«Қасиетті домбыра»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығына орай Алматыда «Қасиетті домбыра» атты байқау өтті. Мұнда қаланың сегіз ауданындағы мектептерде өткен аудандық байқауда жеңімпаз атанып, қалалық байқауға жолдама алған 100-ден аса жас өрен өзара өнер жарыстырды.

