Бастауыш сынып

Зат есім

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік -Әдемілік»
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік мақсаты:

Үйде де, мектепте де әдептілік сақтау, қайырымды болу, көмектесу әр оқушының бойында болатын қасиет. Сол қасиетті қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өмір тәжірибесі, мектеп. Мектеп оның ұжымының маңызы. Адамдар арасындағы қарым-
қатынас. Әдептілік, қайырымдылық,көмек. Үлкенді сыйлау,ауру-сырқау, жасы келген не өзінен кіші адамдарға көмек. Үлкендерге ізет, әдептілік қатынас.
Сабақтың көрнекілігі : Мақал-мәтелдер, бәйге ойыны, тірек сызбалар қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымен таныстырамын. Әдептілік туралы білетінімізді ортаға саламыз. Оқушыларды екі топқа бөлемін Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
Сыныпты 2 топқа бөліп топтастырып отырғызамын.
1- топ: Әдептілік тобы.
2- топ :Мейірімділік тобы.
Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.

І-кезең.
Тақырыптың атын ребус арқылы шешу.
Әдептілік
Әдемілік

ІІ-кезең.
Бәйге ойыны.

20 30 40
20 30 50
20 40 30
Әр санның астында сұрақтар бар.
1.Сіз деген-әдеп,біз деген -?
2.Ситуация.
3.Қонақты қалай қарсы аласың?
4.Қандай ырымдар білесің?
5.Ала жіпті аттама дегенді қалай түсінесің?
6.Өзіңнің күн тәртібіңді айтып бер?
7.Мектеп мүлкін қалай сақтау керек.
8.Әдептілікке мақал айт.
9.Өзіңе мінездеме бер.
Қай топ көп, әрі дұрыс жауап берсе сол топтың жеңгенін көреміз.

ІІІ-кезең. «Кім көп біледі» ойынын мақал-мәтел айтқызып жарыстырамын.

ІV-кезең.Сурет бойынша шағын әңгіме жаздыру.

V-кезең.Екі топ амандасу түрлерін көрсетеді.

І-топ Қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрі.
1-көрініс:(Қазақтың ұлттық киімін киген)
Жігіт:Ассаламағалейкум, ата!
Ата:Уағәләйкумассалам, балам!
Жігіт:Дені-қарныңыз саума,аман-есенсіз бе?
Ата:Құдайға шүкір балам , тәңірінің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз.
Жігіт:Бала-шағаңыз есен сау ма?
Ата:Тегіс аман-есен, өсіп-өніп жатыр.
Жігіт:Өзіңіз күйлі қуаттымысыз?
Ата:Алланың жақсылығына тәуба, балаларымның қамқорлығында жағдайым жақсы.

ІІ-топ.Әже мен қыз бала сәлемдесуі.
-Армысыз әже?
-Бар бол балам.
-Үй-іші , бала шағаңыз аман ба?
-Тәңірге тәуба, барлығы күйлі қуатты, аман есен.
-Ылайым жақсы болсын.
-Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам!

VІ-кезең.Екі топқа мақал беремін.Орны ауысқан мақалды құрайды.Сол құраған мақалдарының мағынасын түсіндіреді.
1-топқа Әдепті бала ата-анасын мақтатар
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
2-топқа
Аға әдепті болса ,іні әдепті
Апа әдепті болса ,сіңлі әдепті.
Енді осы құраған мақалдарына байланысты Әдепті бала мен әдепсіз балаға тізім жасайды.
І-топқа Әдепті бала.
Әдепті бала
ақылды,
әдепті,
инабатты,
тәртіпті,
сыпайы,
білімді,
ұқыпты,
мейірімді.

ІІ-топ.Әдепсіз бала.
Әдепсіз бала
өтірікші,
тәртіпсіз,
бұзақы,
сумақай, т.б.
Сонымен балалар бүгінгі өткен тақырыбымызға байланысты өлең айтып тәрбие сағатымызды жабайық.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау. Жеңген топқа мадақтама, сыйлық беріледі.

№ 47 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Амирова Л. Б.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.