Сегіз қырлы, бір сырлы Сәкен шығармашылығын талдау

 Гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы
Хусман Саулегул

Сабақтың тақырыбы: Сегіз қырлы, бір сырлы Сәкен шығармашылығын талдау
Сабақтың мақсаты:
а) Сәкен шығармашылығын талдау арқылы оқушылардың шығармашылығын тиянақтау. ә) Өз ойларын қорытып, тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді дәйек сөздермен
дәлелдеуге жаттықтыру, ой жүйелігін, сөйлеу шеберлігін дамыту. б) өміртануға, үлкен арманға эстетикалық идеяға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Дәстүрлі емес.
Сабақтың типі:
  Білімді бекіту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
топтық, жұптық, жеке, сын тұрғысынан ойлау
стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, суреттер, интерактивті тақта

құрылғылары, таратпа материалдар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, саз, информатика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі: Біз өткен сабақта С.Сейфуллиннің өмір жолы, шығармашылығымен толық танысқанбыз. Бүгінгі сабағымыз Сәкен шығармашылығын талдап, қорытындылауға арналады. Енді осы мақсатқа жету сіздердің тараптарыңыздан тапқырлық, жүйріктік, білгірлікті қажет етеді.

Бұрын атым – тұлпар еді, бәйге жоқ.

Енді міне, поезд болды тұлпар жоқ, – дегеніндей қазір мына поезд вагондарындағы тапсырмаларды орындап, С.Сейфуллин шығармашылығын әбден терең талдап, өзіміздің білім деңгейімізді байқатамыз.

Сабақ кезеңдері:

І Аялдама – Таныстыру.

ІІ Аялдама – «Өткен күндер»

ІІІ Аялдама – «Дауылпаз ақын»

ІV Аялдама – Сәкен прозасы

V Аялдама – Сәкен драматургиясы

VІ Аялдама – Сәкен сазгер

VІІ Аялдама – Есімің ел есінде.

Олай болса іске сәт.

І Аялдама Әр топ өздерінің топтарының атын таныстырады.

ІІ Аялдама Сөздер сөйлейді стратегиясы бойынша әр топқа тапсырма беріледі.

1)    Ағадыр 1894

2)    Сәкен, студент оқытушы

3)    Вагон

4)    Өлең оқу

 

ІІІ Аялдама

1-тапсырма. Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Жеке, топпен, жұппен жұмыс істейді.

Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,

Басына шықсаңдағы оғын жетпес

Бір жұтсаң көкшетаудың жұпарынан

Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.

***************

Сары алтын Көкшетаудың ерте кеші.

Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп.

Суретті шежіресі өткен күннің,

Сілекей ағызады ертегісі.

 

2-тапсырма. ВЕНН диаграммасы

Сәкеннің көкшетау поэмасы мен Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын салыстыру.

3-тапсырма. Терминдер арқылы болжау. Өлең жолдарынан троптың түрлерін табу.

Арқада бір жер бар еді,

Жібек самал саясы;

Саяда бір көл бар еді,

Сырлы кесе аясы.

*********

Маржан құмы күміс суы.

Көл еді кең айнадай.

Көлдің басы ертелі-кеш,

Мың құбылған ән еді.

Екі ғашық ертегідей,

Көлдің көркі сән еді.

4-тапсырма. Өлең құрылысына талдау

Сыр сандықты ашып қара

Ашып қара сырласым

Сыр пернені басып қара

Басып қара жырласым

********

Досыңмын деп ант беремін

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді

Сенерлік дос санама

ІV Аялдама Сәке прозасы

  1. «Жұбату» әңгімесі
  2. «Жер қазғандар» повесі
  3. «Тар жол тайғақ кешу» романы
  4. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесі

V Аялдама Сәкен драматургиясы

1. Қызыл сұңқарлар

2. Бақыт жолында

VІ Аялдама Сәкен сазгер

Әндерін орныдау

VІІ Аялдама Есімің ел есінде. Сәкен туралы ой толғау

  1. Сәкен лирик
  2. Сәкен прозаик
  3. Сәкен драмашы
  4. Сәкен сазгер

Бағалау.

Қорытындылау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше