Гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы
Хусман Саулегул
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері Қасым Аманжолов мұраларын талдап, ақын өмір сүрген дүние мен ақынның өмірлік ұстанымдарын айқындап, оның көзқарасын ұғыну
Дамытушылығы: өз ойларын қорытып тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді дәйек сөздермен дәлелдеуге жаттықтыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Тәрбиелігі: Қасым поэзиясы арқылы отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру,талдауәңгімелесу, СТО стратегялары
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, слайд, интерактивті тақта, үнтаспа, бейне фильм, ақынның шығармалар жинағы, трех-схемалар
Пәнаралық байланыс: саз информатика, тарих, бейнелеу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
сыныптың тазалығы мен жинақылығына мән беру,студенттерді шығармашылық үш топқа бөлу
ІІ. Үй жұмысын тексеру
І-топ: Топтастыру стратегиясы бойынша
Ғ.Мұстафин кім?
ІІ- топ: «Шығанақ» романының тақырыбы
идеясын ашу
ІІІ- топ: Венн диаграммасы бойынша екі
ақынды салыстыру
Үй жұмысын бекіту: Сандар
сөйлейді стратегиясы бойынша.
Ш Жаңа сабақ. А) Қасым туралы бейне фильм көрсету
Слайд арқылы
Ә) Қасымның өмір жолы жайында
қысқаша мағлұмат беріп, ең негізгілеріне тоқталу.
1 слайд. «Ол алғыр еді»
Асқақ дауысты Қасым ақын екеуіміз бір ауылданбыз оның атасы Аманжолдың Қызылдағы қыстауы таудың бетінде еді. Қасым екеуіміз бір жылда туыппыз әкелеріміз де жас шағынан шамалас екен, шешелеріміз: «Мекебай жазда, ал Қасым қыста туып еді деп естеріне алып отыратын. Мен Қасыммен 11жасқа дейін бірге ойнап, бірге өстім. Қасым кішкене күнінен ұғымтал, естігенін ұмытпайтын еді. Ол өте зерек алғыр еді. Өнерге өте ерте құмартты, әсіресе өлең кітаптарын бір оқып шықса- ақ жатқа айтып беретін, сабақты да жақсы оқыды.
( Мекебай Жазбаев естелігінен)
2 слайд. Ақынның туған жері
3 слайд . «Өзі де өлеңі де өжет»
Қазақ топырағында Қасым өзінен бұрынғы бірде бір ақынға ұқсамайды ал Қасымға ұқсайтын тіпті Қасымның аузынан құйылып түсе қалғандай ақындар қазіргі қазақ поэзиясында көбейіп кетті.Қасымға тән қанатты қиял тапқырлық, шабыттылық басқа ақын поэзиясында бар ма?….
Қасым өзіндік анық айқын бояуы нақыш өрнегі көркем кестесі бар дара туған талант. Әбдіжәміл Нұрпейісов естелігінен
4 слайд Қасым Аманжолов портреті
астында эпиграф М Мақатаев өлеңі:
Дейсіңдер-ау,Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса несі Қасым.
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
«Бір күй бар домбырамда…»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса несі Қасым?!
Жыр бәйгеге аттанған адам болса
Сөредегі Қасымын есіне алсын…
5слайд Қасым шығармашылығы
IV Топтық жұмыс
1топ:
Арнау өлеңдеріне талдау жасау “Өзім туралы” өлеңді
а)құрылысына талдау
ә)терминдер арқылы болжау
2топ.:
Туған жер жырлары тақырыбы бойынша
а)”Алматы “өлеңін терминдер арқылы болжау
ә)”Туған жер” мәнерлеп оқу
3 топ:
“Майдан жырлары “тақырыбы бойынша
а) «Орал өлеңін» Екі түрлі түсініктеме бойынша талдау
ә) “Үстімде сұр шинелім” өлеңін суреттеу
6 слайд “Жүзі жаз көңілі көктем еді”
Қасым «жүзі жаз,көңілі көктем» ақжарқын жігіт болатын. Ол: «тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын ақ көңіл адал болсаң сырласыңмын,»- деп өзі айтпақшы әрқашанда тұйықталуды түнеруді білмейтін жайраңдай жадырай келетін еді. Қандай ренжіп отырсақта ол келгенде қабақ қатпарын еріксіз жазатынбыз. Ол қайда барсада,кімнің алдында отырсада өзін еркін ұстайтын еді. (Әбу Сәрсенбаев естелігінен)
7 слайд. “Өмірді әнге қосып “
Қасым әнді жалпы музыканы сүйетін-ді ол оның тамаша терең сырларына ой көзімен бойлай білетін, тілін ұғына,әсемдігін тани білетін. Ол ән салсын домбыра тартсын, гармонь скрипка тартсын әр уақытта беріле бар жан дүниесімен ойнайтын. Қасым әнді біреуге еліктемей өзінше өз жүрегінің тербеуімен өз нақышымен айтатын- ды.
( Төлеутай Ақшолақов естелігінен)
8 слайд. Қасым сазгер
«Дариға сол қыз»; «Туған ел»: «Өзім туралы»; «Ақ сәуле»; «Жас дәурен»; «Сенің алма бағыңа»
Үн таспадан Қасым әнін тыңдату
Сабақты бекіту: І топ: Ақынға хат
ІІ топ: эссе жазу
ІІІ топ: бес жолды өлең
Қорытынды: «Найзағайлы қара бұлт» 1955жылы 17 қаңтарда ұзақ уақыт ауырған Қасым Аманжолов қатты қысылып арыздасып қоштасуға жолдастарын шақырып жатыр деп естідік. Жайсыз хабар жазушы қауымның жанын тітіркентті. Сөйтіп қыстың аязды күнінде қазақ өлеңі аспанының
жарық жұлдызының бірі – дауылды ақын Қасым Аманжолов қайтпас сапар шекті.
Өр кеудесі жыр көгіне бүгілмей,
Ойда арманы халыққа арнаған жүгіндей.
Ұшты арқалап алғыр талант, өр ақын
Тізе бүгіп жалықтым деп жүгінбей.
Бүгін көзін ақын жұмған өмірден
Жыры қалды жалынменен өрілген.
Өлді деуге ақынды ауыз бармайды,
Оның жыры жоғары тұр өлімнен.
(Сапарғали Бегалин)
Үй жұмысы: Өздеріне ұнаған ақын өлеңдерін жаттау.
Бағалау:
