«Білім жолы Нұрлы жол» республикалық инфотур. Пресс релиз
«Білім жолы Нұрлы жол» республикалық инфотурды жоспарланған бағдарлама негізінде өткізуге көмек көрсетуіңізді сұраймын. Инфотур бойынша redaktor@45minut.kz почтасына хат жазыңыздар.
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр. Жалпы орта білім беру мекемелерінде «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдау барысында Республикалық 45minut.kz басылымы және Matritca.kz ақпараттық порталы бірлескен «Білім жолы Нұрлы жол» республикалық инфотур өткізеді.
Инфотур барысында Республика бойынша білім беру мекемелерінде кездесулер өткізіледі және білім мекемесінің жетістіктері мен ұстаздар, оқушылар шығармашылығы онлайн түрде http://www.45minut.org (Күнделікті 40 мыңнан астам қолданушы) және matritca.kz (Күнделікті 10 мыңнан астам қолданушы) порталдары арқылы Республика ұстаздарына ұсынылады.
Кездесу нәтижесінде мәтін, фото, видео материалдар әзірленеді. Инфотур барысы және нәтижесі күнделікті ақпараттық порталдарда жарияланып отырады. Кездесу соңында қатысушы сертификаты, алғыс хаттар табысталады.
Инфотур мақсаты: Педагогикалық іс- тәжірибені насихаттау, ұстаздың әдістемесін және шығармашылық байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім көзін меңгерген тұлға ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек. Педагогтың кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және практикалық дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу.
Инфотур бағдарламасы:
- Білім мекемесінде ұстаздармен кездесу. Кездесу сұрақ-жауап, әңгімелесу форматында өткізіледі. Редакция тарапынан «Онлайн мектеп» жобасы таныстырылады. Сертификаттар мен алғыс хаттар табыстау.
- Білім мекемесі туралы ақпараттар алу, басылымға жариялау үшін материалдар әзірлеу
- Өңірдегі тарихи орындар мен ескерткіштер туралы ақпарат алу
- Кездесу барысын және нәтижесін басылымда жариялау
Инфотур бағдары (маршрут):
- Ақтөбе облысы
- Қызылорда облысы
- Оңтүстік Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Алматы қаласы, Алматы облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Астана қаласы
- Батыс Қазақстан облысы
- Атырау облысы
- Маңғыстау облысы
