Халық батыры Қабанбай
Сабаққа дейінгі процесс: Студенттермен Қабанбай батыр кесенесіне барып, рухани түрде танысу.
Сабақтың тақырыбы: Халық батыры Қабанбай
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Қабанбай батырдың портреті, суреттер
Сабақтың мақсаты: Қабанбай батыр туралы білімдерін толықтыру, студенттердің батырлар туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
– Студенттердің топта жұмыс жасау дағдысын дамыту.
– Ой-өрісін, сөздік қорын молайту;
– Өз беттерінше жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру;
– Ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
– Қазақ халқының батырларын үлгі тұтуға тәрбиелеу;
– Туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
– Мемлекеттік тілді құрметтеуге, тілді меңгертуде белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Күтілетін нәтиже:
- Студенттер өз бетінше ойланып, өз ойын айтуды үйрене алады;
- Топта бірлесе жұмыс жасап, өнімді пікір алмасу барысында сөз қорын дамыта алады;
- Тақырып бойынша меңгергенін басқаларға үйрете алады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. 1 минут.
Балалар, бүгін сіздермен кездескенімізге, бірлесе жұмыс істейтінімізге қуаныштымын.
Ендеше бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, жақсы сөз айтудан бастайық.
Жақсы! Көңіл-күйлерің көтерілді ме? Онда дәптерлеріңе смайл түрінде көңіл күйлеріңізді білдіріңіздер.
Бұл сендердің қазіргі көңіл күйлерің. Сабақтың соңында қандай өзгерістер болғанын салыстырамыз.
а) Қызығушылықты ояту. (Слайд, кесененің суреті).
Сұрақтар:
- Балалар, біз сіздермен қазақ халқының батыры Қабанбайдың кесенесіне барып келдік, қандай әсер алдыңдар?
- Қабанбай батырдың кесенесіне барғанда сендерді қандай сезім биледі?
- Кесенеге барып келген соң қандай сұрақтар туындады? Сол сұрақтарға қандай жауап таптыңдар?
Нұсқау: жеке ойланамыз, жұпта ой бөлісеміз, топта талқылаймыз, жариялаймыз.
ІІ кезең.
а) Балалар, Қабанбай батырға арналған мынадай жұмыс жасаймыз. Алдарыңыздағы мынадай сызбаларды толтырамыз.
|
Білемін |
Білгім келеді |
Білдім |
ә) Сөздікпен жұмыс. Түсіндірмелі аударма сөздікпен.
жауласу бір-бірімен қастасу, өштесу – враждовать
ұры ұрлық жасайтын, – вор, грабитель
соны кәсіп ететін адам
айдап кету1) малды алдына салып – угнать
белгілі бір жаққа бағыттау
жанына жара салу қайғыға салды, уайымға – ранить душу
қалдырды
жекпе-жек екі адамның бетпе-бет келіп, -поединок
бір-бірімен күш сынасып
шайқасуы, айқасы, бірме-бір
шайқасжауласқан екі жақтың арасында – битва, бой
болатын ұрыс, айқас
сұрапыл алай-дүлей, ұйқы-тұйқы – жестокий
ҚаракерейНайман ішіндегі Қаракерей – Қаракерей (имя)
руы
соғыс ұраны үндеу, шақыру, дабыл – боевой клич
б) Мәтінмен жұмыс. Оқу, мазмұндау. (Кейіпкермен кездесу).
(БББ бөліміне оралу).
ІІІ. а) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Келген жылы дүниеге Қабанбай 1691.
Қалмақтар Қабанбай жеті әкесін келгенде жасқа өлтіреді.
Екен ағасы бағады деген Есенбай Қабанбайдың жылқы.
Қалмақтар тастайды өлтіріп Есенбайды.
Салады бұл Қабанбайдың жас қаза жанына жара.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі (порядок слов в предложении).
( Грамматикалық тақырыпты түсіндіру)
Көмекші етістік сөйлемнің соңында тұрады.
Мысалы: Ата бабаларымыз осы аймақты мекендеген екен.
Баяндауыш сөйлемнің соңында тұрады.
Мысалы; Оқушылар Атамекен туралы тақырыпты қарастырды.
Анықтауыш анықталатын сөзінің алдында тұрады.
Мысалы: Асанның Отаны-Қазақстан.
Толықтауыш өзі толықтыратын сөзден кейін келеді.
Мысалы : Айдын Әселге келді.
Пысықтауыш өзі байланысқа түсетін сөздің алдында тұрады.
Мысалы: Азамат ауылға қарай бет алды.
ә) Оқулықпен жұмыс.
Қабанбай жеті жасқа келгенде, әкесін қалмақтар өлтіреді
деген сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдаңдар.
Үйге тапсырма: Қабанбай атынан ұрпақтарға хат жазу.
Оқытушының сөзі: Бүгінгі сабағымызды кешегі Ұлы мереке Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына орай халқымызға арнап айтқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзімен аяқтағым келеді.
«Дәуір бізді таңдады»
Қымбатты отандастар!
Бар игілігіміздің бастауы болған құтты Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды!
Бұл байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңсарын ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан-асыр той!
Ендеше, баршаңызды, сіздер арқылы барлық Қазақстан халқын, ұлыстың ұлы күнімен – Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!!!»
Міне, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды батырларымыз жайлы Президентіміздің баяндамасында көруге болады. Қазіргі ұрпақ бабаларымыздың ұлы істерін ұмытқан емес, ұмытпайды да!
Соның дәлелі ретінде сол ұрпақтарыңыздың Қабанбайға арнаған «Дарабоз» күйін қабыл алыңыздар.
Күй ойнау.
