Құрметті Ұстаздар! www.45minut.kz сайты және «Республикалық 45minut.kz» газетінің қызметтерімен таныстыру және Ұстаздарға арналған Республикалық педагогикалық семинар оқуға қатысуға шақырамыз.
Семинар оқу тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі және Интернет мүмкіндігімен Ұстаздардың білімін жетілдіру жолдары
Ұйымдастырушы: Қызылорда қаласы, «Болашақ» университетінің қолдауымен ЖК «Нагиева Ш. Б»
Өткізілетін қаласы: Қызылорда қаласы, «Болашақ» университеті ғимараты. www.kbu.kz
Жоспарланған күні: 19 сәуір 2012 жыл.
Семинарға тіркелу формасы: www.45minut.kz сайты арқылы
Тіркелу формасы: Семинарға тіркелу формасы
Семинар құжаттары: «Семинарға қатысушы» сертификаты беріледі.
Семинарға Республика көлемінде барлық Ұстаздарға қатысуға болады. Семинарға қатысамын деуші Ұстаздар www.45minut.kz сайты арқылы тіркелу формасын толтырып жібереді.
Семинарға қатысу және баяндама ұсыну тегін. Семинарға қатысуға мүмкіндігі болмаған Ұстаздар баяндамаларын кітап-жинаққа ұсынуларына болады. Семинар баяндамалары кітап-жинақ ретінде шығарылады.
Семинарға баяндама қабылдау 29.03.2012 — 10.04. 2012 ж. күніне дейін. Осы күннен қалмай баяндамаларыңызды жіберулеріңіз сұралады. Сілтеме: Семинарға баяндама жіберу шарттары
Семинар оқуларда тәжірибе алмасу үшін Ұстаздарға еркін тақырыпта баяндама жасауға, өзінің педагогикалық тәжірибесін презентация ретінде көрсетуге мүмкіндік бар. Ол үшін баяндамасын 45minutkz@mail.ru электронды поштасына жіберу керек. Барлық баяндамалар семинарда көрсетіледі.
Сонымен қатар семинар кезінде жұмыс презентациясын көрсетіп көрме ұйымдастыруға да болады.
Семинарға қатысуға шақырту қажетті деген Ұстаздарға мектеп директоры атына шақырту жіберіледі.
Семинарға басқа облыстардан келіп қатысушы Ұстаздар нақты қатысу мүмкіндігі туралы алдын-ала хабарлауы керек.
Сәуір айына жоспарланған семинар оқулардың бағдарламасы:
- Семинар оқулардың маңызы және Ұрпақ тәрбиесі. Баяндама
- Қызылорда облысы туралы. Баяндама. Баяндамашы: Қызылорда облыстық білім беру бөлімі
- Ұстаздармен ұрпақ тәрбиесі бағытында атқарылған қоғамдық қызметтер. Баяндама. Баяндамашы: Қызылорда облыстық «Нұр Отан» ХДП өкілі
- Интернет-ресурстар мен БАҚ (Газет, Журнал, ТВ) Баяндама. Баяндамашы: Әбенов Мұрат Әбдуламитұлы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
- http://www.45minut.kz сайты қызметтерімен таныстыру. Презентация
- Сайтқа сабақ салу қызметтері. Түсіндірме сабақ
- Мектептерге арналған «Жеке сайт жобасы» туралы. Презентация
- 45minut.kz газеті және БАҚ маңызы
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
- Қорытынды сөз. Баяндама. Презентация
- Еркін пікір алмасу.








