Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80мектеп-гимназия Тарих пәні мұғалімі Жаңабаева Гүлнұр
Сыныбы: 5
Пәні: Құқық негіздері
Сабақтың тақырыбы: Құқық дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға құқық туралы мәлімет бере отырып,өз құқықтарын жете білуге,өз беттерімен салыстыра білуге,өмірде қолдана білуге үйрету,құқықтық білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: Адамгершілік,адалдық,әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналылығын мен таным белсенділігін арттыру
3.Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел, пікірталас
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру,ой – қозғау, пікір алмасу,сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Қанатты сөздер,слайд,ҚР Конституциясы,ел рәміздері.
Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
Б.Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»
Н.Назарбаев
Әнүран басталады.
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,
Бестен он үшке дейін құлындай қина,
Он үштен ары сырласыңдай сыйла».
«Жақсы бала – сүйініш, жаман бала — күйініш»
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар.оқушылар: «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз қазақ бекер айтпаған. Әр адам заңдарды құрметтеп,ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс.Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады.Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша,қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады.16 жастан бастап толық әкімшілік,қылмыстық жауапкершілік басталады,азамат жеке куәлік алады.
Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп,соған қарай сана – сезімдерін қалыптастыру керек.Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау,екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау.Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі.Заңның мықтылығы – атында емес,адалдығы мен әділдігінде.Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауаттыөмір салтына тәрбиелеу.
Жылдар сөйлейді:
- 1787 жылы – Америкада дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция «Адам құқығы туралы билль» қабылданды.
-
1789 жылы 26 тамызда – Америкада «Адам және азаматтардың құықтары» декларациясы қабылданды.
-
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ- да “Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды”
-
1959 жылы 20 қарашада – БҰҰ- ның Бас Ассамблеясына “балалар құқығы” декларациясы қабылданды.
-
1989 жылы “Бала құқығы туралы” конвенция қабылданды.
-
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.
-
1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы екінші Конституциямызды қабылдадық
-
2002 жылы 8 тамызда “Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы” заңы қабылданды.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосқан, тарихта өшпес із қалдырған ойшылдар Т.Гоббс,Ш.Монтескье, Ж.Ж:Руссо,И.Кант, Т.Джефферсон, т.б. адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген.Олар барлық мемлекетттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс дейді.Қазақ ойшылдары да Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би бабаларымызбен бірге Абай атамыз да адам құқықтарын қорғаған.Ол 1885 жылы Шарда өткен билердің төтенше сьезіне қатысып,сот жүйесіне өзгерістер енгізген.Шоқан Уәлихановта «Сот реформасы» еңбегінде адам бостандықтарын жазған.Қазіргі кезде адам құқықтары мен бостандықтарына арналған қағидалар мен ережелердің ерекше жүйесі – «Халықаралық құқықтық құжаттардың» маңызы ерекше болып отыр.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.Құық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы – Конституция,салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілері жатады.
Құқық жүйесі
Құқықтан құқықтық мекемелер қызметі
Құқықтық идеологиядан
Құқық – мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі.Құқықтық нормалар тек заңдардан ғана тұрмайды,басқа нормативтік – құқықтық актілерде де көрсетіледі.Мемлекеттік органдарға нормативтік актілер қабылдау құқығы берілген.
Мемлекеттік органдар
Президент Парламент Үкімет
Ән: Сабырбаев Мәдидің орындауында «Жаса, Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!
Қазақ халқының құқық тық жүйесінің қалыптасуы XY ғасырдың орта шенінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Қасым хан есімімен байланысты.қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып,дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына байланысты бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады.
«Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрды:
1.малға,мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады.
2.түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған.
3.әскери қызмет атқару ережелеріне және әскери тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған.
4.елшілік қатынастарды реттейтін нормалар – елшілер тағайындау,басқа елдердің елшілерін қабылдау,шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген.
- аруақтарға арнап ас беру,түрлі той – думандар,тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Оләскери міндетті атқару ережелерін күшейтті,әскери тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны қатайтты.Қалған мәселелерді Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды.Сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды.Ол «Жеті жарғы» деп аталған,өзіндік бір кодекс пішіндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады. «Жеті жарғыда» бірсыпыра прогресті құқықтық ережелер бар.Кек алудың «қанға — қан» деген түріне тыйым салынды.Кісі өлтірген немесе соққыға жығып,денеге жарақат түсірген жағдайда төленетін құнның мөлшері анықталды.билңк басындағы сұлтандар мен билердің өктемдігіне шектеу қойылды.Сонымен қатар Тәуке хан заңдарында төре мен қара арасындағы теңсіздік құқықтық жағынан бекітілді.Балалардың тағдырын әкесі шешті,әйелге күйеуі қожа болды.Үй ішіндегі құл мен күң заң жүзінде қорғалмады.
БҰҰ – ның Бас ассамблеясы 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған,адам атаулының бәріне бірдей,дүниежүзінің прогресшіл күштері түгел таныған,адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
Декларация мәтіні адам құқықтарына сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады.
1 топқа – адамдардың табиғи және тумысынан жазылған құқықтары жатады.Әр адамның туғанннан пешенесіне жазылған,қасиетті және қастерлі құқықтарына ешкімнің қл сұғуға қақысы жоқ.Адамды азапқа салуға,оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға,оның жеке өміріне қол сұғуға тиым салынады.Адамның абыройына,арына тиетін әрекеттерге,оның тұрғын орнына кіруге,мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
2- топқа – азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар жатады.Бұлар – адамның азаматтық алу,еркін жүру,тұрғылықты жерін таңдап алу,некеге отыру,отбасын құру,баспана иесі болу,мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
3 – топқа – экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады.Бұлар – адамның еңбек етуі,өз қалауы бойынша жұмыс таңдау,еңбегіне сай ақы алу,меншік иесі болу,білім алу, адамға лайықты тұрмыс құру құқықтары.
2002 жылы тамызда Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» конвенция қабылданды.Конвенция 9 бөлім,53 тараудан тұрды. Балалар әлемде тагы а қандай бала құқықтары туралы заңдар қабылданған екен тыңдап корейік. Бала құқығы туралы жаздырған дауыс жазбасы кетеді.
Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болыр табылады.Конституция – ( лат.constitutio – құрылу,өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін,олардың түзілу реттілігі мен қызметін,азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап,Қазақстанның халықаралық құқықтық субьет ретінде жария етілуі елдің туәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды.1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституциясы қабылданды.Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығйтуда,мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде үлкен рөль атқарды.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып,қызмет ету ұстанымдары белгіленген.Конституция 9 бөлім,98 баптан тұрады. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы — халық» деп жарияланған.Біздің ең қымбат қазынамыз – Адам және адамның құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге,жеке бас бостандығына,еркін қоныс аударуына,денсаулығын сақтауға,еңбек етуге,меншік иесі болуына,ар – ождан бостандығына,білім алуға т.б. құқығы бар.Адамды қорлауға болмайды,ары қорланады.Сонымен қатар,азамат өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де
абыроймен атқаруға тиісті.
1-тапсырма
Нұрлан 5 – сыныпта оқиды.Нұрланның білім алуға талабы жақсы.Оқыса,жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар.Бірақ ата – анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырады.Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады,кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады.Мектепте,сыныпта ата – аналарға байланысты өтетін жиналыстарға мүлде келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып,ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды.Ата – анасы құрғақ уәде беріп шығарып салады.Бір жетіден соң жаңағы жағдай қайталанады.Білім алу баланың міндеті екенін біле тұра,соны орындауға ата –анасы салғырттық танытады.
Сұрақтар:
1.Нұрланның ата –анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2.Сендер Нұрланның достары болсаңдар қалай көмектесе алатын едіңдер?
3.Ата – ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
2 – тапсырма
4 – сыныпта сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып,тынығып,қыркүйекте мектепке келеді.биыл орта буын,яғни 5 – сыныпқа келген соң,өзін – өзі бір есейіп қалғандай сезінді.Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды.Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз, еңбекке толы күндері өтіп жатты.Ол енді мектептегі үйірмеге қатысып,бойындағы бір ерекше қабілетін шыңдауды мақсат санады.Сөйтіп,мектептегі «Тұмар» пікірсайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келеді.Осы ойын ата –анасына жеткізді.Ата –анасы Жалғастың ойына қарсы болды.Оны анасы ағылшын өтетін үйірмеге өзі жаздырып қойғанын,қазіргі заманғы ағылшын тілі мамандарының өте қажет екенін,заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты.Ал Жалғастың бар ойлағаны,өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңгендей судай жоқ болды да кетті.Үнемі ата – анасының айтқанын дұрыс санап,соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата – анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:
1.Жалғастың ата –анасының іс – әрекетін қалай бағалайсыз?
2.Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3.Жалғастың ата – анасының шешімімен келісуі дұрыс па?
3— тапсырма
Айгүл мен Айжан дос еді. Айгүл жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Айгүл Айжанды екіліксің деп, — келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
Осы сұрақтар бойынша өзіміз ой қорытындыласақ:
1.Осы жағдаяттар өмірде кездесе ме?
2.Мұндай жағдаяттар немен аяқталуы мүмкін?
3.Осындай жағдаяттар болдырмау үшін не істеуге болады?
Мың бұралған биші қыздарымыз Фатима мен Сымбаттың биін қабыл алыңыздар!
Енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе айтарымыз заң алдындағы жұрттың бәрінің теңдігі немесе заңды тең қорғау құқығы кез – келген әділетті демократиялық қоғамның негізгі белгісі болып табылады.Адам бай ма,әлде кедей ме,этникалық үлкен топқа жата ма,Үкіметтің саяси одақтасы ма,әлде оның қарсыласы ма,кез- келген адамның заң алдында тең қорғалуына құқығы бар.Ешкім де заңнан жоғары тұрмайды.Демократиялық құрылыста азаматтар заңға бағынады,себебі тіпті жанамалай болса да олардың өздері заңды жасаушы.Заңды халық жасайды,сондықтан ол оған бағынуға міндетті.
Ата заң туралы өлең шумақтары:
1.Ата заңың –айбарың,
Тағдырың мен таңдауың,
Еркіндігің теңдігің,
Сан ғасырғы арманың.
Ата заңың – тірегің,
Арман, үміт,тілегің,
Өрлеп, өскен бүгінгі
Өз Отаның, ұлы елің.
2.Ата заңың-бірлігің,
Бүгінгі іс-тірлігің.
Елдің ырыс,бақыты-
Бейбітшілік нұрлы күн.
Ата заңың- қуатың,
Сенім,мақсат,мұратың.
Мақтанышың — көк туың,
Көкте шалқып тұратын.
3.Тау,далаға,орманға,
Таң шуағын шашсын ақ.
Қиянаттан қорғауға,
Қашанда әзір Бас құжат,
Айдарлы қыз,ұл әлі,
Азамат та атанар.
Оқы,таны,біл оны,
Осы біздің ата Заң!