Мәуелі бәйтерек
Сабаққа дейінгі процесс: Бәйтерек монументіне барып көріп, танысу.
Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдана отырып, Астананың символына айналған бәйтеректің тарихын анықтау үшін орта құру, еркін атмосфера туғызу.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына байланысты Астананың символына айналған бәйтерек туралы білімдерін кеңейту. Өз бетінше жұмыс жасап, ізденуге бағыт беру.
Коммуникативтік құзіреттілікті дамыту, негізгі ойын анықтау, білгендерін жаңа білім алу үшін пайдалану, топта жұмыс жасау дағдысын дамыту.
-Ел Ордасы астананы сүюге, құрметтеуге Бәйтерек монументін мақтаныш етуге баулу.
-Тақырып бойынша басқалармен ой бөлісіп, басқаның пікірін тыңдауға үйрету.
Студенттерден күтілетін нәтижелер:
-Астана. Бәйтерек туралы өз бетінше ойланып,өз ойын айтуды үйрене алады.
-Топта бірлесе жұмыс жасап, өнімді пікір алмасу барысында сөз қорын дамыта алады.
-Бәйтерек тақырыбы бойынша меңгергенін басқаларға үйрете алады.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, А-З,маркерлер,слайдтар, Бәйтерек монументінің макеті.
Әдіс-тәсілдер: СТО,сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау т.б.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, ән-күй,дене тәрбиесі.
Сабақтың барысы: -Топпен амандасу
-Топты түгендеу
-Кезекшінің мәліметі.
І кезең. Қызығушылықты ояту. (аралас,жұптас,ақылдас)
Оқушылар ортаға шығып, үлкен шеңбер болып тұрады. Бір және екі санына саналады.
-Қазір сіздер бір-бірілеріңмен Астана қаласының символы болған Бәйтерек туралы сөйлесесіңдер.
-Бәйтерек туралы не білетіндеріңді бір-бірілеріңе айтыңдар.
-Айтып болғасын іште тұрғандар бір қадам жылжыңдар. (жақсы,рахмет)
-Орындарыңа отырып,барлық естіген ақпаратты дәптерлеріңе жазыңдар.
-Бәйтерек туралы бір-бірілеріңе оқығандарыңды айтыңдар,оқыңдар.
-Кейін топта бір адам оқысын қалғандарың тыңдаңдар.
INSERTстратегиясы
Бәйтерек туралы не білеміз? Не білгіміз келеді? Не үйрендік?
ІІ кезең. Мағынаны ашу.
-Осы сұрақтарға мына мәтіндердің ішінен жауап іздеп көріңдер.
-Мәтіннің ішінен қызықты жерлерінің астын сызып қойыңдар.
-(Мәтіннің ішінде өте қызық мәліметтер бар екенін ескерту)
Мәтінмен жұмыс.
-Осы мәтінді оқығанда қандай жаңа ақпарат алдыңдар. Соны бір-біріңе айтыңдар, сосын біреуді топта тыңдаңдар.
-Біреу сөйлейді,топ тыңдайды.
-Қызықты ақпаратты бар ма екен?
(болса айтыңдар,жазып алайық)
ІІІ кезең. Қорытынды: -Енді қағаздарыңызды теріс қаратып қойыңыздар.
І.ІІ бөлімдерді салыстырамыз.
Салыстыру кезінде жауабы табылмаған ақпаратты болса, сол сұрақтардың жауабын кітапханалардан,ғаламтордан іздеп келу үйге тапсырма ретінде беріледі.
