-Міне, біздің бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымыз  өз мәресіне жетті, сайыс болған жерде, әрине жеңіс  те , жеңіліс те  болады, ендеше бүгінгі ойынымыздың   жеңімпаз тобын анықтау қажет.

2-жүргізуші :

– Білім мен тапқырлықтың жарысында,                                                                                 Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей келе сайыстың қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. (Әділқазылар қорытындысы.Жеңімпаз топты  анықтау.

Бағалау парағы

Топтар  I-кезең II-кезең III-кезең IV-кезең V-кезең Барлығы
I топ 
II топ 

 

1-жүргізуші:         Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

                                  Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

                                  Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

                                 Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

2-жүргізуші :

– Құрметті  қонақтар, оқушылар, осымен біздің  «Тапқыр достар» атты  топтық ойынымыз өз мәресіне жетті.Осы сайыста сендер өздеріңнің білімдеріңді, өнерлеріңді, тапқырлықтарыңды көрсете білдіңдер. Ойынның  тартысты өтуіне ат салысқандарыңызға    алғыс айтамыз.

Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінетіндеріңе тілектеспін! Келесі кездескенше, аман – сау болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше